Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс: "Қош бол, білім ордасы!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қош бол, білім ордасы!
Өтетін күні: 25 мамыр 2016 жыл
Өтетін уақыты: сағат 10.00
Өтетін орны: мектеп алаңы
Музыка орындалады.
Сынып жетекшісі жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Қасыма алғашқы ұстазы Бақыт Кәдірқызын ортаға қошеметтеріңізбен ортаға шақырайын.
-жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
-жүргізуші:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.
-жүргізуші:
Жиырма бес жыл ерікті еліміз бүгінде,
Қыран құсы қалықтаған көгінде.
Ұшқалы тұр ұясынан қарлығаш
Арман, мұрат әр жүректің түбінде.
-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған қарлығаштары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
-жүргізуші:
Он бір жыл ажырамай бастары
Мектептен өтіп балғын жас шағы.
Ортаны қимай сағыныш сезімдерімен
Мектептен ұшты тағы қарлығаштары
- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!
-жүргізуші:
Жан жағына сыни көзбен қарайтын
Білімді әр кез байлығына балайтын
Қалмай бір күн сабаққа өзі келетін
Бауыржанға артар үміт көп-ақ тым.
-жүргізуші:
Шыдамы аз төзетін,
Кешігіп кейде келетін.
Ақжолым өзі бір төбе
Мектептен сынақ беретін.
Жақсы азамат болар деп,
Болашақта сенемін.
Азамат боп анаға
Беретін әркез көмегін.
-жүргізуші:
Тентектігі босым түсер басқадан
Болашақта болсын деймін жақсы маман
Жүргізуші, мәнерлеп оқу шебері деп,
Әркезде Ақжолыммен де мақтанам.
-жүргізуші:
Ортасында төрт ұлдың
Аялаған ерке қыз.
Жақсы оқушы, білімді
Бәріміздің еркеміз
Назеркемізді қошеметпен шақырамын.
-жүргізуші:
Жуас, әрі бір тоға
Ешкімге сыр ашпайтын.
Жақсы оқушының бірі- Нұрбек
Сенім жүгін ақтайтын.
( Бәрі орындарына тұрғаннан кейін:)
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
1-жүргізуші: Түлектерге «Жас түлек -2016» мерекелік белгісін тағуға ьиылғы оқу жылында жетістіктерге жеткен әріптестеріме ұсынғалы отырмын.
-
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Берікболов Сияз Құрманғалиұлы
-
«Ең үздік дене шынықтыру мұғалімі-2016»байқауының аудандық кезеңінде «Бас жүлдені» иеленіп, облыстық байқауға қатысып, «Сертификатпен» марапатталды.
-
Спортқа баулып жүрген оқушысы Қуатбай Аяулым облыстық жарыстарға қатысатын аудандық құрама командасының мүшесі, облыстан «Үздік ойыншы» мадақтамасын алған.
-
Мектебіміздің тәлімгері:Төлепқазықызы Қымбат
-
Аудандық «Айгөлек» ән би байқауында Серікжанова Тоғжан І орын, Алпысбеков Ернұр ІІІ орын;
-
«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында оқушысы Әкімбаева Қаламқас І орын алып,облысқа жолдама алды.
-
Республикалық Абай оқуларының аймақтық кезеңінде оқушысы Әкімбаева Қаламқас І орын, ал аудандық кезеңде ІІ орын
-
Аудандық Махамбет оқуларында Берікжанов Бақытжан ІІІ орын иеленді
-
Жоғары санатты математика пәні мұғалімі: Шаянбаева Үміт Айтқалиқызы
-
Сағадиев атындағы математикадан аудандық олимпиада оқушысы Абдуллаева Ә ІІ орын, 8 сыныптан Манапова А ІІІ орын;
-
Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде математикадан Қуатбай Аялым ІІ орын,
-
Семейде Профессор Т.Ы.Аманов атындағы математикадан 10-шы облыстық олимпиадасында 10-сынып оқушысы Мұхтарова Назерке жүлделі ІІ орын алды
-
Биология мен химия пәні мұғалімі Нығыметжанова Гүлжан Қымбатқызы
-
Аудандық «Зерде» ғылыми жоба байқауы биологиядан оқушысы Ебінов Бекарыс жүлделі ІІ орын ,
-
Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде Биологиядан Махмұтова Айзада І орын, Химиядан Оралғазина Гүлім ІІІ орын,
-
Ал оқушысы Махмутова Айзада биологиядан облыстық пәндік олимпиадаға қатысып, сертификатқа ие болды
-
«Үздік мултимедиалық презентация» атты мұғалімдер арасындағы республикалық байқауда ІІІ орын;
-
«Ұшқыр ізденіспен шығармашылық шабыт- 2015» мұғалімдер арасындағы ғылыми жобадан аудандық кезеңде үздік деп танылып, облыстық кезеңде қатысқаны үшін сертификат иеленді.
-
География мен тарих пәні мұғалімі Елубаева Гүлмира Ахановна
-
«Шыңғыстау жұлдыздары-2015» аудандық фестивалінде «Алғыс хатпен» марапатталды
-
Ауылымыздың экономикалық әлеуметтік дамуына үлес қосқаны үшін ауыл әкімінің «Алғыс хатына»ие болды.
-
Оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде Географиядан Мұхтарова Назерке ІІ орын, Төлеуғазиев Е ІІ орын, Серікқалиев Н ІІ орын
-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
Жүргізуші: Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз – ғалым толастамас мәңгі ісің.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы,
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын! – деп мектеп бітіруші түлектердің құттықтау шумақтары
1 )Әдеппен ғұрпымызды бойға сақтап,
Үйрендік бас әріпті, А дан бастап.
Бастауыш ірге тасы мол білімнің
Шәкірттері бастауыштан, ұшқан самғап
2)Қатар ұғым өмірде спорт, еңбек,
Жетесің мақсатына төгіп тер көп,
Кепілі денсаулықтың, спорт болса
Шығасың еңбекпенен биікке өрлеп
3)Тарихын біл еліңнің, кешегі өткен
Өзгермей ғасырлардан бізге жеткен.
Жаратылыстану боп келе жатыр
Химия, биология, физика өзгерместен
4) Орыс , қазақ, ағылшын үйрен тілін,
Қажет ақ болып тұр ғой олар бүгін
Үш тілді білгеніңмен, еске сақта
Қазақ тілің олардан тұрсын бұрын
4) Жұресіз баршамызға пана болып,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып,
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
Байбұлан мұғалім қабыл болып тілегіңіз
Мың алғыс айтады сізге түлегіңіз
5)Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Айман мұғалім жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аялы, ардақты адам.
Оқу ісін басқарасыз талай жыл,
Аз уақыт емес бұл да сізге талай сын
Ұжымыңыз әркез ақтап сенімді
Бақыт сыйлап жатсын сізге әрбір күн
6) Тәрбиелеп талай тентек бұзықты,
Сабақ берген ұғымды әрі қызықты.
Тік мінезді Айжан апайдан көрдік біз
Мығымды әрі өз ісіне ұқыпты.
Мектепте Айжан ұстаз білгір басшы,
Еңбекпен домалатқан өрге тасты.
Бас қосқан түрлі кеште талай мәрте
Шақырып іс шараға кәрі жасты
7)Өнер үшін, шәкірт үшін жаралған,
Қымбат апай талапшыл жан мейірман.
Әнші, биші, көркемдеуші де бір өзі
Кездесер ме енді бізге сіздей жан.
Осы еңбектің рахатын көріңіз,
Денсаулықтың арқасында қажымай
Шәкірттермен бірге жасай беріңіз
8)Психолог маманы Айман апай,
Кеңес алған шәкірттер сізден талай
Зерттеген мінез құлқын әр баланың
Шәкірттер ұмытады сізді қалай
9)Ең алғаш қолымызға қалам ұстап
Үйрендік көп өнерді сізге ұқсап.
Мың алғыс айтамыз Бақыт апайға
Оқытқан бастауышта шашып шуақ
10)Cыныпты баласындай жетелеген,
Сіңірген біздер үшін еңбегі ерен.
Жасаңыз бақытты боп Бақыт апай
Білімді шәкірттерге беріп терең
-жүргізуші: Құрметті әріптестер Амангелдин Ақжолдың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар
11)Бастауыш мұғалімдеріне
Бастауы білім бұлақтың
Бастауыш сынып ұжымы.
Атлас,Гүлмира, Меңсұлу апайлардың
Еселеңсің еңбектері
Баламен болып қызығы.
12)Даярлық:
Бүлдіршіннің тілің тауып баптаған.
Міңез құлқын әр баланың жаттаған
Шолпан, Зияш, Мархаба апайлар.
Мектебімнің сенім жүгін ақтаған.
13)Қазақ тілі мамандарына
Әркез сенің анандай
Айтар барлық ақылын
Сыйлар дауыс көтермей
Сабыр сақтап ақырын,
Гүлнар, Жамбы мұғалім
Боп кеттіңіз жақыным.
14)Орыс, Ағылшын тілдері:
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржаның дарытқан
Өзге тілді меңгерген
Тіл білуді жөн көрген
Нұргүл ,Жадыра апайлар.
Орыны ерекше ардақты.
15)Тарих
Мектебім төл емізген ана тектес,
Шын ұстаз сөзін асыл баға жетпес.
Тарихынды танытқан Нұр, Әсел мұғалім
Еңбегіне ешқашан баға жетпес.
16)Математика,информатика
Үміт,Жазира апайларға жұрт қараған
Білім нәрі біз өзіңнен тараған
Өзіңізден білім алған бар адам,
Туған елдің құрметіне жараған.
17)Дене шынықтыру
Спорт түрін үйреттіңдер балаға
Шәкіртті баптап, білім құйып санаға
Мақтанатын шәкірттерін көп болсын
Ұстаздарым Съезд,Алтай сынды ағалар
18)Гүлжан, Гүлмира мұғалімге
Дүниені танытып,биологияны үйреткен
Тілің тауып шәкірті үшін тер төккен.
Шәкірттердің сүйіктісіне айналған
Гүлжан Гүлмираға да айтамыз біз бір лебіз.
19)Сызу сурет,
Еңбек етіп терін төккен мектепке,
Мақтамайды шәкірттерін еш текке.
Сырым мұғалім, сырлы қалам иесі,
Деген сөз бар: «жақсыны ел көрмекке».
Аудан менен обылысқа танымал,
Іздерін бар мақтанады мектепте.
20)АӘД
Азамат мұғалім шәкірттерін мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз.
Үмітпен сеніміңіз ақталады.
-жүргізуші:
Білім нәрімен сусындаттқан мұғалімдеріне арнап Қуантханов Нұрбек пен Мұратханов Бауыржан «Ұстазым» әнін орындайды. Құрметті әріптестер, қабыл алыңыздар.
-жүргізуші:
Әсерлі шумақтарын арнаған 1-сынып оқушыларын ортаға шақырайық. Мектеп түлектерінің атынан бүлдіршіндерге бастауышта оқып жүргенде облыстық олимпиадасының жеңімпазы болған
Қуантханов Нұрбек «Білім кілтін» табыс етеді.
Білімнің мына өмірде жеңгені көп
Білім қалар халқымның сенгені боп
Сондықтанда білім кілтін сендерге
Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп
(.Нұрбек «Білім кілтін .............. береді) фанфары 1-2 секунд
1-сынып оқушысы:
Ұрпаққа кезенімен білім берген,
Алтын ұя мектеп қой елім сенген.
11 жыл бойы білімменен қанаттанып,
Аттанамыз бізде білім керуенімен
(Қабыл алған сынп оқушылары кілтпен бірге бір біріне беру арқылы жүріп ортадан шығып кетеді.)
-жүргізуші.
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы ..Бақыт Кәдірқызына.... сөз беріледі
-жүргізуші:
Түн ұйқысын төрт бөлген, мәпелеген тербеткен,
Бүгін, міне, ұлы есейіп, қызы сұлу бойжеткен.
Қуаныштан толқып тұрған ата-ананың тілегін,
Тыңдаңыздар, барша қауым, шын ықылас ниетпен!
Құттықтау сөз кезегін түлектердің ата-аналары атынан _Қанатбеков Ақжолдың анасы Кәдірбекова Айсұлуға береміз.
-жүргізуші:
Барлық сынып ата аналарының құрметіне Сыныбымыздың гүлі болған ерке қызымыз Аманғалиева Назерке «Қос бәйтерегім» әнін жолдайды. Қабыл алыңыздар.
-жүргізуші.
Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальспен
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
( мектеп түлектері вальс орындайды)
-жүргізуші.
Қош айтысып балалық шақ, өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне,
Түлеп ұшқан қарлығаштар,
Аттанып барады өмір көктеміне
Түлектер атынан сөз Қанатбеков Ақжолға беріледі де, сыныптас достарына әннен сәлемін жолдайды. «Достарым» әніектер мектеп вальсіне шақырады)
( Әннің соңғы жолында орталарында сынып жетекшілері Бақыт Мұқымжанқызы, Бақыт Кәдірқызы мен сынып оқушылары «Қош бол, білім ордасы» көрнекі плакаты мен шарларын ұшырады. )
(Түлектер орындарына орналасады.)
Жүргізуші: Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын!
( Сыныптағы оқушылардың апаларына «Шашу шашу» құрметі беріледі.Шашу шашылады)
Мектеп түлектерінің «Қош бол, мектебім!» әні орындалады.
Жүргізуші:
Ақ жол тілеп, «Ақ жаю» құрметі сынып оқушыларына сабақ беріп, ҰБТ-ға баптап жүрген мұғалімдеріміз қазақ тілі пәні мұғалімі Ибраева Жамбы Сайлауғазықызына, жоғары санатты Орыстілі пәні мұғалімі Тлеубай Нұргүл Күнтуғанқызына,Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Қойбасарова Нұр Берікқанқызына, Биология пәні мұғалімі Нығыметжанова Гүлжан Қымбатқызына және жоғары санатты математика пәні мұғалімі және сынып жетекшісі Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызына беріледі. Аты аталған мұғалімдерімізді қарсы алайық.
Жүргізуші: Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы ,
дей отырып сыныптағы Нұрбектің Ұлкен ағасы Берікқан ағаға «Бата беру» құрметін ұсынамыз.Әмин!
Жүргізуші:
Өлеңді мәнерлеп оқудың шебері, аудандық әдебиет оқуларына қатысушы Амангелдин Ақжолдың орындауында Арнау «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» (Фонында музыка)
-жүргізуші:
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
1-жүргізуші:
Бәрі – сын, араласаң, өмір аулын,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың.
2-жүргізуші:
Күмбірле, қоңырау күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы .. Амангелдин Ақжол............
2-жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз! Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық
(қол шапалақ, фонында музыка әуені )
Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!
2-жүргізуші:
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ
Дайындаған:
Сынып жетекшісі
Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы