Сыныптан
тыс жұмыс:
Шеберлік клас «Білезік»
Авторы:
Бергариева Бактылы Бактыгалиевна -
сызу, көркем еңбек пән мұғалімі.
Ақтөбе
облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш
қаласы, Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМ.
Сабақтың
тақырыбы: Шеберлік
клас «Білезік»
Оқыту
нәтижесі:
тәжірибе алмасу
Мақсаты:
Білімділігі:
Қазақтың
ұлттық қол өнерің талдай отырып, фетр
матасынан білезік жасау шеберлігін
таныту және әшекейлеу үлгілерін заманауи
технологияда ашып көрсету.
Дамытушылығы:
оқушылардың іздемпаздық шығармашылық
қабілетін
дамыту
. Сабаққа қызығушылығын және өздігінен
ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі:
үнемділікке ұқыптылыққа , талғампаздыққа
іскерлікке, ата-
бабамыздың
салт дәстүрін өнерін білуге тәрбиелеу.
Жабдықтар:
түрлі-түсті фетр, түрлі-түсті фоамиран
қағаз, ыстық желім, қайшы, моншақтар,
тесьма. Үлгісі.
Сабақтың
түрі: білімменен
іскерлікті игеру.
Сабақтың
әдісі:
теориялық сарамандық .
Қажетті
заттар:
фетра түрлері, түрлі-түсті фоамиран
қағазы, қайшы, терможелім, қалам, түрлі
моншақтар және т.б.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта, білезік түрлері.
т. б.
Пәнаралық
байланыс: тарих,
бейнелеу, сызу.
Мұғалім
әрекеті: балалармен амандасамын.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
а)
оқушыларды түгендеу.
б)
оқу – құралдарын тексеру.
ІІ.
Шеберлік клас (ШК)
Қауіпсіздік
ережені еске түсіру.
Сабақ
кезеңдері:
Слайд
арқылы фетра туралы, оның шығу тарихы
мен одан жасалатын бұйымдар туралы
айтым өтемін.
-
Алғашқы қауымдық дәуірде өмір сүрген
сақтар қолөнер туындылары ретінде
әйелдердің зергерлік бұйымдарын жасай
бастаған. Олар: білезік, жүзік, сақина,
алтыннан жасалған моншақтар. Зергерлік
бұйымдар негізінен ғарыштық, геометриялық
ою-өрнектердің қарапайым элеметтерінен
бедерленген.
Қазақ
зергерлері, негізінен, түсті металдардан
сан алуан әсемдік бұйымдар жасап отырған.
Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген
сәндік бұйымдар — сәукеле әшекейлері,
сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек,
қолтықша, тұмарша, білезік, сақина,
жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс
шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар.
Білезік
бұйымдары б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан
аумағында белгілі болған полихрамдық
дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде
жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің
қолданатын басты шикізаты күміс болды.
Қазақтар күмістің қарығыңқы реңін алтын
реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің
ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық
киімдерінің түсіне үйлесіп келіп
отырады.
«Білезік»
сөзінің шығу төркіні – білек пен жүзік
сөз тіркестерінен құралған немесе оны
білекке салынған жүзік деуге де болады.
Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы
әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік
көбіне күмістен, кейде таза алтыннан
да жасалады. Тек күмістен соғылған
білезіктердің өзі Қазақстанның әр
өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті
өзгешеліктер оның жасалу, әшекейлеу
тәсілінен де, көлемінен де, сыртқы
мүсінінен де байқалады. Мәселен,
Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс
аудандарына, негізінен, жұмырланып және
төрт қырланып соғылатын білезіктер тән
болса, солтүстік және орталық Қазақстанға
жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер
тән, оңтүстік өңіріне құйма сом білезіктер,
ал батыс пен оңтүстік-шығысқа өте көлемді
сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер
тән. Әрине, осы келтірілген білезік
түрлерінің әрқайсысының ішінде
айтарлықтай өзгешеліктер байқалады.
Ол, негізінен, әр атырапта көптеген
шеберлер мектебінің болғандығының
айғағы. Бұған қоса бірнеше асыл тастардан
тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі.
Олардың негізі күмістен жасалады да,
сырты алтындалып, әр үзбенің үстіне әр
түрлі тастардан көздер орнатады. Мұндай
білезіктерге жиі қолданылатын тастар
— ақық, ағат, т. б. Қазақстанның батысы
мен оңтүстік-батысында жасалатын көлемді
білезіктерге арнайы тағылатын шынжырлар
ұшына 2-3 сақина, жүзіктер ілінеді. Мұндай
білезіктердің сыртына сіркелеу әдісімен,
негізінен, геометриялық өрнектер
жүргізіледі.
Бүгінгі
шеберлік кластың тақырыбы - «Білезік»
Жүн
дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға
бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі
бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен
жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен,
сыртқы түрінің әдемілігімен көзге
түседі және оларды халық көп тұтынады.
Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге
жіберілетін қой терісінен қырқып алынған
жүн табиғи жүн деп аталады. Фетра матаны
өңдеу технологиясы жүнді өңдеу
технологиясымен бірдей болып келеді.
Фетраға көбіне синтетикалық маталар
көп араластырады. Бұл материалды
көбінеәйел адамның аксессуарларларына,
брош, қалпа жасауға қолданады. Фетра әр
түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді,
эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр,
синтетикалық фетр.
Қауіпсіздік
ережені еске түсіру:
қайшымен мұқият жұмыс жасау, ыстық
желіммен абай болыңыз.
Сарамандық
жұмыс.
Дайын
бұйымдарға қарап жасап үйрену; Схема
бойынша менімен бірге мұғалімдер білезік
жасап үйренеді. Жасалу жолын түсіндіру.
Шаблон дайындап аламыз.
Фетр-
бұл
ерекше материал. Бұны кесу да, тігу да
және де желімдеу өте ыңғайлы, өте оңай.
Бұл материал универсалды, сондықтан
кез-келген түрлі сәндік қол өнерге
жарамды. Фетрден білезік жасап көрейік.
Өз қолыммен жасаған бұйымдарды үлгі
ретінде назарларына ұсынам. Таныстыра
отырып әр бұйымды неден және қалай
орындағанын түсіндіремің. Фетр жұмсақ
материал, сондықтан білезік жасауға
өте ыңғайлы. Ең бірінші ашық түсті
фетрден бастадым - ашық қоңыр. А4 формат
көлемі фетрді төртке бөлеміз, ұзындығы
20-22 см, биіктігі - 7 см. Екі шеті - 20 см
қалдырамыз. Безендіруге келесі материалдар
қолдануға болады: түрлі-түсті фоамиран
қағаздары, түрлі-түсті моншақ, ілгек,
тесьма және т.б.
Қорытынды:
Дайын бұйым үлгісі. Сабағымызды
қорытындылай келе фетрадан әшекей
бұйымдарды жасаудың жаңа тәсілін жасап
үйрендік. Олай болса, шебер қолдардан
шыққан әшекей бұйымдарыңыз көркейе
берсін- деп бүгінгі сабағымызды
қорытындылаймыз.
Инсерт
әдісі бойынша.
Р/с
Не үйрендік.
Не
білдік.
Білгім
келеді.
1.
Білезік жасау технологиясы.
2.Білезік
түрлері.
3.Жасау
жолдары
4.Зергер
құралдары