400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс Қысқы жұмбақтар 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәрбие сағатына және сыныптан тыс жұмысқа пайдалануға болады. Бұл жұмыс оқушыларды жұмбақ шешу арқылы тез әрі ұшқыр ойлануға, топпен жұмыс жасауға үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шара 3 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі: Султамуратова Ж

Тақырыбы: « Қысқы жұмбақтар»
Мақсаты:
1. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ертегі,жұмбақтарды сүюге, көп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың жабдығы:карточкалар,түсті жіптер,мақалдар жазылған қима қағаздар.

Сабақтың түрі: ойын-сайыс.

Сабақтың әдіс-тәсілі: іздену, сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім:-Сәлеметсіздер ме, балалар және келген қонақтар! Біз бүгін 3»б» оқушылырымен «Қысқы жұмбақтар» атты ойын-сабақты тамашалаймыз.

Жұмбақ деген не?
Алдымен үш топқа бөлініп, суреттерге байланыстыра командамыздың атын қояйық.
Ол үшін мына қиылған қағазды құрастырайық.Құрастырылған суреттен әр топтың аты шығады.

1-топ:Аққала

2-топ. Ақшақар

3-топ. Шырша

Енді экранға қарап ойын шартымен танысамыз.

6 ұяшық бар. Әр ұяшықтың тапсырмасын орындап, ұпай жинаймыз. Тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі. Сол уақытта дұрыс әрі жылдам орындамаған топтардың ұпай кемиді.

Ертегіден алынған сөздерді оқимын, ал топтар қай ертегі және кейіпкерлері кім екенін атаулары керек.
1. « Менің сақам қайда» - деп, жылады бала. (Алтын сақа)
2. Келші, менің мұрныма отыршы, соңғы кезде менің құлағым нашар естіп жүр. (Бауырсақ)
3. Әй, шал, мен ханша болғым келеді, -деді кемпір. (Алтын балық)
4. Үш баласы өз оқтарын әр жаққа атып, сол оқтармен бірге қалыңдықтарын алып келу керек. (Ханшайым бақа)
5. Әжей, сіздің мұрныңыз неге үлкен? (Қызыл телпек)
6. Аю аспаннан: - «Отырма, демалма, самсаны жеме» деген дауысты естіді (Маша мен аю)
Енді менің логикалық сұрақтарыма дұрыс жауап берген топ ойынды бастап, ұяшықты таңдайды.
1
. «Мені түсін»ұяшығының тапсырмасы:
Әр топ конверттер алады. Ол конверттердегі тапсырмаларды «ыммен» немесе «понтомимомен» көрсетеді.

*Шатырлардан қар сүңгілерді ұрып сындырып жатқанды көрсету.

*Ауланы қардан тазартып жатқанды көрсету.

*Мұзайдында сырғанап жүргенді көрсету.

*бір топ бала аққала жасап жатқанды көрсету.

*Қар атысып ойнағанды көрсету.
2
.«Кім шапшаң» ұяшығы.

Қорапта жіптер жатады. 1 минут ішінде жіптерді байлап шығу керек.Қай топ тез әрі көп жіпті байлап шықса сол топтаң ұпайы 20, ал келесі топтар 10 ұпай алады.

3.«Қара жәшік» ұяшығы.

Бұл ойында ертегілер жасырылады. Мұғалім ертегіге сипаттама береді.Егер сипаттау арқылы тапса 50 ұпай жинайды, егер бөлігін алып тастаса 10 ұпай беріледі.

*Бұл мультфильмде ұзын құлақ әрқашан қасқырдан құтылып кетеді.

*Бұл ертегіде аю кішкентай тентек досымен уақытын өте қызықты өткізеді.

*Бұл ертегіде кішкентай баланың достары ауылда қалып, өмір сүреді. Оларды хат тасушы бақылап жүреді.

*Бұл мультфильмде сүйкімді шарлардың бастарынан өткен қызықты оқиғалары туралы болады.

4.«Гүлдесте құрастыр» ұяшығы.

Қағазға 30 секунд ішінде гүлдердің атын жазып шығу керек.Қай топ көп гүлдің атын жазып шықса сол топ ұпай алады.

5.«Мақалдың сырын түсін» ұяшығы.

Қиылған бөліктерден мақал құрастырады. Ұпай саны 20.

*Қыстағы суық-жаздағы ыстық.

*Қыстағы қар жер ырысы.

*Қылышын сүйретіп қыс келер.

6.«Жұмбағым жұтылды»ұяшығы.

Топтар бір-біріне жұмбақ жасырады. Әр жұмбаққа 5 ұпайдан алады.

Енді топтардың ұпай санын есептейік.Марапаттау.
Осымен бүгінгі «Қысқы жұмбақтар» атты ойын сайысымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі