400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Құстар-біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 4
Күні :29.03.2019ж 
Тақырыбы:Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай-ақ, оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстар жайлы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, буклеттер, сөзжұмбақтар.
Барысы: 
Жүргізуші: Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түкпіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.
1-оқушы:
Наурыз келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
2-оқушы:
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
3-оқушы:
Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талды бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді менің тұрағым.
4-оқушы: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
5-оқушы: Сондықтан да достар сендерді мектебіміздің оқушылары атынан осы мерекемен құттықтаймыз. Ендеше мерекемізді бастайық...
6-оқушы: Мерекемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, викторина, жұмбақ шешеміз, ойын ойнап ән саламыз.
7-оқушы: Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан-ақ басталған. Оған дәлел халықтық аңыз ертегілер, құстар жайлы айтылатын ән-жырлары. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеті болған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге дала дәрігері деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
Жүргізуші: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер көп жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Бұл адамдардың құстарға деген көзқарасын айқындай түскендей.
ӘН: Құстар әні
1-оқушы:
Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.

2-оқушы:
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Сахнаға билеп Көктем шығады.
3-оқушы:
Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнінКөктем: (Залға қарап бас иіп)
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
Сахнаға құстың ұясын көтерген балалар шығады. Көктемге сәлем береді.
1-оқушы:
Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
Көктем:
Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
оқушы: Енді құрметті достар, құстар жөнінде викторина сұрақтарына жауап берейік.
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Қандай құс хат тасушы атанаған? (Көгершін)
Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960)
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
Жүргізуші: Құстарға арналағн көптеген жұмбақтар да бар. Енді осындай біраз жұмбақ шешіп көрейік.
Ауылда, қалада мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді.(Қарлығаш)
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.(Түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?(Сауысқан)

Ақ сарайын талқандап, 
Шықты біреу талтаңдап,(Балапан)

ӘН: Ақ көгершін

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған 
Құстар – біздің досымыз атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
904
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі