400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: "Біз мамандық әлеміндеміз" (6 - сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Күні: 04.12.2019 жыл Сыныптар: 6 «А» және 6 «Б» Тақырыбы: «Біз мамандық әлеміндеміз» сайыс Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















«Біз мамандық әлеміндеміз»

(6 «А» және 6 «Б» сыныптары арасындағы сайыс)










Сыныптар: 6 «А» және 6 «Б»

Өткізген мұғалімдер:

Кенжалиева Б.О, Якудаева А.С

Өткізілген күні: 04.12.2019 жыл

Өткізілетін орны: Мәжіліс залы


















Байқоңыр қаласы, 2019 жыл

Күні: 04.12.2019 жыл

Сыныптар: 6 «А» және 6 «Б»

Тақырыбы: «Біз мамандық әлеміндеміз» сайыс

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бейнероликтер, тақырыптық слайдтар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта

Барысы:
«Қазақ биі» - 7 «Ә» сынып оқушылары

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар!

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға,

Шығарар олар бір таңда

Мен жастарға сенемін- деп, Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, Қайырлы күн, еліміздің ертеңі, жалындаған – жастар!

Бүгінгі 6 «А» және 6 «Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Біз мамандық әлеміндеміз» атты мамандықтар әлеміне жасайтын саяхат кешімізге қош келдіңіздер!

Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп, Мұқағали атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Біз бүгін осының екіншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан, біз, ұстаздар қауымы шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Бүгінгі кешіміздің мақсаты да – осы. Ендеше, болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз.

1. 6 «А» сыныбы. Сынып жетекшісі – Кенжалиева Багила Онгарбековна.

2. 6 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі – Якудаева Аида Солдатбайқызы.

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

1. Таныстыру кезеңі

2. «Білеміз бе?» презентация қорғау

3. «Мамандықты тап» ойыны

4. «Келісемін, келіспеймін, дәлелде» пікір сайыс

5. «Әуезді мамандық» ойыны

6. «Мамандықтар әлемінде» постер жасау

7. «Мақалды тап» ойыны

8. Бейнероликтер сайысы (еркін тақырып)

Сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Кожагулова Гульнар Кылышбековна – мектебіміздің бейінді жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2.


3.


Жүргізуші:

«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан» – деп ұлы Абай атамыз жырлағандай,
өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Ендеше, армандарыңыз орындалып, шындыққа айналсын деген ниетпен сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. «Таныстыру» кезеңінде қатысушы сыныптар өздерін танымал әуендердің ырғағына салып немесе түрлі билерден флешмоб жасап, өз сыныптарын таныстырады.

Жүргізуші: «Мамандық» сөзі латын сөзінен аударғанда, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді екен. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар да болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Алайда, заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Ендеше, сайысымыздың «Білеміз бе?» деп аталатын презентация қорғау кезеңін бастаймыз. Алдын ала екі сыныпқа тақырыптар берілген. Сол тақырыптар бойынша әр сынып оқушылары презентация арқылы түсіндіреді.

1. 6 «А» сыныбы - «Мамандықтар классификациясы».

2. 6 «Б» сыныбы - «Жұмысшы мамандығы – заман талабы».


Жүргізуші: «Мамандықты тап» ойыны. Қатысушыларға үлестірмелі кеспелерге жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандық иелерінің кескін-келбетін ым-ишарамен рөлге ене отырып, көрсетуі керек.


Жүргізуші: Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен?- деген сұрақтың алдында біраз тосылады. Ол тіптен, жылдар, айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін, өйткені бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата - ананың, туған - туыстың, іні - қарындастың, жора - жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн. Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар. «Кім болам?»- деген сөз бар? Оған да құлақ сал дей отырып, сайысымыздың төртінші кезеңін бастаймыз. «Келісемін, келіспеймін, дәлелде» пікір сайыс кезеңінде қатысушы сыныптар берілген тұжырымдарды оқып, осы тұжырымға өздерінің келісетін және келіспейтін айтып, ой-пікірлерін дәлелдейді.


Жүргізуші: «Әуезді мамандық» ойыны. Әрбір топ техникалық құралдар арқылы қойылған танымал әндерден үзіндіні тыңдап, сол әндердің қай мамандыққа сәйкес келетіндігін және сол мамандықтың нақты аттарын атап айтулары тиіс.


Жүргізуші: «Мамандықтар әлемінде» постер жасау. Берілген тақырып бойынша әр сынып мүшелері постер жасап, көпшілік алдында қорғайды.

1. 6 «А» сыныбы - «Қазіргі таңдағы жалақысы жоғары әрі қызықты мамандықтар».

2. 6 «Б» сыныбы - «Болашақта ең қажет етілетін мамандықтар».


Жүргізуші: Бейнероликтер сайысы. Әр сынып еркін тақырыпта өздері түсірген бейнероликтерін көрсетеді.


Жүргізуші: Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу! - дей отырып, бүгінгі сайысымыз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізге сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймыз. Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды.

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі сайысымыздың барысында айтылған ақыл кеңестерді, мәліметтерді жадыларыңызда ұстап, ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңізді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз! Бүгінгі сайысымызға келген құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет айтамыз!





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі