Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Қызықты физика. 7 сынып

Сыныптан тыс жұмыс. Қызықты физика. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздар арасында тәжірибе алмасуға жарайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
1546
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қызықты физика
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,
Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
2 - бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.
1 - бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
2 - бастаушы: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!


8 -және 9 сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп бірінші командаға –«Ньютон» деп, екінші командаға «Архимед» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
IV. Қатесін тап!
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»

Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».

Әр дұрыс жауап 1 балл
I – бөлім: Жұмбақтар:

Ньютон тобына:
1. Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт.

2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор

3. Көкке қараған, жұлдыз санаған. Жауабы: телескоп

4. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ

5. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: Көлеңке
Архимед тобына:
1. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз
2. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай.

3. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. Жауабы: ток
4.Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор
5. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. Жауабы: күш


II – бөлім: Қызықты тәжірибелер

Топтың ойыншылары 1 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге — 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

  1. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

  1. Бетін қағазбен жап.

  2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

  3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.


III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. 3 минут уақыт беріледі.

IV. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.

V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»

Ньютон тобына:
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

Архимед тобына:
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)


VII. Қорытындылау бөлімі.
Әділ қазылар алқасының шешімімен таныстыру





1.Ньютон ----Тапқырлық таныту мақсатымыз,
                         Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

2.Архимед----Болашақтың ұрпағымыз білімді,
                         Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ