Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс: Рухани жаңғыру- Ұлттық рухтың жаңғыруы 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс: Рухани жаңғыру- Ұлттық рухтың жаңғыруы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында өткізілген білім күніне арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1031
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Е.ӘУЕЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

4 ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары: _________А.Саянова

«_____» ________________ 2017 ж







РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

(1-қыркүйек білім күніне арналған саяси сабақ)





Сыныбы: 11 «Ә»

Пән мұғалімі: М.Паттеева- география пәнінің мұғалімі

Тәрбиешісі: Н.Қоспан



















2017-2018 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:

Рухани жаңғыру- Ұлттық рухтың жаңғыруы


Сабақтың мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеялары мен басым бағыттарын айқындау. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын, Қазақстандағы киелі жерлердң білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: саяси сабақ

Сабақтың әдісі: бейнебаян арқылы ой қозғау, пікір алмасу, ассоцация, «Жібек жолы» ойыны арқылым топтық жұмыс, кері байланыс


Ғылыми негізі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.


Негізгі идея: Бәсекеге қабілеттілік, рухани жаңғыру, патриотизм

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекег қабілеттілік» атты жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының идеясы мен басым бағыттары туралы айта алады;

  • Жаһандық бәсекеге қабілеттілік пен ұлттың рухани жаңғыруы туралы өз пікірлерін ортаға салады;

  • Оқушылар негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының мағынасын айта алады.


Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2.Сыныпты топқа бөлу (сыныпты үш топқа бөлу)

3. Топ атауларының мәні бойынша

Қызығушылықты ояту бөлімі. Сынып оқушыларының үш топқа ұсынылған атаулардың мағынасын ашу арқылы

1-топ: Патриотизм

2-топ: Құндылық

3-топ: Ұлттық жаңғыру


Топ атаулары туралы оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.


4.Мұғалім сөзі.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақа­ла­сындағы ұлттық біре­гейлікті сақтау тар­мағы көпшіліктің көкейін­дегіні дөп бас­қан тұжы­рым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Салт-дәстүр, тіл, музыка, әдебиет, жоралғылар, ұлт­тық рухымыз бойымызда мәңгі қалу керек», дегенді айтты.

Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасы да – отансүйгіш­тіктің өзегі.

Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар.   Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.   Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.   Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.

5. Бейнебаян көрсетілімі.

  • «Мен-өз елімнің патриотымын» бейнебаяны көрсетіледі (12 мин)


  • Оқушылар «Патриот» ұғымына кеңінен тоқталып, өз пікірімізді білдірейікші.

6.«Ассоцация» тәсілі

Әр оқушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынамын:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.


Мадақтау арқылы бағалау.


7. «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен оқушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды.

1-топ: Айша бибі кесенесі

2-топ: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

3-топ: Бекет ата кесенесі

Топтық жұмыс жасауға тапсырмалар бойынша таратпа материалдар таратылады.


8. Глоссариймен жұмыс

Ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.

Жаңа қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады.

Патриотизм өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.

Ұлттық таным – өзінің ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын қорғау.

Мәңгілік Ел Болашағы Біртұтас Ұлт.


9.Кері байланыс.

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.



Қорытынды:

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында - адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!