Тақырыбы:
«Ойна да
ойлан».
Мақсаты:
Балалардың жыл атаулары туралы білімдерін арттыру,сұлулықты
көре білуге, күзгі табиғат,күздің берер берекесі мен мерекелері
туралы түсініктерін қалыптастыру, еліміздің рәміздерін білуге,
логикалық және дидактикалық ойындар арқылы тәрбиелеу. Логикалық
ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту, тіл байлығын, танымын, сөздік
қарым-қатынастарын байыту.
1.
Білімділік: Балаларды ойын арқылы оқыту,
өз ойын жүзеге асыруда танымдылық қасиеттердің дамуына арқау
болады, ізденуге, шешімін табуға және шешім қабылдап, талдай білуге
қызығушылықтарын арттыру.
2.
Дамытушылық:Балалардың өз еркімен нақты
жауап беруге жаттықтыру.Сөздік қорын байытып, логикалық ойлауды
дамыту, сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
3.
Тәрбиелік: ақыл-ой белсенділігі,
адамгершілік қасиеттер, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мәні
өте зор.
Көрнекі
құралдар: Еліміздің рәміздері,күз
мезгілінің суреті, жемістер-көкөністер, үлестірмелі құралдар,
дидактикалық ойындар, жыл басына таласқан хайуанаттар суреті, үлгі
суреттер.
Қолданылатын
әдістер: Ой қазғау, әңгімелеу, ойын,
түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақтар, сын тұрғысында ойлау,
салыстыру.
Сөздік
жұмыс: Жыл басы, хайуанат, тұлпар,
шаңырақ, рәміз, көкөністер,муляж.
Сабақтың
барысы: Психологиялық
тренинг:
Қуан
шаттан,алақай,
Қуанатын күн
келді,
Күліп шықты күн
бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн
балалар.
Көңіл күйді
көтеру: Балалар мен сендерге « Жыл
басына таласқан хайуанаттар» ертегісін айтып беріп едім ғой
естеріңде ме? Бүгін мен сендермен «Жыл он екі ай»-атты ойын
ұйымдастырамын.Ендеше бәріміз дөңгеленіп отырайық. Ойынды мен
жүргіземін сендер ойынға қатысушыларсыңдар. Ойынды ортада тұрған
зырылдауық көмегімен, әр жыл басының әкелген тапсырмаларын
орындаймыз.Мен зырылдауықты айналдырамын.
- Міне балалар зырылдауйық тышқан жылының
тапсырмасымен бостайды.
Жыл басы да тышқан емес пе?
Ендеше қандай тапсырма дайындаған екен.
1тапсырма:
ҚР
рәміздерін ата, негізгі бес белгіні айтып бер.
Балалар жауабы: Әнұран, ту,
елтаңба. Негізгі бес ерекше белгілері: күн,тұлпар,шаңырақ,бүркіт
және бес бұрышты жүлдыз.
2тапсырма:
« Күз береке,күз мереке».Күздің
үш кезеңін ата, күздің берер берекесі не және күздің қандай
мерекелерін білесіңдер?
Балалар жауабы: Күздің үш
кезеңі алтын күз, жомарт күз, қара күз.
Күздің берер берекесі өті мол егін жинау,
жемістер мен көкөністер.
Күзде аталып өтілетін мерекесі сабан
той.
3тапсырма: Жыл басына таласқан
жайуанаттар ертегісіндегі кейіпкерлерді айтып берші. Жыл басы болып
не болды? Жыл атауларын атап берші.
Балалар жауабы:Тышқан,сиыр,
барыс, қой, жылан, тауық, маймыл, доңыз,т,б
Жыл басы болған тышқан,бойына сенген түйе жылдан
құр қалды.
Жыл атауларын тапсырма бойынша атап көрсету
арқылы балалар жүмыстанады.
Сергіту
сәті: Сол аяқ пен оң
аяқ,
Кезек допты тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгірке береді.
Жүгірейік, секірейік,
Қуанайық, күлейік,
Отырайық,демалайық,
Деиалып-ап, жүрейік.
Ойынымызды әр қарай жалғастырамыз, ал кәне
зырылдауықты айналдырып көрейік қай жыл белгісі бізге қандай
тапсырма дайындаған екен.
4тапсырма: Логикалық сұрақтар баланың
жеке жүмыстану, шығармашылық таным қасйеттері
қалыптасады.
1 сұрақ. Тас мақтадан қатты
болса, онда мақта...
2 сұрақ. Емен ағашының
тұқымынан қанша қайың өсіп шығады?
3 сұрақ. Қарға қатты
қарқылдайма, әлде әтеш пе?
4 сұрақ. Қарындасы ағасынан
кіші болса, ағасы...
5 сұрақ. Бір жылда төрт рет
киімін асыстырады ол не?
Балалар жауабы: 1жауап. Онда
мақта тастан жұмсақ.
2жауап. Емен ағашының
тұқымынан қайың ағашы өспейді.
3жауап. Әтеш
қарқылдамайды.
4жауап. Ағасы қарындасынан
үлкен.
5жауап. Бір жылда төрт рет
кимін ауыстыратын ол жер.
5тапсырма: Дидактикалық ойындар:
«Ағаштардың көлеңкесі неге ұқсайды?», « Қыз бүйымынан алқаны тап?»,
«Қайсысы не ойлап отыр?»,
«Керегін тап»т,б ойындар.
Балалар бұл тапсырмаларды алдарындағы үлестірмелі
жүмыстарды орындау арқылы жұмыстанады.
6тапсырма: Балаларды ынталандыру үшін
ойнатылады.
Зырылдауық сиыр жылына түсе балалар сйыр
өнімдерін айтып беру арқылы
Ынталандыру силығына йе
болады. Дорба толы құртты балаларға тарату.
Қортынды:
Ойын
сендерге үнады ма? Несімен ұнады, Балалармен ойынды
қортындылау.