Сыныптан тыс шара:
«Құстар-қанатты достар»
Султамуратова Джамила
Тебериковна
Т.Г.Шевченко атындағы № 13
орта мектеп,бастауыш сынып мұғалімі.
Қызылорда облысы Арал
қаласы
Сабақтың
мақсаты: Білімділік: Құстардың
тіршілігіндегі басты ерекшелігі; ең қажетті жағдайы және өлі
табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы қосымша
мәлімет беру; оқушылар құстар туралы алған білімдерін толықтырады
және пысықтайды;
Дамытушылық: Озық
технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой
- өрісін, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын,
белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін
дамыту:
Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын
дамыта отырып, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға
тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: танымдық ,сайыс
сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,
түсіндіру, топтық жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: қыстап
қалатын құстар туралы қосымша материал
Сабақтың жабдығы: интерактивті
тақта, компьютер, тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі және
заттық суреттер, ребустар.
Сабақтың барысы:
Құстар-қанатты достар»
атты сыныптан тыс шарамызды
бастаймыз.
1слаид. Вивальдидің «Қыс»атты
музыкасы ойнап тұрады.
2слаид. Құстар: үй
құстары,жабайы құстар. Жабайы құстар: жыл құстары,қыстап қалатын
құстар.

3слаид. Қыстап қалатын
құстар:қарға, торғайлар, үкі, тоқылдақ, шымшық,сауысқан,көгершін
. 
Құстардың көбі суықтан
қорықпайды.Суықтан олардың қалың мамықтары сақтайды.Қыс кезінде құс
үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы,соның себебінен көпшілік
құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Қыстап қалатын құстардың түрі,
түсі,дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге
икемделген.Сауысқан да,қарға да кез келген тамақты қорек ететін
құстар.Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында
жүріп,түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді.Олар қар астында
қатып қалған төгінділерді ,тырнақтарымен тырнап босатып,мықты,
үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді .Қырғауыл,құр сияқты
құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың
дәнімен,жемісімен қоректенеді.Орманды жерлерде
тоқылдақ,суықторғайлар да қыстайды.Тоқылдақ ағаш қабығының
арасындағы бунақденелілерді тауып қоректенсе,оның қар бетіне түскен
қалдығын торғайлар,шымшықтар теріп жейді.Сүйтіп тоқылдақтың әрекеті
басқа құсқа көмек болады.Құрдың басқа құстардан ерекшелігі бірден
көзге түседі.Құйрығына көңіл аударыңдар.Қайқиып тұрған қалың
қауырсынды құр алысқа ұша алмайды.Аязды күндері қар астына кіріп,
сонда түнейді.Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып,жемін
іздейді.
4слаид. Көгершін: бейбітшілік
құсы,хат тасушы, жаңалық хабаршысы
5слаид. Көгершін хабар
әкелді.
6слаид.Жоспары
1.Таныстыру
2.Кім жылдам?
(Сұрақ-жауап)
3.Ертегілер елінде. (Ертегілік
қойылым)
4.Кім
тапқыр?
5.Егер де
мен...
6.Қорытынды
7слаид.Таныстыру«Сәлем - сөздің анасы»
дегендей әр топ өздерін таныстырады.
(3топ)
Халық өз ортасынан шыққан
саңлақ ұлдарын сұңқарға, төгілтіп ән шырқайтын әншісін бұлбұлға,
Отан үшін, ел үшін жанын қиятын батырларын қыранға, елден асқан
сұлуды аққуға теңеп жатады.
Қарағым,оқу оқы, босқа
жүрме!
Ойынға құр қаларсың,көңіл
бөлме.
Жасынан оқу оқып,өнер
қуған,
Жан жетпес көңілі жүйрік
кемеңгерге. Мағжан Жұмабаев
І топ:
«Сұңқар»
ІІ топ:
«Қыран»
ІІІ топ:
«Қарлығаш»
2.Кім
жылдам?
Менен сұрақ, сіздерден жылдам
жауап. Сіздердің жылдамдықтарыңызға қарай қай топ басшысы тез әрі
дұрыс жауап берсе, сол 1 ұпай алады.(Әр сұрақ 1
ұпай).
1.Қандай құс хат тасущы
атанған? (көгершін)
2.Ең кішкене құс?
(колибри)
3.Құстың негізгі
баспанасы?(ұя)
4.Жұмыртқасын адамға
көрсетпейтін, тышқанға ұқсайтын құс?
(жарқанат)
5.Сөйлейтін құс?
(тоты)
6.Жануарға аттас құс?
(түйеқұс)
7.Қолға үйретілген үй
құстарының ірісі? (күркетауық)
8.Аққудың балапаны?
(көгілдір)
9.Ең биікке ұшатын құс?
(бүркіт)
10.Өзімен ыдысын алып жүретін
құс. (бірқазан)
11.Адам қай құсты аң аулауға
пайдаланады? (бүркіт)
12.Су тазалығын сақтайтын құс
(шағала)
13.Құстардың алдыңғы аяғы неге
айналған? (қанатқа)
14.Зиянды бунақденелермен
қоректеніп,орманға пайда келтіретін тазалықшы құс?
(тоқылдақ)
15.Суықты жақсы көретін құс?
(пингвин)
16.Африкалық құс?
(страус)
17.Құйрығы ұзын құс?
(сауысқан)
18.Қай құстың қауырсынын
қадірлеп бас киімге,домбыраға,үйге,бесікке іліп қояды?
(үкі)
19.Кұзде ұшып кетіп, көктемде
елімізге қайта оралатын құстар? (жыл
құстары)
20.Үй салмайтын құс?
(көкек).
10 слаид Ертегілер
елінде. Адамдар құстарды ертеден әнге,
жырға қосқан. Өз қиялдарында бейнелеген.
Құстар адам өміріне
сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жаныңды рахатқа бөлейді.
Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық
шығармашылығында адам бойындағы ең үздік қасиеттерді құстарға
теңеп: «Аққу мойын», «Қасы қарлығаштың қанатындай», «Бүркіт
тұмсық», «Қаршыға көз», «Қаз дауысты», «Ұлардай әдемі» деп
атаған.
Ән
«Ертегілер,ертегілер».Орындайтын 2»в» сынып
оқушысы
Бұл кезеңде үш топқа ертегі
берілген, міне сол ертегіні тамашалауға
шақырамыз.
1 .Қазақ ертегісі. «Қарға мен
кірпі» 2 «а»сынып оқушылары.
Би.
«Буратино»
2.Екі әтеш (Орыс ертегісі) 2
«в» сынып оқушылары.
Үнді биі. Орындайтын 2 «б»
сынып оқушысы Нұрланбекқызы Нұрай.
3. «Әтеш пен тауыс» үнді
ертегісі.
13 слаид. Кім
тапқыр? Айтсақ әніміз, ардақтасақ
сәніміз табиғаттың көркі құстарды қорғау, оларға қамқорлық көрсету
әрқайсымыздың парызымыз.
Жылы жаққа
ұшпайтын
Біздің жақта
қыстайтын
Құстар жүрсе
жуықта
Жем шашуды ұмытпа
!
Жемшашар жасап, ағашқа іліп
қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау
керек.Ол үшін жұмбақтарды шешіп, шешуін үш тілде
айту.
1.Кеудесі
қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. Қаз-гусь-
goose
2.Орыннан орынға
ауысқан
Ұшқалақ қарала... сауысқан-
сорока-мэгпа
3.Мойны сұрақ
белгісі,
Бұл қандай көл құсы?
аққу-лебедь-свон
4.Шабақ аңдып
жағада,
Шарқ ұрады... шағала-чайка-
сигал
5.Шарлап келіп
даланы,
Үйіме үйін салады. қарлығаш-
ласточка -сволоу
6.Тарағым бар,
таранбаймын,
Орағым бар, ора
алмаймын.
Сақалым бар, ал
бірақ
Мен ақсақал бола алмаймын.
әтеш-петух-кок
7Салатын
ұяны.
Өткiр көзi
шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы.
Бүркiт- орел- eagle
14 слаид. Ауа райын
болжау.
1.Қыста торғайлар ұясына мамық
таси бастаса, күн кенеттен қатты суытады.
2.Қарлығаштар аспанда
самғап,биіктеп ұшса күн ашық, төмендеп ұшса жаңбыр жауып жел
болады.
3.Тауық биікте
қонақтаса,жаңбыр болады.
4.Көктемнің басында қарға суға
шомылса, күн жылынады.
5.Егер де
мен...
«Сөз – ойдың көрінісі, ой
бұлдыр болса, сөз де бұлдыр». Өздеріңізді құстардың орнына қойып
шешендіктеріңізді көрсетіңіздер.
1.Аққу
2.Қарлығаш
3.Тауық
6.Қорытындылау
Адамзаттың досы болған
құстарды аялайық, оларға қамқор
болайық.
Еліміздің болашағы-білімді
ұрпағында. Білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Елімізде
тыныштық болып, бейбітшіліктің аққұсы аспанда шарықтасын. Ендеше
сендердің де білімге талпынған қанаттарың талмасын
.
«Ақ көгершін»
әні.