400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс Тапқыр болсаң, талас жоқ 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
математика мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 23.04.2021 ж.

Мектеп: «Манашы жалпы білім беретін мектебі» КММ

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Сутенова Ләззат

Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  математикалық сайыс

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік

Өткізілу формасы: Топпен жұмыс

Мұғалім:
Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қостаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың атасы

Математика пәнінен

Сайысымызды бастаймыз.

Әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Жаратылыстану пәні мұғалімі: Рахметова Насихат

2. Математика пәні мұғалімі: Самаликова Асия

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.

«Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:

1. Таныстыру

2. Кім көп біледі?

3. Тапқырлық

4. Ойнайық та, ойланайық

5. Қорытынды

Мұғалім :

Бүгінгі  күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: 

І топ: «Зерек» тобы
ІІ топ:  «
Дарын» тобы

III топ: «Жігер» тобы

Жоспар бойынша топтар өздерін таныстырады.

«Кім көп біледі»? сайысында топтарға сұрақ қоямыз және сол сұрақтарға жауап берулері қажет.

1. 1кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма?

2. Жай сан деп қандай санды айтамыз.

3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек.

4. Жарты алманың жартысы неге тең?

5.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12кг тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады?

6. Алымы бөлімінен кіші бөлшек.

«Кім көп біледі»? сайысы бойынша топтарды бағалайды әділ – қазылар алқасы.

«Тапқырлық» сайысында әр топқа бір есептен беріледі.

І топ: «Зерек» тобына





ІІ топ:  «Дарын» тобына

III топ: «Жігер» тобына

Топтардың шапшаңдағына және есептің дұрыс шешілуіне қарай бағалайды.

«Ойнайық та, ойлайық» сайысында барлық топқа ортақ математикалық терминдер табуды және жұмбақ беріледі.


Осы жерден математикалық терминдерді табады.



Жұмбақты шешеді


Мұғалім:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын  атап өтсек.  Оқушыларды грамотамен марапаттау.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына,

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

Табиғаттың тылсым сырына.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
19.05.2021
1531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12