Сыныптан тыс жұмыс "Қыз еркем, қылығымен көркем" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Қыз еркем, қылығымен көркем" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабағымды технология пәні мұғалімдерімен бөліскім келді. Қыз балаларды өнерге биімдеу, қол өнерге баулу сияқты машықтарын дамыту мақсатында ұйымдастырдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!»


Жоспары:

І. Ашылу салтанаты

ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі

ІІІ. Мерекелік сайыстың өтуі

ІV. Марапаттау, жеңімпазды анықтау

V. Қорытынды


Мақсаты:

Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.


Шарты:

  1. Таныстыру.

  2. Үй тапсырмасы.

  3. Өз өнерін көрсету.

  4. Сән үлгісі.

Фанфары


Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, сүйікті балалар, қымбатты аналар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесінде осы әсем залға қымбатты аналарымыздың мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.

Наурыз күні – Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы, - дей отырып, қымбатты

аналар, гүлдей жайнаған айдай әсем, ару қыздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бала дүниеге келгеннен жылы жүзін, ыстық құшағын, сүйіспеншілігін, махаббатын бере білген жалғыз жан – Ана! Ендеше, балалардың анасына айтар жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

  • Қанеки, балалар, осы тақпақтарымызды әнмен өрнектейікші?!

Хор:«Ән айтамыз анаға!»

Жүргізуші: Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

  • Құрметті қонақтар, бағым да, барым да, базарым да, болашағым дейтін, баласы күлсе күліп, жыласа қосылып жылайтын ару аналарымыз бүгін қыздарымен бірге сайысқа түсіп отыр. Қанекей, құрметпен ортаға шақырайық.

(сайыскерлер вальс әуенімен ортаға шығады)


Төрт турдан тұратын байқау шарттарымен таныс болыңыздар:

  1. таныстыру (эмблема, девиз киімі)

  2. үй тапсырмасы (тағам түрлері)

  3. өз өнерін көрсету (ән, би, көркем сөз)

  4. сән үлгісі (қалдық материал)


Жүргізуші: Бізді өнермен өрендер таныстырсын,

Көңілсіз күннен дәйім алыс қылсын.

Қол соғып, қолдап бірге отырыңыз

Ару қыздар өздерін таныстырсын,- деп, таныстыруға аруларымызды кезекпен ортаға шақырайық.


Би дегенің – әдемілік жайнаған

Сұлулық пен сәнге толар айналаң.

Би дегенің – сұлулықтың символы деп,

Санайды екен, балайды екен ойлы адам!

Би:


Жүргізуші: Бармағынан бал тамған ару қыздарыңыз алдарыңызға тағам түрлерін тарту етеді.


Байқаудың ІІ шарты бойынша үй тапсырмасы.


Хор:«Құттықтаймын мама!»


Жүргізуші: Шырқаған балапаным өз тілінде

Күнім шықты алдымнан сен күлімде.

Бүгінгі күн ән айтып, би билеген

Құштар болып биікке, сен өнерге, - дей келе,

енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.

Байқаудың ІІІ шарты өз өнерін көрсету.


Жүргізуші: Қыздар жаны гүлдей нәзік, тым ыстық,

Қыздар жаны түбі терең тұңғиық.

Жабырқаған жандардың көңіліне

Жүреді әркез шуақ шашып, нұр құйып, - дегендей, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектей құлпырған қыздарымызды сән үлгісімен ортаға шақырамыз.

Байқаудың ІV шарты сән үлгісі.

(көңілді музыка әуеніменен сән үлгісін көрсетеді)


Жүргізуші: Баланың да тілегі

Әкенің де тілегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі! – демекші, ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар келесі ән өздеріңізге арналады.

Хор: «Ақ мамам».

Жүргізуші: Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Көктем гүлдеп, әлемнің барша алабы

Жақсы күндер келді деп, ән салады.

«Айгөлектің» мың бұралған бишілерін,

Көрермендер қол соғып қарсы алады.

Би:


Жүргізуші: Жасыл көктем, сен көктем

Келді гүлмен, өрнекпен

Ел бақытты, мерейлі

Балалары әндеткен.

Хор: «Көктем вальсі»

(Әділқазылар алқасының шешімін тыңдау, жеңімпазды анықтау және марапаттау)


Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат

Қарға емес, қыранға өзін балап.

Жас қанатта жетеді мұратына

Болса егер таудан да биік талап

Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.

Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, аналар!


(Сыйлықтар табыс ету, мерекелік дастарханнан дәм тату).


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.05.2018
853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі