400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс «Ойлы болсаң, озып көр» 5-9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ойлы болсаң, озып көр» атты

интелектуалдық ойын

Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,

сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру.Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру. Математика пәніне қызығушылығын арттыру. Ойлау қаблеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Ойында интерактивті тақта, үлестірме қағаздар қолданылады.


Қатысушылар: 5-8 сынып оқушылары. Олар әрбір сыныпта өткен сайыс жеңімпаздарынан құралған оқушылар.

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әділ қазылар алқасы:

1. Омаров Азиз математика пән мұғалімі

2. Атығаев Ғалия химия пән мұғалімі

3. Тажибай Наргиз физика пән мұғалімі


Өту жоспары:


  1. Миллион кімге бұйырады

  2. Логикалық есептер

  3. Мақал-мәтелдер сайысы

  4. Есепке кім жүйрік?

  5. Кім көп біледі?

  6. Қорытынды

1- сайыс. Миллион кімге бұйырады



2- сайыс: Логикалық есептер шешу.

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз- деп, логикалық есептер шығару

Интерактивті тақтадағы есептерден әр оқушы өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығарады.

  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)

  2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )

  3. 4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай

етіп сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )

  1. Сандар қатарындағы келесі санды тап?20,21, 23, 24,26, 27, … (29)

  2. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір- бірден).

Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел

құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады?(16)

  1. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.(17)

  1. Көл тоғанды қырға бар

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде?(20)


3-сайыс. Мақал-мәтелдерсайысы.

Ал, балалар, балалар

Мақал –мәтел айтайық.

Қиындыққа қайыспай

Асулардан өтейік –деп, берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.

  1. Ер 1 рет өледі,

Қорқақ 1000 рет өледі.

  1. 7 рет өлшеп,

  1. рет кес.

  1. 2 құзғын таласса,

1 қарғаға жем болар.

  1. 1 кісі қазған құдықтан,

  1. кісі су ішеді.

  1. Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,

Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.

  1. 30 тістен шыққан сөз,

30 рулы елге тарайды.

7. Білгенің бір 9, білмегенің 99.


4-сайыс. Есепке кім жүйрік? сайысы

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек-деп, берілген есептерді барлығы шығарады.

  1. Берілген есептегі жұлдызшалардың орнына цифрларды қоя отырып, көбейтуді орында:

* 2 *

2 7

3 6 * 8

* * * *

* * * * * (524 · 27 = 14 148 )

2.0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең?

(3 210 – 1023= 2 187 )

3.Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )


  1. Кім көп біледі?” сайыс.


Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен деп әроқушыға 7сұрақтанқойылады. Оған кім тез және қанша уақытта жауап беретіні ескеріледі



Әділ қазылар қорытындысын дайындағанша интерактивті тақтадағы қазақ математиктерімен таныстырылады.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі