400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс Тапқыр достар 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімін және олардың қызығушылығын арттыру барысында жарыс ретінде ұйымдастырылған жұмыс түрі. Мұндағы тапсырмалар оқушыларды тез ойлауға, шапшаң қимылдап нақты шешім қабылдауға үйретеді. әрбір тапсырма оқушының жасына деңгейіне сай деп ойла
Материалдың қысқаша нұсқасы

48 Нұресіл орта мектеп












Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр» сайысы


Бастауыш сынып мұғалімі: Шари Ж.








2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: " Ойлы болсаң, озып көр" сайысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, өзгенің ойын тыңдау, сыйлау дағдыларын қалыптастырып, жан-жақты болуға, өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сайыс: Сайысқа 2 топ қатысады. Оқушыларға сайыстың шарты түсіндіріледі. Топтармен танысып, қай топ сайысты бастайтынын анықтау.

ІІІ. Сайыс кезеңдеріндегі тапсырмалар:

1. Кім жылдам?

2. Кім көп біледі?

3. Ойлан-тап;

4. Сиқырлы сөздер;

5.жүзден жүйрік;

ІV. Қорытынды.

Жүргізуші : Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

- Құрметті достар! Ақыл көпке жеткізеді. Өнер көкке жеткізеді.

«Білекті бірді жығар , білімді мыңды жығар»- дейді.

Балалар, бұл – жолбасы, даналыққа

Келіңдер түсіп байқап қаралықта

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес, жарық кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алалықта.

Олай болса сайысымызды бастаймыз.

«Білімділер» тобы

  1. «Алғырлар» тобы

Ендігі кезекте сайыс шарттарымен таныстырып өтейік.

1. Кім жылдам?

2. Кім көп біледі?

3. Ойлан-тап;

4. Сиқырлы сөздер;

5.жүзден жүйрік;

Осы кезеңдер бойынша әділ бағасын беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Сайыстың шартымен таныс болыңыздар:

Тапсырма шешімін жылдам тауып, жауап беру арқылы ұпай жинау. Сайыс 5 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларға 2 топ кезекпен жауап береді. Егер жауап берген топтың жауабы дұрыс емес болса, қарсы топ дұрыс жауабын білсе жауап беріп ұпайын өздеріне қосып алуларына болады.

Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болады.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп

Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы деп ұлы Абай айтқандай сырты күміс, іші алтын сөздерімен 2 топ өздерін таныстырып өтсе.

  1. «Білімділер» тобы

  2. «Алғырлар» тобы

1 –кезең.

бірінші Кім жылдам? кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде математика пәнінен 2 –топқа жеке –жеке 5 сұрақтан қойылады.

"Білімділер" тобы

1. 99 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

2. Бірінші сөреде 30, екіншіде 10 ойыншық кем аю бар.

Барлық ойыншық аю нешеу?

3. Бір ыдыстағы 8 алманы алып, оны 2 тәрелкеге бөліп салудың

жолын тап.

4. сәуле деген не?

5. 23 -пен 35-тің қосындысының мәнін тап.


"Алғырлар" тобы

1. Сандар қатарында 97 -ден кейін қандай сан келеді?

2. Бірінші қорапта 20 қоян, ал екіншісінде 4 артық қоян бар. Қораптарда қанша қоян бар?

3. Себеттегі 10 алмұртты екі ыдысқа бөліп салудың жолын тап.

4. кесінді деген не?

5. 45 -пен 15 -тің қосындысының мәнін тап.


2 –кезең.

«Кім көп біледі?» кезеңіне береміз.Әт топқа суреттер беріледі. Сол суреттерге қарап мақал мәтел айтады.

«Білімділер» тобына арналған


«Алғырлар» тобына арналған


3 –кезең

сайысымыздың үшінші «Ойлан , тап!» кезеңіне береміз. Бұл кезеңде әр топқа 4 жұмбақтан жасырылады.


  1. «Білімділер» тобына арналған жұмбақтар

Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар шешуі: тасбақа


Аяғы жоқ жүреді,

Ауызы жоқ сөйлейді шешуі: хат


Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым шешуі: шаңғы


Суға батпайды,

Отқа жанбайды шешуі: мұз


  1. «Алғырлар» тобына арналған жұмбақтар

Құйрығы сүйір,

Алаботаға үйір,

Оның аты – ------------ сиыр


Тастан - тасқа секірген,

Шұнаңдап ойнап есірген.

Құйрығы келте шұнақ,

Оның аты - ------------ лақ


Мүйізі тік,

Қойдан биік,

Оның аты –------------ киік


Тоны түкті түрпі,

Оның аты - ------------кірпі

4 –кезең

сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз «Жүзден жүйрік » кезеңінде оқушылар берілген сөздерден ым ишара арқылы қандай сөз жасырынғанын табу керек.

2) «Жүзден жүйрік» кезеңі (топбасшылары сайысы)
1-топ
Берілген сөздер: аю, түлкі, ақша, қалам.
2-топ
Берілген сөздер: қоян, телефон, гүл, компьютер.

5 –кезең

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып- тасып асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап зулап жатыр,

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайысқа керек екен, –деп кезеңіне беріледі.


"Білімділер" тобы



"Алғырлар" тобы




Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Әділқазылар алқасының шешімін хабарлау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаз болған топтарды мадақтап, мақтау қағазы беріледі.

Ән құсын ұялатып жүрегіне,

Ұшырсын балдәурен жас ұлы еліне.

Бүгінгі жастарымыз Мәншүк құсап,

Айналсын елдің берік тірегіне!

Өнер мен білімнің биігіне шыққан

Көбейсін білімділер әрбір тұстан

Ата салт дәстүрлерге берік болып,

Тәуелсіз жасай берсін Қазақстан! –деп бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Хош сау болыңыздар! Көріскенше күн нұрлы болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі