Сыныптан тыс жұмыс "Өмір қымбатсың маған"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Өмір қымбатсың маған"

Материал туралы қысқаша түсінік
өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. - адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту . - балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Өмір қымбатсың маған!»

Сыныбы 11 «А», «Б», «В»

Мерзімі 29.10. 2017ж

Мақсаты :

өмір  адам  баласына  бір ақ  рет  берілетін  қымбат  сый  екеніне ықпал  ету.

- адам  бойында  болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін  дамыту . Жақсы  қасиеттерді  үйрету, жаман  қасиеттерден  жиренту .

- балалардың  ойын  ашу , өмірге  деген  көзқарастарын  қалыптастыру .

Көрнекілігі: суреттер, «Өмірге құштарлық»мультфильмі

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: шығармашылық жұмыс,сұрақ- жауап, сахналау, жағдаяттарды талдау, шығармашылық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу.

Барысы:

1. «Нұрға бөлену» тыныштық сәті

2. Әр топ өмірдің мәніне түсінік береді.

3. Тамаша өмір сүрудің 10 кілтін пайдаланып, сұрақтарға жауап беру.

4. Мультфильм көрсету арқылы өзіне деген сенімділікті жоғалтпауға үйрету.

5. сахналық көрініс, ой б

5. Жағдаятты топпен шешу (әр топта бір мұғалім басшы).

5. «Алтын балыққа тілек жазу»

6. «Тілек шоғы» (мұғалімге, пәнге, оқушыларға)

4. Ән көңілдің ажары.

І. Ұйымдастыру кезеңі: «НҰРҒА БӨЛЕНУ»

ІІ. Допты лақтыру арқылы «Өмір шексіз керуен» сөзіне ассоцияция құрдыру.

ІІІ. Топқа бөлу (табиғат құбылыстары арқылы)

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

  1. Тамаша өмір сүрудің 10 құпиясын пайдаланып, сұрақтарға жауап беру.

  1. уақыт

  2. махаббат

  3. мейірімділік

  4. сенімділік

  5. еңбектену

  6. адал достық

  7. денсаулық

  8. кешіре білу

  9. армандау, мақсат қою

  10. бәріне шүкіршілік ету

Сұрақтар:

- Өмір  дегеніміз не, оны қалай  түсінесің ?

-         Өмір  сүру  жақсы ма, әлде  жаман ба ?

-         Сен  бақыттысың ба ?

-         Сені  не  қобалжытады , сондай  кездерің  болады  ма?

-         Өз - өзіне  қол  жұмсау  ерлік пе ,әлде  әлсіздік  пе ?

-         Егер  саған  біреу  қатты дауыс  көтеріп  ұрысса , сен  не  істейсің ?

-         Сенің  мінезіңнің  жаман , жақсы  жақтары  қандай ? 

-         Келешекте  сен  өз  өміріңді  қалай  құрар  едің ?

2.Сергіту. «Өмірге құштарлық» мультфильм көрсету (талқылау)

3. 1,2 топтар:Өмірде кездесетін қыйындықтарға мысал келтіріп, қалай жеңуге болатынына сахналық көрініс ұйымдастыру.

- Көрген мультфилімнен өздеріңе қандай ой түйдіңдер? (ой бөлісу)

3. Шығармашылық жұмыс «Өмір қандай тамаша» тақырыбына сурет салу. Қорғау. (көрермендерге «Жақсылықты өзіңнен баста!» бейнеролигін көрсету)

4. Жағдаятты шешу:

Жағдаяттар: 
1. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 
2. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады. 

3. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 
Жауабы:  1 Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» 
2. Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.

Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 
ҮІ. Жаңа материалды бекіту:

«Жақсы көңіл күй» бейнеролигін көрсету.

«Алтын балыққа 3 тілек » парақшаға тілектерін жазу

«Тілек шоғы» (мұғалімге, оқушыларға тілек жазып, сабаққа деген ой пікірін білдіру)



Қорытынды: Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын


Адам боп өтейік,

Адам боп туған соң.

Мақсатқа жетейік, мақсатты қуған соң.

ҮІІ. Жүректен жүрекке «Мейірімді болайықшы адамдар»

ҮІІІ. Үйге тапсырма «Өмір шексіз керуен» тақырыбына эссе жазу.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі