Тақырыбы:
«Шеберлігіңді шыңда» (Сыныптан тыс
жұмыс)
Мақсаты:
Оқушыларға
қолөнермен жалқау адамның жолдас бола
алмайтындығын түсіндіре отырып, өнерге
деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай
білуге баулу.Еңбек құралдарын пайдалана
білу мен ойлау қабілетін қалыптастыру.
Әр
түрлі материалдарды пайдалану арқылы
байқа ғыштығын, шығармашылық қабілетін,
қиялын, қол ептілігін дамыту.
Еңбек
мәдениетін сақтауға, адам еңбегін
құрметтеуге, батылдыққа,еңбексүйгіштік
пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Типі:
өткен материалдарды жалпылау және
жүйелеу.
Әдісі:
әңгімелеу, нұсқау беру, талдау
Қолданылатын
жабдықтар: қатты қағаз,түрлі-түсті
қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, ыдыс,
т.б.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта(презентация), балалар
шығармашылығынан көрме,нақыл сөздер
Өту
барысы:
I.
Ұйымдастыру сәті
Психожаттығу.
«Мен
бәрін жасай аламын»
Бүгінгі
күн тамаша,
Мен
өзімді жақсы сезінудемін.
Менің
көңіл күйім керемет жақсы.
Мен
жұмыс істеуге дайынмын.
Мен
өзіме сенімдімін.
Мен
барлығы қолымнан келетініне сенемін.
Мен
жігерлілікпен мақсатыма қол жеткіземін.
II.
«Шеберлігіңді шыңда» тақырыбындағы
ұйымдастырушылық – танымдық сабағы
1.
Кіріспе сөз Біз, қай заманда өмір сүрсек
те, адам өміріндегі ең негізгі іс - ол
еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны
күнделікті өздеріңнің ата-аналарыңның
тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.
Дана
халқымыз «Баланы бастан» деген нақылды
бекер айтпаса керек. Тәлім-тәрбие алуда,
теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен
байланысты.Еңбек үстінде адам шыңдалады,
икемделеді,шеберленеді.
-
Шебер адам қандай болу керек деп
ойлайсыңдар?
-
Осы жақсы қасиеттерді біз қай пәні
арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз?
Ендеше,
сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге
түскен,
6-7
сынып оқушыларының қатысуымен өтетін
«Шеберлігіңді шыңда» атты сыныптан тыс
сабағымызға қош келдіңіздер.
6
сынып оқушы қыздары – сәндік сөмкелер
жасайды.
7
сынып оқушы қыздары – «сурет салудың
қулықтарын» көрсетеді.
Қажетті
құрал-жабдықтарын түгендеу. Қауіпсіздік
ережесі мен жеке бас гигиенасы, қайшымен
жұмыс істеу ережелерін еске түсіру.
Құрал - жабдықтарымызды парта бетіне
реттеп қойып аламыз.Олар жұмысқа кедергі
жасамауы керек.Әрқайсысы өзінің алдындағы
дайындаған материалдарымен жұмыс
істейді. Көрсетілген үлгілердің
элементтерін пайдалану арқылы немесе
өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді
көрсетіңдер.Жұмысты бастамас бұрын
нені қалай жасауға болатынын жақсылап
ойланып алыңдар. Олай болса, іске сәт,
балалар!
Сергіту
сәті
III.
Қорытындылау. «Кез
келген жұмысқа жауапкершілікпен қарап,
еңбектің арқасында барлық нәтижеге қол
жеткізуге болады»