400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Нашақорлық - әлеуметтік зұлымдық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу, балаларға зиян қасиеттерін түсіндіру туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нашақорлық - әлеуметтік зұлымдық.


Нашақорлық – адамның есірткі құралдарына деген еріксіз, қатігез, қатерлі тәуелділігі. Адамның есірткі заттарын күнделікті қолдану кезіндегі ғана оның өмір сүру қабілеті жалғасады. Нашақорлық – бұл қауіпті дерт, адамның, отбасының, қоғамның дерті, Есірткі қолданудың себебі неде? Есірткі қолданудың мынадай себептерін атап көрсетуге болады:

  1. есірткі заттарының әсер етуімен құмарлығын қанағаттандыру;

  2. белгілі бір топқа қабылдану мақсатымен – тәуелділік сезімін сынау;

  3. өзінің ешкімге тәуелді емес екенің көрсету кейде айнала қоршаған адамдарға деген өшпенділік көңіл-күйінің көрінуімен байқалады;

  4. белгілі бір сезімге бөлену үшін немесе психологиялық ыңғайсыздықтан арылу үшін есірткі заттарды қабылдауға деген ұмтылыс;

  5. есірткіге мастанып , шыңайы өмірдің нақты жағдайларын ұмыту:

  6. бір нәрсенің үнемі жәбірлеуінен айығу.


«Созылмалы нашақор» атты медициналық диагноз қойылған нашақор адам. Мінезінің психикалық қалыпсыздығы бар, тұрақсыз, ерік-жігері баяу, өзге біреулердің әсеріне тез бейімделетін адамдар нашақорға әуес болады. Көбінесе жасөспірім балалар мен жастар.

Жастар – бұл өзіне ғана тән өмір сүру ерекшеліктері бар «өзгеше бір әлем». Өзіне тән сипаты, ерекше тәртібі және ерекше байлықтары бар. Сондықтан да «жастар ілімінде», «әке мен бала» туралы мәселе қозғамас үшін, ол бұрынғыдай бүгінгі күні де маңызды мәселе болып қала береді. Жастары ұлғайып белгілі бір шаққа жеткенде әке-шешелерінің басынан кешірген қиыншылықтарымен өздері де кездеседі, сонда олардың ата-анаға, педагогтарға мазасыздық әкелгендері естеріне түседі.

Ең бастысы – есірткіні татып көрмеген адамдар одан қорғану керек. Жасөспірімдердің өмірде қызықты, тартымды айналысатын істері ләззат алудан басқа да жолдары бар екенін түсінуі маңызды. Бұл денсаулықты нығайту үшін дене шынықтырумен айналысу, әнге, биге құмарту. Ал ең басты міндет – нашақорға тәуелді болған ауру адамға қол ұшын беріп, осы ауыр қайғылы оқиғаға тап болған адамды емдеп жазу. Қазақстан Республикасында «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды дәрігерлік-әлеуметтік ақтау» туралы заң қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл заң нашақор адамдардың дәрігерлік - әлеуметтік оқталуымен байланысты құқылық қатынастарды реттейді. Заңда нашақормен ауыратын адамдардың құқықтары көрсетілген.

  1. Нашақормен ауыратын адамдардың мынадай құқықтары бар:

а) дәрігерлік-санитарлық көмек алуға ;

ә) нашақорлық мекемелерді таңдауға;

б) нашақорлық ауытқушылардың түрі, оны емдеу әдіс-тәсілдерін қолдану туралы, өзінің құқығы туралы ақпараттар алып тұруға;

в) тұрақты мекені бойынша, керек болған жағдайда тұрған орнында дәрігерлік-әлеуметтік ақтау өткізуге.

2. Жұмысқа жарамсыз деп саналған кәмелеттік жасқа толмаған нашақор жас өспірімдерге дәрігерлік-әлеуметтік ақтау олардың заңды уәкімнің келісімімен өткізіледі.

3. нашақор адамдар немесе заңды уәкілдері аурудың кез келген сатысында дәрігерлік-әлеуметтік ақтаудан бас тартуға құқылы.

4. Дәрігерлік-әлеуметтік ақтаудан бас тартқан нашақор адамдарға немесе олардың заңды уәкілдеріне нашақорлықтың зардаптарын ашып түсіндіру керек, іс-құжаттарда мұның барлығы жазылып нашақор адам немесе оның уәкімінің және психиатор-нарколог дәрігердің қолы қойылады.

Нашақор қабылдаудың қандай аса қауіпті қатерлері бар ? Негізгі қауіпті қатерлерін қарастырып көрейік : есірткі ықпалынан болған кездейсоқ оқиға есірткіні мөлшерден артық қабылдану өлімге әкеледі; кейбір есірткілер тыныс алуды тоқтатады; есірткіні үнемі қабылдаудан психикалық , тәндік тәуелділік пайда болады. Бұдан басқа да есірткінің салдарынан болатын қатерлердің бірі – адамның бастапқы күйін күшейте түседі. Қанағаттанбағандық депрессияға қорқынышты дүрбеленге айналады. Кейде есірткіні адам ағзасы қабылдамайды да адам мұндай жағдайда психикалық күйзеліске ұшырап, жүрегі көтеріліп, қатты құсуы мүмкін. Психикалық күйдің және денсаулықтың бұзылуы пайда болады. Есірткі қабылдайтың адамның адамгершілік қасиеттері бұзылып, тұлға азғындауға ұшырайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, ішкі мүшелердің қызыметі нашарлап, есте сақтау, ойлау қабілеті күрт өзгереді. ЖКТБ ауруын қан арқылы жұқтырады, сары ауру, әр түрлі жұқпалы аурулармен ауруы әбден мүмкін.

Ең аса қауіпті қатер – есірткі заттарын мөлшерден тыс қолдану. Нашақор мөлшерден тыс қолданғандықтан өліп кетуі мүмкін. Мөлшерден тыс қолданғанда тыныс алу орталығы құлдырап ми өзінің қызыметін күрт тоқтатады. Егер нашақор қолдануды уақытша ғана тоқтатып, қайтадан қалыпты мөлшерден қабылдаса, мөлшерден тыс қолдану тағы байқалады.

Қазіргі уақытта нашақорлық әлеуметтік өзекті мәселе болып отыр. Әрине мұндай өзекті мәселені ең қатаң қылмыстық тиым салып, жазасын күшейту арқылы шешу мүмкін емес. Нашақорлық – бұл қауіпті дерт, ол полиция қызыметкерлері бәрімізге белгілі дәрігер емес. Дәрігерлер де өз бетінше ештене жасай алмасы анық.

Нашақорлықтың кең таралуы тұлғаның әлеуметтік жағдайына, есірткі қабылдайтын адамның әлеуметтік – психологиялық мінез – құлқының ерекшелігіне байланысты. Басқаша айтқанда есірткі заттарын қабылдау тек бір ғана жағдай, не себепке байланысты болуы мүмкін емес. Осыны ескермей, бір адамның есірткіні не себептен қолдана бастағанын, ол екінші тап сондай жағдайда өмір сүретін адамның есірткі туралы мүлдем ойламайтының түсіндіре алмаймыз. Есірткі қабылдайтың нақты бір адамның оның қолдану себептерін және жағдайларын зерттеп білу үшін оның өмір сүру ортасы мен қоршаған орта жағдайын, жеке басының ерекшелігін қажеттіліктері, қызығушылықтары, қарым-қатынасы, рухани байлықтары ескере отырып, ұзаққа созылған іс-қылығының жүйесін шынайы қалыптастырып, қалпына келтіру қажет. Нашақор адамның жеке басын зерттеу, нашақорлықтың таратылуымен күрес, оның алдын алу шараларын ұйымдастырудың негізгі алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасында « Нашақорлық құралдар , психотроптық заттар, прекурсор және олардың заңсыз түрде есірткі бизнесімен айналысу туралы» заң бар. Бұл заң нашақорлықтың алдын алуға , есірткі бизнесімен күрес жүргізуге бағытталған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау, қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау мақсатында мемлекет саясатының құқық негіздерін реттеп отырып есірткі, психотроптық заттарды заңсыз айналымға жіберуге қарсы шаралар қолданады.

Қазақстан Республикасында заңның нашақорлық әрекеттерге дайындау, тасымалдау, сатып алу, сақтау, жөнелту, өтім қарсы қылмыстық іс қозғалады, сондықтан да есірткілерді қолдану – қылмысты іс заңымен кез келген нашақорды сотталушы орындығына итермелейді.

1998 жылдың қаңтар айында 1-інен бастап ҚР –ң жаңа Қылмыстық кодексі күшіне енді. Онда бұрынғыға қарағанда есірткіге байланысты баптар саны арта түскен.

Нашақорлықтың , токсиманияның алдын алу шараларын күшейту ушін әр түрлі іс шаралар жүргізіледі – орта арнаулы мектеп оқушыларының, студенттердің деспут, дебат, дөңгелек үстелдерге қатысып нашақор тақырыбына байланысты ой-пікір алысу және мектепте ата-аналармен нашақорлыққа қарсы тәрбиелік шаралар өткізу. Барлық аталған шараларға кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі инспектордың қатысуы қажет. Нашақорлықпен күрес көптеген мемлекеттердің, қоғамдық қалыптасудың өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да осы бағытта мемлекеттер өзара тығыз байланыста болып, нашақорлықтың алдын алу шараларын қарастыру керек.

Нашақорлық - өте ауыр дерт, денсаулыққа қатерлі жауы, зұлымдық пен жауыздықтан тұрады. Нашақорлықтан құтылудың ең тиімді жолы – оның дәмін ешқашан татып көрмеу. Ал тұңғиыққа барып тірелгендер – нашақорлықты жену мүмкін емес деп санамағаны жөн. Өзінің дертінен арылғысы келетін нашақор алдымен өзінің ерік күшін бар жігерін одан құтылуға бағыттау қажет. Сонда ғана нашақор есірткімен мәңгілікке қоштаса алады. Ал бұл оңай емес. Нашақорлықты емдеп жазу мүмкін. Шыдамдылық, ерік-жігер, ықылас пен уақыт қажет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі