400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Озық ойлы оқушылар" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыс мұғалімдерге арналған. сыныптан тыс жұмысты 5-сыныптар арасынан сайыс ретінде өткізіледі, Сұрақтары қазақ тілі, орыс тілі, тарих және логика бойынша 20, 30, 40, 50, 60 ұяшықтар сұрақтармен беріледі. Презентациясы бар, өте жақсы жасалған. Оқушыларды шапшандық пен жан жақты болуға септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Озық ойлы оқушылар (интелектуалдық ойын)

Мақсаты:

1. Ойлау қабілеттерін арттыра түсіп, топта бірлікте жұмыс жасауға баулу.

2. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

3. Патриоттық сезімдерін оятып, құрметке тәрбиелеу.

4. Оқушылардың білімін арттырып, жан-жақты болуға дағдыландыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі :

-Құрметті әріптестер,оқушылар ! Бүгінгі «Озық ойлы оқушылар» атты  нителлектуалды  сайыс өткізбекшіміз..

Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3. 


Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін ,

Өнеріне ду қол соғып ,қостайық.

 

- Балалар,ойынға келгендеріңізге өте қуаныштымыз,енді әр топтың ойыншылары өздерін жеке таныстырып өтеді.

Барысы: Сайысқа екі сынып оқушылары қатысады. Қазақ тілі, орыс тілі, тарих және логикалық сұрақтардан тұратын ұяшықтарды таңдап, сұраққа дұрыс жауап беріп ұпай жинау керек. Әр ұяшық 10, 20, 30, 40, 50, 60 ұпайдан тұрады. Сұрақтар да ұпай санына байланысты қиындай түседі.

Ұяшық сұрақтары:

Тарих бойынша: 10 – Тарих сөзін алғаш қолданған кімдер (Арабтар)

20- Жазба тарихтың негізін салушы кім? (Герадот)

30- «Барбаросса» деген не? (Гитлердің соңыс жоспары)

40- Тарихта ең аз зерттелген кезең қандай? (Мезолит)

50- Отырарлық сатқын кім? (Қараша)

60- Шыңғыс ханның үлкен ұлы кім? (Жошы)

Қазақ тілі: 10- Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз. ("Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов)

20- «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. (Әдемі)

30- Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
(Ұшып кетеді)

40- Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз.(Серт)

50- Реттік сан есімді табыңыз.(он бірінші)

60- Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз. Ол жақсы
оқыса, университетке түседі.
(Шартты)

Логика әлемінде: 10- Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

20- Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

30- Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар .Жанұяның қанша баласы бар?

40- Қызыл түсті орамалды салқын суға салсақ не болады?

50- Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

60- Мараттың бойы Айдостан ұзын, бірақ Жанардан қысқа. Кімнің бойы ұзын?

Орыс тілі: 10- Имя существительное-это....(часть речи)

20- Имена  прилагательные отвечают  на  вопросы...( какой?  Какая? Какое? Какие?)

30- На  какие  вопросы  отвечают  глаголы  прошедшего  времени? (что делал?)

40- Укажи  предложение с глаголом 2-го лица ед. числа: (Ветер, ветер, ты  могуч, ты гоняешь стаи туч)

50- Укажите составное числительное (Тридцать три)

60- Укажите второстепенный член предложения (Сказуемое)

Мұғалім сөзі: Ұяшықтың барлығы ашылып болды, қатысушылар ұпай жинадық. Ендігі кезек әділ қазылар алқасына беріледі. Әділқазылар шешім шығарғанша көрермендермен ойын ойнай тұрайық. Ойын шарты: әр оқушы әріптер таңдап алады да, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді. (Ә,Б,Е,К).

  1. Сен бүгін нешеде тұрдың?

  2. Досыңның аты кім?

  3. Таңғы аста не жедің?

  4. Сен қандай үйірмеге барасың?

  5. Сен қай қалада тұрасың?

  6. Анаңның аты кім?

  7. Анаңа қандай сыйлық сыйлағанды ұнатасың?

  8. Сенің мінезің қандай ?

  9. Театрға кіммен барасың?

  10. Сыныпта неше оқушы бар?

  11. Анаң қандай тамақ пісіреді?

  12. Ағаң қайда тұрады?


Жеңген топты анықтап, марапаттаймыз. Осымен «Озық ойлы оқушылар» атты интелектуалдық ойынымыз аяқталды. Барлық қатысушы оқушыларға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта осылай жан-жақты, білімді оқушылар қатарынан болындар!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2018
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі