400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: "Мейірімі мол жандар."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ өте қызықты өтті. Барлық оқушы, мұғалімдер қатысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мейірімі мол- жандар

Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы, үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру ата-ананың ең маңызды міндеті- дей келе № 6 Шұбарқұдық негізгі мектебімізде 28 қазанда “Қамқоршы күні ” аталып өтті. Қамқоршы күнін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.Бұл іс-шараның мақсаты- баланы өз отбасына тәрбиелеу үшін алған отбасыларға алғыс айту, бөтен баланы бөтенсінбейтін және біреудің тауқыметіне немқұрайлы қарамайтын адамдарды марапаттау, балаларды орналастырудың альтернативтік нысандарын көпшілікке тарату.

22 қазан күні “Менің отбасым- менің қорғаным!” тақырыбында суреткөрмесі ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастыру мақсаты: оқушылардың отбасылық суреттер арқылы қадірлеуге, құрметтеуге және мәртебесін көтеруге үйрету. Көрмеге 5-7 сынып оқушылары белсене қатысты.

23 қазан күні “Мейірімі мол-жандар” тақырыбында 7 сынып оқушылары арасында шығарма байқауы өткізілді. Шығарма байқауында оқушылар белсене қатысты. Жеңімпаз 7- сынып оқушысы Ермекбаева Диананың шығармасын үздік деп танылды.

24 қазан күні “Жанашырлыққа жан-риза” атты дөнгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстелдің басты мақсаты: ата-аналарды мейірімділікке, бауырмашылдыққа, ұлт жандылыққа, балаларға мейірім мен тәлім- тәрбие бере отырып, мектеппен тығыз байланыста болуға шақыру.

25 қазан күні 5-9 сынып оқушыларының арасында мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған “Көңілді старт” атты спорттық жарыс өткізілді.

28 қазан күні Қмақоршы күнін қорытындылау негізінде “Жүрек жылуы” атты қайырымдылық концерт ұйымдастырылды. Концерттің мақсаты баланы өз отбасына тірбиелеу үшін алған отбасыларға алғыс айту, бөтен баланы бөтенсінбейтін және біреудің тауқыметіне немқұрайлы қарамайтын адамдарды марапаттау. Мектебімізде қамқоршылыққа алған отбасын марапаттап, гүл шоқтары мен шағын сыйлықтар табысталды.

Екі сағатқа созылған мереке жайында көп ой түюге болады. Расында да, мұндай мерекелер дәстүрге айналып жатса, әрбір жанның жүрегінен қоршаған әлемге деген жылулық пен махаббаттың табылары анық. Бізді қоршаған ортада, жалпы әлемде «мейірімді жандар» көп болсын!!!

Сіздің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.





№ 6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогі Н.Д.Алчурина



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі