Сыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар сайысы" 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Тапқырлар сайысы" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, білім алушыларға керек, уәжі төмен оқушыларға көмек болады және математикаға қызығушылығы артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №48 о/м

Күні: 6.12.18ж.

Мұғалімнің есімі:Сарсенова А.У.

СЫНЫП: 11

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны:

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Тапқырлар сайысы»





Мақсаты

Оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытында оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Кәсіби даму мақсаты

Мемлекеттік білім стандартын қызықты математикалық ойын есептері арқылы меңгерту.

Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар

Нақтылы оқушылармен жеке сыйластық және сенімді қарым қатынас орнайды.

Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген,ұлттық сана – сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға қалыптасады

Бағалау критерийлері


Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса мақсатқа жетеді

Білу және түсіну

Өзіне,өз күшіне сенеді

Қолдану

Өз ойын, пікірін еркін айтады

Сыни ойлау (Зерттеушілік)

Ой елегінен өткізіп ,жылдам әрі ұтымды, құнды ой білдіреді.


Тілдік мақсаттар

Пәндік мақсат

Оқушылар:

Қызықты есептерді ,математикалық омонимдерді ,ребус шешуді,логикалық есептерді біледі және олардың өзара байланысын түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

математикалық терминдерді дұрыс қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Функция, диаметр, тригонометриялық функция графигі, экстремум нүктелері.


Құндылыктарды дамыту

Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, сол сияқты топпен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, бір-біріне қолдау көрсете алуы керек.

Аудиторияда әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Алдыңғы білім

Геометриялық денелердің грек тілінен баламасы,ережелер

Пәнаралық байланыстар

Физика, биология


АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың интерактив тақта арқылы презентациялардағы берілгендерді дұрыс алу, ұсынылатын интернет ресурстардан ақпаратты тиімді пайдалануды үйренеді.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10086-syndyq_nukteler_funkcziyanyng_ehkstremumderi

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 мин

1.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен дайындығын тексеру

2.нақыл сөз

3.Сайыс шарттарымен таныстыру

І айналымға іріктеу (3 сұрақ беріледі)

І айналым тақырыптары: Математикалық жұмбақтар

Геометрия

Сөзді тап

ІI айналымға іріктеу (3 сұрақ беріледі)

ІI айналым тақырыптары: Қызықты есептер

Неше?

Математикалық омонимдер

ІII айналымға іріктеу (3 сұрақ беріледі)

ІII айналым тақырыптары: Ребус

Қызықты математика

Логика

Ақтық кезең( 3 айналымның жеңімпаздары қатысады)

Ақтық кезеңнің тақырыптары: Қызықты қосынды

Қызықты математика

Бір сөзбен айтқанда...








Презен

тация














Ортасы

33 мин

І айналымға іріктеу сұрақтары

1.Үкі қөзінің алмасы формасы қандай?

А) шар тәрізді;

Б) куб тәрізді;

В) конус тәрізді;

Г) пирамида тәрізді

2.Кубтың қырлары мен төбелерінің қосындысы неге тең?

А) 12;

Б) 16;

В) 20;

Г) 22.

3.Төртбұрыштардың қайсысы параллелограмм емес?

А) квадрат;

Б) ромб;

В) тіктөртбұрыш;

Г) трапеция.

І айналым тақырыптарның сұрақтары:

1. Жұмбақтар

100 ұпай-Түрлі түспен киінген, алып доға иілген.

200 ұпай-Гүл ұшып гүлге қонады,Гүл бақшам гүлге толады.

300 ұпай-Екеуі тұрып тұр, екеуі жатыр, бесіншісі ары-бері жүріп тұр, алтыншысы жетектеп жүр, жетіншісі сықырлап ән айтып тұр.

2. Геометрия

100 ұпай-Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

200 ұпай- Египтен келген көпжақ

300 ұпай- Қызыл Армияның жоғары офицерлерінің ілгектеріндегі геометриялық фигураны атаңыз.

3.Сөзді тап

100 ұпай- Қатты ..., сұйық ..., газ тәрізді .., геометриялық …

200 ұпай- Негізгі ..., монотонды ..., өспелі ..., кемімелі .., периодты ..., сызықты …

300 ұпай- Сұрақты кімге бересің?... 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет кездеседі?

ІI айналымға іріктеу сұрақтары:

1. 1930 жылы әйгілі болған, бір-бірінің үстінде тұрған спортшылардың акробаттық фигурасы қалай аталынады?

А) цилиндр;

Б) призма;

В) пирамида;

Г) конус.

2.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?

А) 4

Б) 12

В) 16

Г) 8


3. Қай геометриялық терминнің грек тілінен баламасы «айналаны өлшеймін» дегенді білдіреді?

А) периметр;

Б) аудан;

В) көлем ;

Г) кеңістік .


ІI айналым тақырыптарның сұрақтары:

1.Қызықты есептер

100 ұпай-Үш бірдей квадрат болатындай 3 таяқшаны алып тастаңыз.

200 ұпай- 9 8 7 6 5 4 3 2 1 сандарының арасына қосындысы 99 болатындай етіп «+» таңбасын қалай орналастыру керек?

300 ұпай- Асан мен Үсен киоскіден 100 газетті 3 теңгеден сатып алып, оларды бес теңгеден сатты. Олардың пайдасы неше тенге болды.

2.Неше?

100 ұпай- Сұрақты кімге бересің?... Жазықтықта болмайтын, бірақ кеңістікте бар болатын түзулер

200 ұпай- Квинтетте неше музыкант бар?

300 ұпай- Үкі басын неше градусқа бұрай алады?

3.Математикалық омонимдер

100 ұпай- Суретші қана емес, Сонымен қатар функцияның өзгеру сипатын көрнекі түрде көрсететін сызық.

200 ұпай- Мемлекет тарапынан берілетін марапаттардың ресми жүйелілік реті, сондай-ақ әр түрлі қызмет саласындағы лауазым, сонымен қатар қандай да бір санды өзіне бірнеше рет көбейту

300 ұпай- Анатомиядағы ұзын тұйық канал ғана емес, Сонымен қатар, дөңестік, иілу дегенді білдіретін тригонометриялық функция

ІII айналымға іріктеу сұрақтары:

1. Біздің Галактикамыздың формасы қандай?

А) шар тәрізді

Б) спираль тәрізді

В) эллипс тәрізді


2. Грек тілінен «білік» деген сөзді білдіретін геометриялық дене А) шар;

Б) конус;

В) цилиндр.

3. Ең кіші мөлшер, ең кіші өлшем, шама қалай аталынады?

А) азғантай;

Б) кішкентай;

В) минимум;

Г) максимум.


ІII айналым тақырыптарның сұрақтары:

1.Ребус

100 ұпай- Т 100 У

200 ұпай

300 ұпай-

2.Қызықты математика

100 ұпай-Екі санын үш бес арқылы жазыңыз.

200 ұпай-Үш тілім нанды қуыру қажет. Табада екі тілім нанға ғана орын бар. Нанның бір жағын қуыруға 1 минут кетеді. Онда осы үш тілім нанды екі жағынан да қуыру үшін, ең кем дегенде неше уақыт кетеді?

300 ұпай-Қосымша сыйақының, сыйлықтың атауын жазайын деп едім, геометриялық фигура пайда болды

3.Логика

100 ұпай-Қандай да бір маңызды санды екі есе үлкейтті, айнаға қараса, онда 811 санын көрді. Бастапқы санды тап.

200 ұпай-Сұрақты кімге бересің?.... Әншілер тобы + оң жауап(орысша)= шекесінді

300 ұпай-Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?

5 ІК; ТЕМ 2; Т 100:10


Ақтық кезеңнің тақырыптарының сұрақтары:

1.Қызықты қосынды

100 ұпай- Нота + көп жылдық ағашты өсімдіктерден тұратын табиғи қор (орысша) = Ежелгі грек математигі

200 ұпай- Ғасыр (орысша) + сетка (қазақша) = бағытталған кесінді

300 ұпай- Сұрағыңды кімге бересің?.... КОТ + САН + ГЕН Тригонометриялық функция

2. Қызықты математика

100 ұпай-Жылдамдығына байланысты өсу ретімен келесі жануарларды орналастыр

А Піл

Б Сілеусін

В Түйеқұс

Г Керік

200 ұпай-Келесі аспаптарды өлшеуіне қарай орналастыр
1) ұзындық 2) температруа
3) қысым 4) жылдамдық

А термометр

Б спидометр

В сызғыш

Г барометр

300 ұпай- Дүкенде Жаңа жылға байланысты акция жүріп жатыр: 2 шоколад алған адамаға үшінші шоколад сыйлыққа беріледі. Шоколадтың бағасы 25 теңге. 300 теңгеге неше шоколад алуға болады? 3.Бір сөзбен айтқанда...

100 ұпай - «Алфавиттің бірінші әріпінің үшінші дәрежесі»
-Америкадағы мемлекет

200ұпай - Бұл төртбұрыштың грек тілінен баламасы «үстел» дегенді білдіреді, оның тек екі қабырғасы ғана өзара параллель.

300 ұпай- МННН- ККК = М

Презен

тация












http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10086












Аяқталуы

2мин

1.Сергіту сәті . « Бес жолды өлең құрастыру – мектеп, дос, зейін, алғыр, жетістік».

2.Тапқырлар сайысын қорытындылау - жеңімпаздарды анықтап,марапаттау.

«мектеп, дос, зейін, алғыр, жетістік» сөздері жазылған қима қағаздары

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту –қатысушылар арасында бір-біріне қолдау көрсетуді жоспарлаймын

Сайыс барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.Сайыс қатысушыларына ,жеңімпазға сыйлық ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ. Құндылықтармен байланыс(тәрбиелік элемент) Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі