400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Қызықты географияға саяхат 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлай қабілетін арттырады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: « Қызықты географияға саяхат»

Сайыстың мақсаты:

  • Ойынға қатысушылар арасынан мықты топты анықтау ,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу.

  • Оқушылар дүниетанымын кеңейту.

  • Географиядан алған білімдерін ортаға салу

Сайыстың барысы:Балалар географтарды саяхатшылар деп те атауға болады.Біз де география әлеміне саяхатқа шығамыз.

Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгінгі біздің «Қызықты географияға саяхат» атты интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Топтар сайыс кезеңмен таныс болыңыздар.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады

І кезең: «Бәйге»

ІІ кезең: «Иә, жоқ» ойыны

ІІІ кезең: «Елтану» ойыны

ІV кезең: «Жасырын ұяшық»

V кезең: «Адасқан әріптер»

VІ кезең: «Жекпе-жек» капитандар сайысы. «Ең,ең,ең»

Бүгінгі сайысымызға 2-топ қатысып отыр.

9 «ә» сыныбынан құралған «Тапқырлар » тобы және

9 «б» сыныбынан құралған «Алғырлар» тобы

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білімді деген ақылшың

Қиындықтан өткізер- деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз

І – кезең «Бәйге » Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Жауап тез-тез берілуі керек.

І-топтың сұрақтары.

  1. Күн жүйесіндегі күнге жақын орналасқан ғаламшар? Меркурий

  2. Жазықтар какртада қандай түспен боялады? Жасыл

  3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады? Шаш гигрометр

  4. Қапшағай суқоймасы қай өзеннің бойында? Іле

  5. Қазақстандағы орал тауының жалғасы? Мұғалжар

  6. Қазақстанның ең төмен нүктесі қалай аталады? Қарақия ойысы

  7. Ең кішкентай құс Колибри

  8. Муссон дегеніміз не? Жел

  9. Жаздағы таңертеңгілік байқалатын су тамшысы Шық

  10. Жер бетінің ауа қабаты? Атмосфера

ІІ- топтың сұрақтары

  1. Күн жүйесіндегі үшінші орналасқан ғаламшар Жер

  2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады? Барометр

  3. Таулар картада қандай түспен боялады? Қоңыр

  4. Қазақстанның ең ірі суқоймасы? Шардара

  5. Жердегі барлық өсімдіктер қалай аталады? Флора

  6. Солтүстік Америкада жойқын апат туғызытын жойқын құйынды жел? Торнадо

  7. Анхель сарқырамасы қай материкте орналасқан? Оңтүстік Америка

  8. География неше салаға бөлінеді? 2

  9. Мантия латынша қандай мағына береді? Шапан, жамылғы

  10. Жазықтың неше түрі бар? 2 тегіс және төбелі

ІІ кезең

«Иә, жоқ» ойыны

1-топ

Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. Жауап тез-тез берілу керек .

1.Қазақстанның шекарасы 2 724,9 мың км Иә

2. Таулар биіктігіне қарай 4-ке бөлінеді? Жоқ

3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә

4. Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ

5. Өскемен- Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә

6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә

7. Қалба жотасы Ертіс өзенінің шығысында орналасқан. Жоқ

8. Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан Иә

9. Африка екі мұхитпен шектеседі Ия

10. География ғылымы үш салаға бөлінеді Жоқ

2- топ

1.Шығу тегі жағынан биік таулы аумақтар тектоникалық болып табылады. Иә

2.Хромның қоры жөнінен Қазақстан ТМД да бірінші орын алады. Иә

3.Ең терең көл Балқаш Жоқ

4.Дүние жүзіндегі суы мол өзен Амазонка Иә

5.Қазақстанда алғаш құрылған қорық Алтай Жоқ

6.Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера Иә

7. Қазақстанда халық санағы 4 рет болды Жоқ

8. Ең терең мұхит Атлант Жоқ

9.Дүние жүзін алғаш рет айналып шыққан саяхатшы Фернан Магеллан Иә

10.Жер шарындағы ең үлкен көл Каспий Иә

Ақыл – адамды аздырмайтын ем,

Шолғыншысы –ой

Білім- таусылмайтын кен

Жолдасы кәсіп

Адамның басшысы –ақыл

Қорғаны—сабыр

Жетекшісі - талап

Қорғаушысы – мінез, дей келе

ІІІ кезеңімізге кезек берейік. «Елтану» кезеңінде оқушылар елдердің астаналарын айту қажет.

1-топқа

  1. Испанияның астанасы? Мадрид

  2. Португалияның астанасы? Лиссабон

  3. Польшаның астанасы? Варшава

  4. Түркіменстанның астанасы? Ашхабад

  5. Ирактың астанасы? Бағдад

  6. Үндістанның астанасы? Дели

  7. Қытайдың астанасы? Пекин

  8. Германияның астанасы? Берлин

  9. Қырғызстанның астанасы? Бішкек

  10. Ақштың астанасы? Вашингтон

ІІ – топқа

  1. Иранның астанасы? Тегеран

  2. Жапонияның астанасы? Токио

  3. Францияның астанасы? Париж

  4. Италияның астанасы? Рим

  5. Румынияның астанасы? Бухарест

  6. Ауғанстанның астанасы? Кабул

  7. Түркияның астанасы? Анкара

  8. Моңғолияның астанасы? Улан-Батор

  9. Вьетнам ның астанасы ? Ханой

  10. Индонезияның астанасы? Джакарто

ІҮ – кезең «Жасырын ұяшық»

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай


1.Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайынберіп тұрған.


Жауап: Сарымсақ


2.Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Жауабы: Шай



3.Қыста жоғары қысым қалыптасатын Қытайдағы Ебінұр көлінің қазаншұңқырында түзіліп ,бұл кезде төменгі қысым қалыптасатын Алакөлге қарай бағытталып соғатын жел.

Ебі желі

4. Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Жалпы ұзындығы 4284 км .Өзен бастауын Қытайдағы Моңғол Алтайының оңтүстік батыс беткейінен алады.

Ертіс өзені

5. Оңтүстік Алтай мен Сауыр –Тарбағатай сілемдерінің аралығындағы ойыста түзілген тектоникалық көл. Көл қарашада қатып сәуір мен мамырдың басында судан арылады. Бекіре, тайман, шортан сияқты көптеген кәсіптік балықтар тіршілік етеді.

Жайсан көлі.

6. Балқаш көліінің батысында орналасқан полегеннің көлденең жатқан қалың сазды қиыршықтасты жыныстардан тұратын , шығу тегі жағынан құрлықтық денудациялық жазық

Бетпақдала.

7.Орта Азия мен Сібірдің оңтүстігіндегі таулы аймақтардың аралығында орналасқан. Ендік бағытта созылып жатқан батысқа қарай біртіндеп аласарып кеңейетін Көксу өзені аңғары бөліп тұрған, екі басты жоталар тізбегінен тұратын тау.

Жетісу Алатауы.

8. Қоры жөнінен республикамыз дүниежүзінде бесінші орынды алады. Өндіру мен балқыту Орталық және Шығыс Қазақстанда жүргізіледі. Ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат , Бозшакөл кен орындары жатады.

Мыс кені.

9.Бір немесе екі қала құраушы кәсіпорындар есебінен экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өмір сүретін елді мекен.

Моноқала

10.Бір адамның немесе тұтас адамдар категориясының мәжбүрлі түрде өзге мемлекетке немесе өзге елге жер аударылуы.

Депортация.

Ү кезең «Адасқан әріптер» Тақтаға орны ауысқан сөздер беріледі

1.дигсорераф- гидросфера

2.имталк- климат

3.зоызсқыи- изосызық

4.атлпорфма- платформа

5. бғартатайа- тарбағатай

6.убнлауышлқы- буланушылық

7.сагратйбаерт- гастарбайтер

8.набрулуад- урбандалу

9.олгаремцаяи- агломерация

10. шқабла- Балқаш

VІ кезең: «Жекпе-жек» капитандар сайысы. «Ең,ең,ең»

І топқа

1.Дүние жүзіндегі ең биік тау? Гималай 8848м

2.Дүниежұзіндегі ең үлкен арал? Гренландия 2млн 176 мың км2

3.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? Анхель 1054м

4.Дүние жүзіндегі ең кіші материк? Антарктида

5.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? Ніл

6. Дүние жұзіндегі ең үлкен көл? Каспий 390 мың км2

7.Дүние жүзіндегі ең терең бұғаз? Дрейк 5248м

8.Дүние жүзіндегі ең ұзын ел? Чили 4300км

9.Дүние жүзіндегі ең ірі құс? Африка түйеқұсы

10.Дүние жүзіндегі ең биік ағаш? Секвойя 100 м

ІІ топқа

1.Дүние жүзіндегі ең үлкен материк? Еуразия 54 млн км2

2.Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? Сахара 7 млн км2

3.Дүние жүзіндегі ең ұзын тау ?Анд 9000 км

4. Дүние жүзіндегі ең терең көл? Байкал 1620м

5. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? Мариан 11022м

6.Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? Арабия 3млн км2

7.Дүние жүзіндегі ең құрғақ жер? Атакама шөлі

8.Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз? Мозамбик 1670 км

9.Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен төмен жер? Өлі теңіз -403м

10.Дүние жүзіндегі ең ірі сарқырама? Тугела 933м



Осымен «Қызықты географияға саяхат » сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобын марапаттаймыз.



Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі