15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс "Қазақ тілі аруы" 8 сынып
Шымкент қаласы Х.Әлімжан
№85-жалпы орта мектептің
қазақ тілі пәні мұғалімі
Бекжанова Мадина
«Қазақ тілі Аруы»
Мақсаты:
Оқушының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында
білімге,тілге деген қызығушылығын арттыру.Мәнерлеп оқу,сөйлеу,сұрақ-жауап,ән, би арқылы ой-өрісін дамыту.Мемлекеттік тіл қазақ тілін құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, шар, гүлдер т.б
Өткізілу түрі:сайыс.
Қатысушылар:7-8сынып қыздары
Барысы:
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Бүгінгі осы сайысқа жиналған аса қадірменді ұстаздар,оқушылыр және қонақтар.Бүгінгі «Қазақ тілі аруы» сайысына қош келдіңіздер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы тілдер мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Қыз сыны,қыз өнері,қыз әдебі.
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада.
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші .
Енді ортаға бүгінгі «Қазақ тілі аруы» сайысына қатысатын ару қыздарымызды шақырамыз.
Әсем де, әдемі қызымыз 7-Б сынып оқушысы ................
Көркем де, келбетті мемлекеттік тілді құрметтейтін, білім жүйрігі 8-Б...............
Қазақ тілін өз тіліндей жақсы көретін,анасыныңт көмекшісі 7-А..............
Нәзік үнді ақ жарқын жүзді 8-В............
Сұңғақ бойлы,ұшқыр ойлы 8-А.............
Мемлекеттік тілді білуге құштар,ізденімпаз аруымыз7-В.................
Ендігі кезекте әр бір қатысушы аруымыз өзінің реттік нөмірін таңдайды.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.
1-шарт. Ұлттық киім.
2-шарт .Эмблема мазмұнын түсіндіріп айтып береді.
3-шарт. «Сәлем сөздің атасы» қатысушы әрбір ару өзін таныстырады.
4-шарт."Білімді мыңды жығар".
5-шарт."Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпын".
6-шарт.Салт-дәстүр.
7-шарт.Мәнерлеп оқу.
8-шарт.Кім тапқыр?Кім жылдам?
9-шарт."Ою ойғанның ойы ұшқыр"
Өнер,білім,өнеге тұнған дарын.
Өнерліге өз басым таң қаламын,
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазыалқаларын.
1.Мектебіміздің директоры Сихамбекова.Ж
2. Мектебіміздің оқу-ісі бөлімінің меңгерушісі
3. Мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Салметова.Ф
4. Мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі ӘБ жетекшісі Бурабек.Б
5.Мектебіміздің технология пәні мұғалімі Расулметова.Ш
1 Ұлттық киімді бағалау
Қыздарымызды сахна сыртына қошеметпен шығарып салайық.
Гүл көңілін қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындып тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді!
2 Дей келе ару қыздарымыз кезекпен өздерін таныстырады.
3-кезең. Эмблеманы таныстыру.
4-кезең.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Сыналар білімі мен парсаты-дей отырып,келесі кезекті, «Білімді мыңды жығар»сайысына береміз. «Білімді мыңды жығар» сайысы барысында ару қыздарымыздың білімін,біліктілігін,салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын көріп бағалаймыз.
Ал,халайық аруларға таң қалайық,
Қыз қылықты дегенге тамсанайық.
Атына заты сай аруларға,
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.
№1.аруымыз .............
№2.аруымыз ............
№3.аруымыз.............
№4.аруымыз..............
№5.аруымыз................
№6.аруымыз................
№7.аруымыз................
Конверттегі сұрақтарға жауап беру.
5-шарт бойынша
«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпын»дей отырып өз қолдарына жасаған бұйымдарын әділқазыалқаларына тапсырады.
«Қошеметтеп қарсы алайық»
6-шарт.
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер білімге икемді болсын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық
Жамандық тәлім алмайық
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық,жалғайық,
Ары адал,жаны жаз,
Ата жолын таңдайық-деп
Салт-дәстүрі бойынша дайындыған қыздарымыздың көріністерін тамашалаңыздар!
7-шарт.Мәнерлеп оқу.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Өлең,жыр оқып,біреулер ән салыпты
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты-
дей отырып өздеріне ұнаған ақын-жазушылардың жырларынан үзінді оқиды.
Ару қыздарымызды тыңдап тамашалаңыздар.
8-шарт
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық-дей келе жұмбақ жауабын айтады,мақал мәтел табады.
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.
3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.
6 Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
7.Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
9. Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп).
Кім жылдам?ойыны бойынша қазақ тіліне тән әріптерге қатысты бірнеше сөздер жазу(1минут)ішінде
Ендеше сәттілік тілейміз!
Енді кезекті қыздардың білімін, біліктілігін ұқыптылығын көріп, өз бағасын қойып отырған біздің әділқазы алқаларымызға сөз береміз.
Қорытынды:
Өнеріміз сайыста
Жетелейді алысқа
Бүгінгі күннің жеңісі
Достық болып қалуда.
"Қыз емес,қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөйлемес,
Халықтың сақтай білген ізгі салтын. Дей келе, қыз баланы инабатты, асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет. Қыздарымыздың апаларымыздың өнегелі істерін бойларына дарыта өссе екен дейміз.
Осымен "Қазақ тілі аруы" сайысы өз мәресіне жетті.Аруларымызға рахмет!Мерекелеріңіз құтты болсын!
Марапаттау.Бас жүлде-Қазақ тілі аруы
I орын
II орын
III орын

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген