400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Қарты бар ел-қазыналы ел " 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды үлкендерді құрметтей білуге,адамгершілік,кішіпейілділік,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруға үйретеді. Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беріледі, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыруға бағыт беруге, үнемі жадында ұстауға тәрбиелейді..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қарты бар ел – қазыналы ел

Мақсаты:Оқушыларды үлкендерді құрметтей білуге,адамгершілік,кішіпейілділік,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Қайырымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында түсінік беру, қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырғандығы жөнінде мәліметтер беру, халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыруға бағыт беру, үнемі жадында ұстауға тәрбиелеу.Оқушыларды үлкендерді құрметтей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Түрі : пікірлесу

Көрнекіліктері:Қайырымдылық жайында жазылған ұлағатты сөздер: «Жасаған жақсылығың сатулы болмасың,» «Адамға қылған жақсылық өміріңде тозбайды,» «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтың ауылы да алыстай береді» және т.б.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе.

Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын.

Ботаның құны – бір-ақ жұт, батаның құны – мәңгі құт.

Тасты қырна, жасты шыңда, кәріні тыңда.

Атадан бұл қалмасын, елін, жерін ойлар ұл қалсын.

Кіріспе: Ата- бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрлері, әдет ғұрыптары бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету-халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асырылып отырған екен .

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан – Қарттар күні болып белгіленді. Содан бері осы мереке жер-жерде кеңінен аталып, қарияларға барынша құрмет көрсетіліп келеді. Әрине, үлкендерге деген сый-құрметтің бір күннің аясында шектеліп қалмасы анық, соған орай адам баласының бойындағы бұл ізгі ниет – Алла Тағалам бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сыйлауда тәспісінен жаңылмаған. Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” немесе “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес болуы соның жарқын айғағы.

Бала кезімізде ақсақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – деп жаратқанға жалбарынып отырғандарына талай куә болдық. Бұған қоса олар адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл қылықтарына күле қарап, кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтінбіз. Сөйтсек қарттар сөзінің жаны бар екен. Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер шау тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына айналса, кейбіреулердің бала-шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір атанатыны шындық. Қалай дегенде де Алланың берген ғұмырын әркім өз ақыл-парасатымен мәнді етпек.

Қоғамның ізгілігі – балалар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жалпы зейнеткерлер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жолдауында назардан тыс қалған емес. Қазақстандағы зейнетақы саясаты да жасы жеткен жандарға жыл сайын жағымды жаңалықтар сыйлауда. Айталық, биыл зейнетақы мөлшері 25 пайызға көбейді. Бұл қадам 2010 жылы тағы қайталанса, 2011 жылы одан да асып түсіп, 30 пайызға артпақшы. Бүгінгі күні еліміздегі ең төменгі зейнетақы төлемі – 15 362 теңге болса, ал жоғарғы зейнетақы – 32 121 теңгеге жетті. Осыған сәйкес орташа зейнетақы көлемі 22 822 теңгені құрап отыр. Ал, әлемге аты әйгілі Ресейдегі орташа зейнетақы 8 мың рубль (285 доллар шамасында) екен. Салыстырмалы түрде алсақ, керегесі кеше керілген жас мемлекет тәуелсіз Қазақ елі үшін бұл аз жетістік емес.

БҰҰ сарапшыларының қорытындысына сүйенсек, 2050 жылы алпыс жастан асқан әлем халқының саны миллиардқа жететін көрінеді. Осы өлшеммен бағамдасақ, алдағы уақытта қарттар саны бүгінгі күнмен теңгергенде екі есеге артады. “Қарты бардың – қазынасы бар” демекші, жас ұрпаққа жөн көрсетіп, жол сілтер, аталы сөзі сүйек балқытып, мерей шалқытар абыздарымыз дәйім азаймағай.Қазіргі кезде зейнеткерлер саны Жапонияда – 21, Италияда – 20 пайыз екен. Бұл – халық санына шаққанда ең жоғарғы көрсеткіш. Қазақстанның осы тұрғыдағы ахуалы 11 пайыз, яғни, біздің елімізде 1,7 миллион шамасында зейнеткер бар. Айта кетерлігі, біздегі зейнеткерлікке шығу жасы достастық мемлекеттермен салыстырғанда аса жоғары да, тым төмен де емес, көңілге қонымды. Енді жиырма бес жылдан кейін дүниежүзінде халқы жасының қарттығы бойынша көшбасына Германия шығуы мүмкін екендігі жайлы болжамдар бар. Әрі бұл көрсеткіш ел халқының өмірінің ұзақтығымен емес, табиғи өсімінің ең төменгі мөлшеріне байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда халқының көп жасауы жөнінде Жапония алдына жан салмай тұр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Қарттар күнін атап өту туралы шешім қабылданғанда бес топқа бөлінген негізгі он сегіз қағидатқа баса назар аударылған. Онда қарттарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету, олардың өз өмірлерінде жинаған мол тәжірибелерін ұрпағымен бөлісіп, қоғамға белсене араласуы, қариялардың қандай да бір кемсітушіліктерге ұшырамауы және тағы басқа маңызды мәселелер атап көрсетілген. Бұл тұрғыда сараласақ, қазақ елі қарттарының мүддесі аталған қағидаттар үддесінде қорғалған. Аузы дуалы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған бала тәрбиесіне ерекше ден қойған бабаларымыздың “атаңнан бота қалмасын, бата қалсын”, “түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” деген қанатты сөздері дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар тарих беттерінен белгілі. Сондықтан, қоғамымызда түрлі діл, дін, тіл өкілдерінің өмір сүруіне қарамастан, түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі ерен. Ақиық ақын СағиЖиенбаев қазақтың қазыналы қарттарының жиынтықбейнесін:

Дүниеге келер бір рет,

Дария кеуде, тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым, аман саумысың, – деп төрт шумақ өлеңге сыйғызған екен. Дария кеуде, тау мүсіндерге ақыннан артық теңдессіз теңеу мен тамаша тілек таппаспыз, сірә.

Мұғалім: «Ақыл-тозбайтын тон, Білім-таусылмайтын кен»-деген ата-бабаларымыздың нақыл сөзінің біздер үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Осы қайырымдылыққа жетелейтін көптеген нақыл сөздер қалды емес пе, аталарымыздан. Естеріңде бар ма? (Ойталқы) Қане кім айта алады? (Әр түрлі пікір айтады).

Оқушы: Жақсы кісі ақылымен тәуір болады,

Мінезі қорғасындай ауыр болады.

2. Азаматпен дос бол,

Қадіріңді біледі.

Білімдімен дос бол,

Сасқанда ақыл береді.

Оқушы: Тәкаппарға көз артық-

Көріп тұрып, көрмейді.

Жарымеске сөз артық-

Жөн сөйлеуді білмейді.

Оқушы:

Не істесе де, оңдырмас-

Артық қолы олақтың.

Тілазарға тыңдамас-

Қажеті жоқ құлақтың.

Ғұмырында, әр уақытта,

Түк істемесе құмартып,

Жалқауларға

Құлақ та,

Көз де,

Қол да-

Бәрі артық.

( оқушылар әрбір нақылдың мәнін аша талдайды.)

Мұғалім: Балалар, тәкаппарлықтан, жалқаулықтан, тілазар болудан бойымызды аулақ ұстайық. Білімді, саналы болайық. Білімді, саналы достардан әрқашан жақсылық күтуге болады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақ атамыз: «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деп, қайырымдылық қасиеті жоқ адамның қадірі де болмайтынын кесіп айтқан. «Бір-біріңді сыйласаң, жан семіреді»,-деп қайырымдылық қасиетті ұрпақтарына өнеге етіп, қадір тұтып, қастерлеп келгенін еш уақытта естен шығармауымыз керек.

Қорытынды:

“Біз әркімнің ар-ожданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз”, - деп Елбасы айтқандай болашақ сендердікі. Ендеше қайырымды болайық.



Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі