Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс Тапқыр Яссауитанушылар 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс Тапқыр Яссауитанушылар 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Яссауиді тарихи тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл - нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2020
417
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қармақшы ауданы, Төретам кенті «№80 мектеп - гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тарих пәнінің мұғалімі Сермағамбетова Айгүл Ерғазықызы

Тақырыбы:«Тапқыр Яссауитанушылар»
Мақсаты: Ахмет Яссауиді тарихи тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамытып, хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл - нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хикметтер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Айгүл: Саламатсыздар ма?! құрметті оқушылар және ұстаздар! 5 – 7 сынып оқушылар арасында «Тапқыр Яссауитанушылар» тақырыбындағы сайысқа қош келдіңіздер!
Фаризат:«Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға – Қожа Ахмет Яссауи, оның кесенесі байырғы Түркістанда орналасқан. Яссауидің тікелей жанқиярлық еңбегінің арқасында ғана қазақ тайпаларының ұлттық ортасында Ислам каньондары мен даналық дәстүр үндестік тапты. Қазақ халқының арасында көптеген түркі тілдес мұсылмандар үшін «Екінші Мекке» болған оның кесенесіне тәуап етеді» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтып кеткен.
Айгүл: Жалпы біз Қожа Ахмет Яссауи туралы, оның кесенесі және хикметтері туралы біз не білеміз?
Фаризат: Біз бүгінгі сайыста ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет»кітабының тәрбиелік мәнін ашуға тырысамыз. Сонымен сайыскерлермен таныс болайық:
І топ «Тарихшылар» (5 оқушы)
ІІ топ «Археологтар» (5 оқушы)

Жәнеде әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

ІІ. Негізгі бөлім
Айгүл: - Ал, енді сайысымызды бастамас бұрын кезеңдермен таныс болайық:
І кезең «Бәйге» ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
ІІ кезең «Жасырын сурет» жасырған суретті тауып және оған мәлімет беру. Бірінші болып жауап берген топқа 3 балл беріледі.
ІІІ кезең «Кім жылдам?» хикметті табу. Дұрыс жауапқа 5 балл.
ІV кезең «Аламан» берілген хикметті құрастыру. Бірінші болған топқа 10 балл.

Фаризат: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан – дей келе, сайысымыздың І кезеңі «Бәйге»
Сұрақтары:
1. Қожа Ахмет Яссауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды Орталық Азия жаһангері – кім ұйғарады және қай жылы? (1396 - 1399 Әмір Темір)
2. Бұл ғимарат неше бөлмелер тобынан тұрады? (8 бөлмелер тобынан)
3. Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан қандай сөздерді оқуға болады? («Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір - Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғаырлар жасауына нәсіп етсін!»
4. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде цилиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпымен жазылған жазулар мен ою - өрнектер түсірілген. Қандай сөздерді оқуға болады? («Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім» деген секілді, т. б. сөздерді оқуға болады)
5. Арыстанбабқа кезіккен кезіндегі аңыз?
6. Диуан - жинақ, хикмет қандай мағынаны білдіреді? (Алланың ақ жолын баяндайтын кітап)
7. «Диуани хикмет» кітабы туралы өз көзқарастарыңыз, пікірлеріңіз?
8. Қылуетке неше жасында түседі және не себептен?
9. Қожа Ахмет Яссауидің өзіне ұстаз тұтқан адамдары? (Арыстанбаб және Хәманади)
10. Тайқазан кесененің қай жерінде орналасқан? (Орталық залда)

ІІ кезең «Жасырын сурет» жасырылған суретті әр топ тауып, ол туралы қысқаша, әрі нақты мәлімет айту.
1. Құдықхана - ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізі арқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3, 5x2, 5 метрлік мозаикалық михраборнатылған. Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік - батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік - шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т. б. белгілі адамдар жерленген.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!