жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сыныптан тыс жұмыс тақырыбы:Білгірлер бәйгесі
Бектұрғанов Ержігіт Қалжігітұлы
«№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі
Тақырыбы:
«Білгірлер
бәйгесі» Интеллектуалдық
ойыны
Мақсаты:
Интелектуалдық
сайысқа қатысушы оқушылардың тарихи
білімдерін дамыту,Қазақстан тарихы
пәніне қызығушылықтарын арттыру,
шығармашылық қабілеттерін нығайту,
тарихи зерделік қасиеттерін дамыту.
Сыныбы:7-8
Өткізілу
формасы: Сайыс
Көрнекілігі:
Білім туралы даналық сөздер жазылған
плакаттар, шармен әсемделеді,слайдшоу
Ашылу
сәті: Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен
- ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы
жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі
теориялық, тәжірибелік ізденістерін,
пікірлерін ұстанумен келеді. Бұл тұрғыдан
қазақ халқы да кенде емес. Ендеше,
Құрметті қонақтар, Тарих апталығының
7-8сыныптар арасындағы мектепішілік
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әділ
қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
1.
2.
3.
Сайысымызда
білімі мен тапқырлығымен сыналатын
қатысушыларымызбен таныстыратын
болсақ:
№1
топ : 7«А» сыныбы
Ұраны
–
№2
топ: 7«Б» сыныбы
Ұраны –
№3
топ : 8«А» сыныбы
Ұраны
–
№4
топ: 8«Б» сыныбы
Ұраны-
Ал
енді сайысымыздың бөлімдерімен
таныстырайық.
І тур. Жалпы сұрақтар
ІІ тур. Керемет алтылық
ІІІ тур. Абай әлемі
ІV тур.Мақал-мәтелдер
І тур. Жалпы сұрақтар
1.Наурыз көже неше түрлі тағамнан дайындалады?
А) 5 В) 7 С) 6
2. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия
3. 7мамыр елімізде қандай мереке?
А) Ұлы жеңіс күні В) Тілдер мерекесі С) Отан қорғаушылар күні
4 . 15қараша елімізде қандай мереке?
А) Республика күні В) Рәміздер күні С) Ұлттық валюта күні
5. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек
6. Абайдың шын есімі?
А) Сырым В) Ибраһим С) Әбдіманап
7. Сырдария өзенінің грекше атауы?
А) Дария В) Жейхун С) Яксарт
8. Жұт деген не?
А) малдың қоныс аударуы В) Малдың жаппай қырылуы С) Малдың төлдеуі
9. 31мамыр қандай күн ретінде аталып өтіледі?
А)Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу В) Демократиялық жаңару күні
С) Құрбан айт
10. Тасқа салынған сурет қалай аталады?
А) Бифас В) Петроглиф С) Микролит
11. 1995 жылы Қазақстанда қай ұлы тұлғаның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді?
А) Ы. Алтынсарин В) Ш. Уәлиханов С) А. Құнанбайұлы
12. Ең алғаш қолданылған металл?
А) Қола В) Темір С) Мыс
II тур “ Керемет алтылық ”
Бөлімдері: Қазақ-жоңғар соғыстары
Қазақ хандығы
Тарихи тұлғалар
Биылғы жылғы Басты оқиғалар
Әр түрлі
Мәдениет
Қазақ-жоңғар соғыстары бөлімі
Бұланты шайқасы қай жылы болды? 1728ж
Аңырақай шайқасы қай жылы болды? 1730ж
3. «Ақтабан шұбырынды ,Алқакөл сұламасы» жылдары А) 1723-1727жж
4.Жоңғар шапқыншылығы кезінде қайғы қасіреттен туындаған ән? А) Елім-ай 5.1710ж жауға соққы беру мақсатында қазақ ақсүйектері қай жерде құрылтай өткізді?
С) Қарақұм
Қазақ хандығы бөлімі
Қазақстанды Азияға шығатын «Кілт пен қақпа» деп таныған орыс патшасы? І Петр
«Жайық өзені қашан сарқылып,арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» деп мәлімдеген кіші жүз ханы? Әбілқайыр хан
1731ж Кіші жүз қазақтарынан ант алу мақсатында Петербургтен келген елші? Тевкелев
1731ж 10қазан күні Әбілқайыр хан мен бір топ сұлтандар Ресей империясының қол астына өту туралы антты қабылдады,оқиға қай жерде өтті? Ырғыз және Торғай өзендерінің арасындағы Майтөбе шатқалында
Абылай қай жылы хан тағына отырды? 1771ж
Әр түрлі бөлімі
1. Астана қаласының күні? 6 шілде
2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? Бәйтерек
3. Шиелі кентіндегі орталық алаң кімнің атында? М.Шоқай
4. Ақмешіт қаласының қазіргі атауы? Қызылорда
5. Әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама? Әл-Фараби
Тарихи тұлғалар бөлімі
1. Тары егуден рекорд жасаған? Ш.Берсиев
2. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? Т.О.Әубәкіров
3. Абайды әлемге танытқан? Мұхтар Әуезов
4. Биыл Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 110 жылдығы? Бауыржан Момышұлы
5. Ақ күріштің атасы деп танылған? Ы.Жахаев
Биылғы жылғы Басты оқиғалар бөлімі
Биыл ҚР Конституциясына неше жыл? 25жыл
Биыл Ұлы Отан соғысына неше жыл? 75жыл
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына неше жыл? 25жыл
Биыл Маңғыстау көтерілісіне неше жыл? 150жыл
Социалистік еңбек ері Шырынкүл Қазанбаеваның туғанына неше жыл? 100жыл
ХVІІІғ Мәдениет бөлімі
1.ХVІІІғ өмір сүрген атақты жырау,мемлекет қайраткері,Абылайханның кеңесшісі болған? Бұқар жырау Қалқаманұлы
2. Келін түсіру тойларында «Той бастар» әнімен басталатын өлең жолдары? Жар-жар
3. Музыкалық шығармалардың негізгі түрлері? Ән мен күй
4. Келін болып түскен қызға оның қайын жұртымен таныстыру мақсатымен жасалатын рәсім? Беташар
5.Ұзатылып бара жатқан қыз өзінің ата-анасымен,жақындарымен қоштасарда айтатын қыздың мұңды әні? Сыңсу
ІІІ тур. Абай әлемі бөлімі
10. Абай атамыздың бір қара сөзін жатқа айт
20. Абай атамыздың жыл мезгілдеріне байланысты жазған бір өлеңін жатқа айт
30. Абай атамыз айтқан қашық бол деген 5нәрсе,асық бол деген 5нәрсені ата
40.Абай Құнанбаевтың өмірбаянын айт
Өсек,
өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер
мал шашпақ -
Бес дұшпаның,
білсеңіз.
Талап, еңбек, терең
ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес
асыл іс, көнсеңіз.
Өсек, өтірік,
мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал
шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап,
еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым,
ойлап қой -
Бес
асыл іс, көнсеңіз.
ІV тур.Мақал - мәтелдер
4 топтың шапшаңдығын, алғырлығын, тіл байлығының мол екендігін тексерейік: (1минут ішінде ) Тақырыбы: Бірлік, жер, ел, отан, тіл, туған жер
Қорытындылау-Марапаттау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген