400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Қош бол балабақша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүлдіршіндердің балабақшамен қоштасуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол бөбекжай.

1-жүргізуші: Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат

2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

«Айгөлек» бөбекжайының түлектерін

(Балаларды шетінен тныстыру).

  1. Бар өнерін салатын

Байқауда жеңімпаз болатын

Таңатқызы Альбина

Сызылтып әнде салатын.

  1. Инабатты, ибалы

Толықтырып ой сананы

Темірбай Инабат

Даярлыққа барады



  1. Тақпақтыда жаттайды

Би билеп, әнде айтады.

Ата – ананың үмітін

Ақ сеніммен ақтайды

Ортада Қасымқызы Асылайым.



  1. Кіп кішкентай болсада

Рамазанның үлкен талабы

Билесе ол айналып,

Қарайды жұрт тамсанып.



  1. Биязы ғана күлетін

Асықпай ғана жүретін

Келеді міне ортаға .

Әбдіғани Диана.



  1. Сегіз қырлы бір сырлы

Білімді де зеректі

Шақырамыз ортаға

Айдарұлы Естайды.



  1. Мөлдіреп оның жанары

Ойлы да, ол саналы

Еркеғали Кәусарды

Шақырамыз ортаға



  1. Ерінбей сурет салады

Жасайды қағаз кемені

Таудан да биік талабы

Шақырмыз ортаға

Нұрқасымқызы Құралайды.



  1. Көзге түсіп ерекше

Сүйесің сен білімді

Берікқызы Тоғжанның

Талант, қабілеті ерекше



10-Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз

Тұла бойы толған бір

Биші болар ұрпақпыз- деп

Елікқызы Айбибіні шақырамыз.



11-Таза сәби жүректен

Балдай тілі былдырлап

Тақпақ берсен жаттайды.

Келді міне ортаға Абайбекқызы Аяна



12-Үлгі алды улкеннен,

Кішіге қамқор болады,

Шақырамыз ортаға

Жайсаңбай Нұрлыны

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар! Бүгінгі « Қош бол бөбекжай» атты мерекемізді ашық деп жариялаймыз! Казақстан Республикасының әнұраны орындалсын. Балаларға деген ақ тілегін, жылы лебізін білдіру үшін «Айгөлек» бөбекжайының меңгерушісі Тәмпішева Людмила Нұраханқызына беріледі. Бүгін өте салтанатты кун!Біз өз тәрбиеленуші бітірушілерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз.Бірақ біз оларды балабақшаны,тәрбиеші апайларды және бүгінгі алғашқы кешті ұмытпайды деп үміттенеміз.

(Есік сыртынан күлген баланың дауысы естіледі). Тәрбиеші арбаға салған қорапты әкеледі,ішінен аузында соска,алжапқышы бар кіші топ баласы шығады.

2-жүргізуші: Сіздер де бөбекжайға келгенде осындай тәп-тәтті сәби едіңдер.Ал қазір есиіп мектепке барғалы тұрсыңдар.Сендер мектепке баруға дайынсыңдарма? (иә) Залға сандығын сүйреп Маша кіреді.Балалар көріп шошиды. Маша:Бұл менің тауып алған сандығым.Немене барлығын жиналып қалдыңдар.Сандығымды ешкімге бермеймін. Маша: Мен аюымсыз қалай тойлаймын.Миша,миша мында кел.(Аю келеді).

Аю: Маша.Маша. Тағыда не бүлдірдің?Қайда кіріп кеттіңдер?(балалармен амандасады). -Балалар, Маша сендерді ренжіткен жоқпа?

Балалар:Жоқ, жоқ.

Аю: Мынау не сандық? Кімнен алып кеттің?

Маша: Миша мен бұл сандықты өзім тауып алдым.Енді бұл менікі.

Аю: Жарар енді, Маша. Балабақшаның мерекесін бұзба.Жүр кетейік.

Маша: Жо-Жоқ мен мерекені тойлап, балалармен бірге мектепке барғым келеді.Сендер мектепке барғыларын келеме? Балабақша туралы тақпақтар білісіңдерме?

  1. Пірман Естай

Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

  1. Алпысбай Аяна

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше

Бақшаменен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше

  1. Елікқызы Айбибі

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып бала бақшамен

Мектепке біз барамыз.

  1. Әбдіғани Диана

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мен мектепке барамын

Балабақшам қош енді.

  1. Жүргізуші: Балабақша ,балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Балабақша әні: Орындайтын : Таңатқызы Альбина

Маша:Ой, балалар жарайсыңдар! Сендер өнерлі екенсіңдер.Ал енді мына сандықты ашып беріндерші.

Балалар: Маша,Маша бұл сандықты ашу үшін кілт керек. (Осы жерде бақаның дауысы)

Бақа:Мен білемін кілттің қайда екенін.Бірақ мен айтпаймын.

Маша: Айт кане

Бақа:Ендеше менің қоятын сұрағым бар.Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл?

Маша: Мен білмеймін

Балалар: 25жыл

Бақа: Рәміздерді ата?

Маша: Мен білмеймін

Балалар: Жауап береді

Маша: Жарайды.

Бақа: Балалар сендерге көп-көп рахмет, менің сұрақтарыма жауап бердіңдер

Маша: Бақа менің сандығымның кілтін берші?

Бақа: Кілтті екеуміз бірге іздейік

2-Жүргізуші: Қыздарымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп.Би билейік шаттана

Келесі кезекті бүлдіршіндердің «Көбелек» биіне береміз.



1-жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар

Қызықты ойын бастаңдар

Аналардың көңілін,

Бір көтеріп тастаңдар- деп келесі кезекті ойынға береміз.

Ата-аналармен ойын. Шарты: Үстелдің үстіне 1-10 ға дейінгі сандар қойылады.Ортаға 4 ата-ана шығады.Музыка ырғағымен үстелді айнала жүріп бір санды алады.Ата-ана жауабын өз балаларынан сұрайды.

2-жүргізуші: Бақшамызда шырқалмаған жыр барма?

Бақшамызда айтылмаған сыр барма?

Бақшамызда алған білім,жырларын

Үздіктерім кәне,шықсын ортаға

Ән:Қош бол балабақша әнімен бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз

Жаңа өмір басталсын

Үміт сенім ақталсын

Ұмытылмай балабақша вальсі

Көңілде мәңгі сақталсын

Би: «Гүлдер вальсі»

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осы бөбекжайда тәлім-тәрбие беріп отырған апайларына арналған тақпақтарына кезек береміз

  1. Гүлдендірген бақшаны Қасымқызы Асылайым.

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтанда біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан

Людмила Нұраханқызына

Тілейміз біз мың алғыс.



  1. Ұстаздардың ұстазы Темірбай Инабат.

Тәрбиенің ұстасы

Ырза сізге бәрі де,

Ұмытпаймыз сізді де,

Гүлжан Аманжолқызына көп рахмет!

  1. Тамылжытып ән салдырып үйреткен Рахметолла Кәусар.

Мың бұрала белімізді билеткен.

Жұлдыз Елтайқызына сізгеде алғыс айтамыз,

Мың қайтара сәби жүректен



  1. Тазалықты сақтаған, Қуаныш Құралай.

Дастарханды молайтқан

Анамыздай қараған,

Қанымгүл,Лалагүл апайларға мың алғыс



  1. Денсаулыққа болаттай, Жайсаңбай Нұрлы.

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Гүлдира Сәкенқызына мың алғыс



  1. Жайдары жүз, ақ қабақ, Ильдус Тоғжан.

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгенімізді сұрайтын,

Ақыл айтып тұратын

Шынар, Қырмызы апайларға мың алғыс.



  1. Бізді баптап қараған Таңатқызы Альбина

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызып

Басымыздан сипаған

Лида, Анаргүл апайларға мың алғыс.



  1. Кірімізді жуатын Алпысбай Аяна.

Ылғи үтіктеп қоятын

Тобымызға жие кеп

Бізді айналып тұратын

Баян апайға шын жүректен мың алғыс.

1- жүргізуші: Бөбек еді ол рас

Кіп – кішкентай кешегі

Бүгін, міне азамат

Болды бәрі деседі

Тіл дамытып сурет салып

Жаттықтырды қолдарын

Мектебіне шығарып сап

Тілейік ақ жолдарын – деп ендігі сөз кезегі Телжан Шонанұлы атындағы орта мектебінің даярлық сыныбының мұғалімі Кенжехан Алмагүл Смағұлқызына беріледі.

Ән: Оқуда озат боламын. Орындайтын Қасымқызы Асылайым. Қуаныш Құралай.

Бақа: Балалар сендер Машаны көрдіңдерме? Мен сандықтың кілтін тауып алдым. Балалар бәріміз Машаны ораға шақырайық. (Маша сандығын алып ораға қайта шығады).

Маша: Кілтпен сандықты ашады. Недеген керемет, қандай тамаша! Мынау ғажап қой. (Маша күледі).

Маша: Бақа менің сандығымның кілтін тауып бергеніңе көп – көп рахмет. Балалар сендерге сәттілік тілеймін. Мектепте жақсы оқыңдар. Озат оқушы болыңдар. Менде сендермен бірге мектепке барамын. Миша, миша, миша мен сандығымның кілтін таптым. Балалармен бірге мектепке барамын.

2-Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын әнімізді бастайық

Әдеп пен өнегені үйреткен

Бақшамызды есімізге сақтайық.

Ән: Қоштасу әні.

Балалар бірге:

Қуанышымыз біздің мол

Мектепке біз тарттық жол

Ұмытпаймыз өзіңді

Балабақша қош сау бол!

1-Жүргізуші: Ендігі сөз кезегі ата – аналарға беріледі.

«Күншуақ» тобының тәрбиешісі Айтілесова Рахима Оразалықызына беріледі.

Көмекші тәрбиеші Шәуенова Лида апайға беріледі.

2-Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұңды

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өзеріңмен қоштасатын күн туды

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын жағыңдар

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік – дей отырып, бүгінгі «Қош бол бөбекжай» атты мерекемізді жабық деп жариялаймыз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі