Сыныптан тыс жұмыс: "Қазақ халқының салт-дәстүрлері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Қазақ халқының салт-дәстүрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіндіру. Қуанышты жеткізуші адам "Сүйінші-Сүйінші!" деп келеді. Мұндайда құанған адам ұй иесі "Қалағаныңды ал!"-дейді. Бұл шын қуаныш, ризашылықты білдіреді. Шашу-қуашыш хабар ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде осындай қуашынты кезде әжелеріміз тәттілер шашқан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан Облысы

Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

География пәнінің мұғалімі: Аубакирова Раушан Толеугазиновна

Сыныптан тыс география пәнінен сайыс

тақырыбы «Брейн-ринг – «Не? Қайда? Қашан?»

Брейн-ринг тәсілі арқылы өткізілген бұл кештің алға қойған мақсаты, ең бастысы, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау. Сонымен қатар, ойлау, топпен жұмыс дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Кешті ұйымдастыру кезеңі мынадай ретпен жүргізілді:

  1. Залға оқушылар кірерде 2 түрлі открытка қиындыларын тарату.

Бір открытка қиындылары сәйкес келетін оқушылар бір топқа ұйымдастырылады.

  1. Құрылған екі топты үстел басына шақыру. Топ мүшелері өздерін таныстырады (аты-жөні, сыныбы). Бұдан соң әрбір топ ат қойып, топ капитанын сайлауға тиіс. Топтың аты географияға байланыты болуы керек.

  2. Әділқазы мүшелерін таныстыру. 1)................... 2) .............. 3).................

  3. Топтардың атын атап, қошемет көрсетіп, қол шапалақталады. Капитандарын таныстыру.

Жүргізуші:

Сонымен, құрметті топ мүшелері «Не? Қайда? Қашан?» географиялық брейн-рингімізді бастаймыз! Бүгінгі ойынымызда күрделі де қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасасыздар.

Ендеше, брейн-ринг ережесімен таныс болыңыздар.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.

І тур – «Не? Қайда? Қашан?»

ІІ тур – «Ең, ең, ең....»

ІІІ тур – «Кім жылдам?»

IV тур – «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

V тур – «Ойлан тап!»

VI тур – Капитандар сайысы.

Ойлануға уақыт беріледі, әрине жылдамдықты талап ететін «Ең, ең, ең...», «Кім жылдам?» турларынан басқа.

Тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз бірден дайын болса, дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса, екінші топ өз жалаушасын көтеріп, жауапты түзетуіне болады. Бұл жағдайда ұпай дұрыс жауап берген топтың пайдасына шешіледі. Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай. Ережені бұзғаны үшін бір ұпай жоғалтады. Ойын ережесі түсінікті ме? Түсінікті болса, жалаушаларыңызды көтеріңіздер.

Олай болса, құрметті ұстаздар мен көрерменндер, екі топқа да сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік!

Сонымен, І тур – «Не? Қайда? Қашан?»

  1. Жер шарындағы барлық төрт мұхит жуып жатқан материк (Еуразия).

  2. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

  3. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519-1522).

  4. Азия мен Еуропаны бөліп тұрған таулар (Орал)

  5. Қай таудың аты, оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

  6. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер? (үндістер)

  7. Ан тауының эндемикті жануары не? (лама)

  8. Солтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі? (Лавразия)

  9. Африканы алғаш ашқан кім? (Васко да Гама)

  10. Ұлы көлдер қайда орналасқан? (Солтүстік Америкада)

  11. Еуразия мен Солтүстік Американы бөліп тұрған бұғаз (Беринг)

  12. Қай материк екі дүние бөлігінен тұрады? (Еуразия)

ІІ тур. «Ең, ең, ең...» І топ

  1. Ең биік шың (Джомолунгма)

  2. Ең үлкен түбек (Арабия)

  3. Ең кіші материк (Аустралия)

  4. Ең халқы көп материк (Еуразия)

  5. Ең терең шұңғыма (Мариана)

  6. Ең үлкен көл (Каспий)

  7. Ең ұзын өзен (Ніл)

  8. Ең биік сарқырама (Анхель)

  9. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)

  10. Ең кішкентай мұхит (Солтүстік Мұзды мұхит)

ІІ топ

  1. Ең үлкен ойпат (Амазонка)

  2. Ең терең көл (Байкал)

  3. Ең ірі дүние бөлігі (Азия)

  4. Ең үлкен арал (Гренландия)

  5. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)

  6. Ең ұзын тау (Анд)

  7. Ең үлкен шөл (Сахара)

  8. Ең биік ағаш (секвойя)

  9. Ең кішкентай мемлекет (Ватикан)

  10. Ең суы мол өзен (Амазонка)

Музыкалық үзіліс

ІІІ тур. «Кім жылдам?» (Географиялық нысанның аты аталады, сіздер оны не екенін айтасыздар. Мысалы: Анд – тау)

  1. Сахара (шөл)

  2. АҚШ (мемлекет)

  3. Гималай (тау)

  4. Танганьика (көл)

  5. Амазонка (өзен)

  6. Альмади (мүйіс)

  7. Отты жер (арал)

  8. Игуасу (сарқырама)

  9. Мыс (металл)

  10. Гвинея (шығанақ)

  11. Скандинавия (түбек)

  12. Мадагаскар (арал)

  13. Гольфстрим (ағыс)

  14. Антарктида (материк)

  15. Гибралтар (бұғаз)

  16. Лондон (қала)

  17. Аконкагуа (шың)

IV тур. «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (берілетін уақыт 1 минут)

Сіздердің алдыларыңыздағы конверттің ішіндегі қиындыларды құрап болсаң, кескінге қарап, оның қандай географиялық нысан екендігін және оның маңайындағы нысандарды атау керек.

V тур. «Ойлан тап!»

Сіздердің алдыларыңыздағы конверттің ішіндегі келесі сұрақтардың жауаптары бар.Қорапты ашпайсыз! Тек ойланып жауап беріңіздер. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап - 5 ұпай.

І топ. «..» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Еуропаға бұл өсімдік ХҮІ ғасырда белгілі болды. Еуропалықтарға бас кезінде бұл өсімдік тек қана дәрілік өсімдік ретінде танымал болды. Қазіргі кезде бұл ө сімдікті жоғары тағамдық құндылығы үшін күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Оның жемісі тамырында орналасқан. Одан өздерің сүйіп жейтін көптеген тағамдар жасалады.

Қорапта не бар?

ІІ топ. «..» тапсырмасы.

Құрметті ойыншылар! Қораптағы зат өсімдіктен жасалған. Бұл өсімдіктің отаны – Эфиопия. Басында бұл өсімдікті керуеншілер мен бедуиндер сергіту үшін пайдаланған. Қазіргі кезде бұл өсімдік дүние жүзінің халқы сүйіп ішетін сусынға айналды.

Қорапта не бар?

VI тур. «Капитандар сайысы» (ортаға шақыру)

І топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Солтүстік Америкаға қатысты жағын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Солтүстік Америкада орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.

Мак-Кинли шыңы, Арабия түбегі, Кордильера тауы, Гренландия аралы, Өлі теңіз, Танганьика көлі, Үлкен алап, Сахара шөлі, Өлім аңғары, Ниагара сарқырамасы, Мессопотамия ойпаты, Аппалач тауы, Калифорния шығанағы, Жерорта теңізі, Баффи жері аралы, Гвинея шығанағы, Сомали түбегі, Гурон көлі, Үлкен Арарат, Мичиган көлі.

ІІ топ. Құрметті «...» тобының капитаны! Төменде келтірілген географиялық нысандардың ішінен Еуразияға қатысты жағын таңдап алыңыз. Егер бұл нысан Еуразияда орналаспаса, жалауыңызды көтеріңіз. Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.

Гималай тауы, Калифорния шығанағы, Гоби шөлі, Үндістан түбегі, Анд тауы, Ұлыбритания аралы, Мак-Кинли шыңы, Кавказ тауы, Пириней түбегі, Лабрадор түбегі, Аляска шығанағы, Жапон аралдары, Рио-де-Жанейро қаласы, Қазақстан мемлекеті, Өлі теңіз, Өлім аңғары, Амазонка ойпаты, Ертіс өзені, Виктория көлі, Астана қаласы.

Осымен брейн-ринг аяқталды. Әділқазы мүшелері қорытындысын шығарғанша, сіздердің назарларыңызға 7 сыныптың қыздар тобының орындауында жаңа заман үлгісіндегі биді ұсынамыз. Тамашалаңыздар!

VII тур. Жанкүйерлер сайысы.

  1. География ежелгі заманда пайда болған ғылым. Ең алғаш «география» терминін енгізген кім? (Эротосфен)

  2. Географияның екінші тілі бар, ол не? (карта)

  3. Не нәрсесіз географияны оқу қиын? (картасыз)

  4. Не нәрсесіз географияны оқу мүмкін емес? (картасыз)

  5. Ендеше, Жер туралы білімдердің жиынтығы – географияны оқиық, болашақ өмірлеріңе жиі қажет болатын қартаны оқыпе үйренейік!

Әділқазылар ойын қорытындысын шығарған соң, жеңімпаздарды құттықтау.

Осымен географиялық брейн-ринг аяқталды. Ойынға қатысқандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
895
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі