Сыныптан тыс жұмыс "Ойна да ойлан"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Ойна да ойлан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жыл атаулары туралы білімдерін арттыру,сұлулықты көре білуге, күзгі табиғат,күздің берер берекесі мен мерекелері туралы түсініктерін қалыптастыру, еліміздің рәміздерін білуге, логикалық және дидактикалық ойындар арқылы тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту, тіл байлығын, танымын, сөздік қарым-қатынастарын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ойна да ойлан».

Мақсаты: Балалардың жыл атаулары туралы білімдерін арттыру,сұлулықты көре білуге, күзгі табиғат,күздің берер берекесі мен мерекелері туралы түсініктерін қалыптастыру, еліміздің рәміздерін білуге, логикалық және дидактикалық ойындар арқылы тәрбиелеу. Логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту, тіл байлығын, танымын, сөздік қарым-қатынастарын байыту.

1. Білімділік: Балаларды ойын арқылы оқыту, өз ойын жүзеге асыруда танымдылық қасиеттердің дамуына арқау болады, ізденуге, шешімін табуға және шешім қабылдап, талдай білуге қызығушылықтарын арттыру.

2. Дамытушылық:Балалардың өз еркімен нақты жауап беруге жаттықтыру.Сөздік қорын байытып, логикалық ойлауды дамыту, сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

3. Тәрбиелік: ақыл-ой белсенділігі, адамгершілік қасиеттер, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мәні өте зор.

Көрнекі құралдар: Еліміздің рәміздері,күз мезгілінің суреті, жемістер-көкөністер, үлестірмелі құралдар, дидактикалық ойындар, жыл басына таласқан хайуанаттар суреті, үлгі суреттер.

Қолданылатын әдістер: Ой қазғау, әңгімелеу, ойын, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақтар, сын тұрғысында ойлау, салыстыру.

Сөздік жұмыс: Жыл басы, хайуанат, тұлпар, шаңырақ, рәміз, көкөністер,муляж.

Сабақтың барысы: Психологиялық тренинг:

  • Кәне балалар, сәлемдесіп алайық.

Қуан шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн балалар.

  • «Амансыз ба, сәлеметсіздер ме».

Көңіл күйді көтеру: Балалар мен сендерге « Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін айтып беріп едім ғой естеріңде ме? Бүгін мен сендермен «Жыл он екі ай»-атты ойын ұйымдастырамын.Ендеше бәріміз дөңгеленіп отырайық. Ойынды мен жүргіземін сендер ойынға қатысушыларсыңдар. Ойынды ортада тұрған зырылдауық көмегімен, әр жыл басының әкелген тапсырмаларын орындаймыз.Мен зырылдауықты айналдырамын.

- Міне балалар зырылдауйық тышқан жылының тапсырмасымен бостайды.

Жыл басы да тышқан емес пе? Ендеше қандай тапсырма дайындаған екен.

1тапсырма: ҚР рәміздерін ата, негізгі бес белгіні айтып бер.

Балалар жауабы: Әнұран, ту, елтаңба. Негізгі бес ерекше белгілері: күн,тұлпар,шаңырақ,бүркіт және бес бұрышты жүлдыз.

2тапсырма: « Күз береке,күз мереке».Күздің үш кезеңін ата, күздің берер берекесі не және күздің қандай мерекелерін білесіңдер?

Балалар жауабы: Күздің үш кезеңі алтын күз, жомарт күз, қара күз.

Күздің берер берекесі өті мол егін жинау, жемістер мен көкөністер.

Күзде аталып өтілетін мерекесі сабан той.

3тапсырма: Жыл басына таласқан жайуанаттар ертегісіндегі кейіпкерлерді айтып берші. Жыл басы болып не болды? Жыл атауларын атап берші.

Балалар жауабы:Тышқан,сиыр, барыс, қой, жылан, тауық, маймыл, доңыз,т,б

Жыл басы болған тышқан,бойына сенген түйе жылдан құр қалды.

Жыл атауларын тапсырма бойынша атап көрсету арқылы балалар жүмыстанады.

Сергіту сәті: Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек допты тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгірке береді.

Жүгірейік, секірейік,

Қуанайық, күлейік,

Отырайық,демалайық,

Деиалып-ап, жүрейік.

Ойынымызды әр қарай жалғастырамыз, ал кәне зырылдауықты айналдырып көрейік қай жыл белгісі бізге қандай тапсырма дайындаған екен.

4тапсырма: Логикалық сұрақтар баланың жеке жүмыстану, шығармашылық таным қасйеттері қалыптасады.

1 сұрақ. Тас мақтадан қатты болса, онда мақта...

2 сұрақ. Емен ағашының тұқымынан қанша қайың өсіп шығады?

3 сұрақ. Қарға қатты қарқылдайма, әлде әтеш пе?

4 сұрақ. Қарындасы ағасынан кіші болса, ағасы...

5 сұрақ. Бір жылда төрт рет киімін асыстырады ол не?

Балалар жауабы: 1жауап. Онда мақта тастан жұмсақ.

2жауап. Емен ағашының тұқымынан қайың ағашы өспейді.

3жауап. Әтеш қарқылдамайды.

4жауап. Ағасы қарындасынан үлкен.

5жауап. Бір жылда төрт рет кимін ауыстыратын ол жер.

5тапсырма: Дидактикалық ойындар: «Ағаштардың көлеңкесі неге ұқсайды?», « Қыз бүйымынан алқаны тап?», «Қайсысы не ойлап отыр?»,

«Керегін тап»т,б ойындар.

Балалар бұл тапсырмаларды алдарындағы үлестірмелі жүмыстарды орындау арқылы жұмыстанады.

6тапсырма: Балаларды ынталандыру үшін ойнатылады.

Зырылдауық сиыр жылына түсе балалар сйыр өнімдерін айтып беру арқылы

Ынталандыру силығына йе болады. Дорба толы құртты балаларға тарату.

Қортынды: Ойын сендерге үнады ма? Несімен ұнады, Балалармен ойынды қортындылау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.12.2017
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі