Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған ән байқауының сценерийі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
«Әнші балапан» патриодтық ән байқауы


















Дайындаған: Рысмамбет Мақтагул Ердесқызы

Музыка жетекшісі












Тақырыбы: Әнші балапан

Күні: 25 қараша

Уақыты: сағат 10 00

Өтетін орны: Акт зал

Сынып:1 – 4 сынып

Мақсаты: Байқаудың мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру.Оқушыларға әннің қадірін, әнді мәнерлеп айту қабілеттерін және әннің мағынасы мен мәнін түсіндіру.


1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, армысыздар!

Бәріңізде есен - сау бармысыздар!

Қош келдіңіздер әншілердің ордасына,

Роза, Мадина апалардың жалғасы бар.

2-жүргізуші:

Бүгінгі 1-4 cынып аралығында «Әнші балапан» ән байқауы өткізгелі отыр. Олай болса «Әнші балапан» ән байқауына /екеуі бірге/ қош келдіңіздер.

1-жүргізуші:

Байқауымызды бастамас бұрын байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар. Байқауға1-сынып пен 4-сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Ән жанды дауыста орындалуы тиіс.Әннің өңделуі /оранжировкасы/ сапалы болуы керек.Оқушылардың әнді орындауы,сахна мәдениетін сақтауы басты назарға алынады.Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп, ыстық ықыласқа бөлеген.2 - жүргізуші:

Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.Ендеше, біздің мектебімізде осындай оқушылар барма?

1 - жүргізуші:

Әрине бар. Біздің мектебімізде жез таңдай әншілер өте көп.Ол әншілерді сіз болып, біз болып бәріміз тыңдайық,әділ бағасын берейік.

2 -жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.

Балапанды әншілер деп жүрейікші.

Әділқазы алқалармен танысайық.

Болашақ әншілерге сәттілік тілейікші,- дей отырып әділ қазы алқаларымен таныс болыңыздар:

Мектеп-лицей директоры: Өтепбергенов Ерлан Әмірханұлы

Мектеп-лицейдің ұйымдастырушы педагогі Жиенқұлов Қуаныш

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ысқақова Алтынай Амангелдіқызы

Мектеп-лицей психологі:Құлтанова Гүлзира апай

Мектеп-лицей тәлімгері:

1 - жүргізуші:

Міне, «Әнші балапан» байқауының әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен де таныс болдық. Олай болса тұрмайық, байқауымызды бастайық.

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған.
1-жүргізуші:

Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе сахна төріне байқауымыздың алғашқы талапкерін шақырамыз. «Қазақстан бақытты»әнімен сахна төріне 4 «Ж» сынып оқушысы Нақыш Назымды шақырамыз,қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші:
Сахнада ән сап жүреді,
Бибінұрды бәрі біледі.
Қазіргі бізге тартуы,
Әсем ән ана тілегі.
«Ай лама Мами» әнімен 4 «Д» сынып оқушысы Жеңіс Бибінұрды қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Қазақ елі биіктерге бастады,
Биік болсын алға басқан қадамың!

«Қазақ елі осындай» әнімен сахна төріне 2 «Б» сынып оқушысы Айтбаев Арсланды шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

. «Жаса,Қазақстан» әнімен сахна төріне 2 «Е» сынып оқушысы Серікбай Думанды шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:
Мұңға батқан жүректі ән оятар,
Тәтті үннің әсері жан оятар.
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап,
Жас балаша көңілді жадыратар.- дей келе сахна төріне 1 «Б»сынып оқушысы Мауленбаева Томирис «Мама» әнімен шақырамыз, қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Жас дәуірдің түлегіміз,
Отан деп соққан жүрегіміз.
Әрқашанда тыныш болсын,
Осы біздің тілегіміз. - дей келе сахнаға «Жас дәуірдің түлегіміз» әнімен 2«И»сынып оқушысы Дошан Нұрисламды шақырамыз, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Орындап ата - ана өсиетін,
Баламын жасы үлкенге бас иетін.
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.- дей келе сахнаға «Детство» әнімен 3 «Г»сынып оқушысы Серікбай Гүлфайрузды шақырамыз, қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.

2 - жүргізуші:

Ендеше сахна төріне жастайынан әнге машықтанып келе жатқан Нұржанды шақырайық.
Әрбір ғажап әлемге арнап,
Әсем бір ән айтайын еліме арнап - дей келе 4 «Г» сынып оқушысы Захрадин Нұржанды «Сыр елім» әнімен қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Уа, туған жер, дариға алтын бесік,
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп.
Бір шумақ саған арнап ән жазбасам,
Сағыныштан кеудеме келеді өксік. - дегендей
«Туған жер» әнімен 3 «Д» сынып оқушысы Қадірбай Арайлымды қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші:

Бұл шақта,бұл шақта,

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз. – деп өздері кішкентай бүлдіршін болса да елін қорғауға дайын екендерін әнмен жеткізгісі келіп отырған Мади мен Хабибуллахты сахна төріне шақырамыз. «Ел қорғауға әзірміз» әнімен сахна төріне 2 «А»сынып оқушылары Кенжалы Мадиді шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.- дей келе
сахна төріне байқаумыздың ең жас бүлдіршіні, 1«Г» сынып оқушысы Сахи Інжуді «Отан» әнімен шақырамыз.Қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы,кенеле бер.

Бүгінгі мерекені өзінің әжесімен бірге тойлап отырған, 1-Ж сынып оқушысы Оңбосын Диасты шақырамыз. Диас бізге «Әжем айтқан ертегі» әнін орындап береді.Қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші:

Достық, достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.
Сахнада « Егеменді Қазақстан» әнімен 3 «В»сынып оқушылары Жексенбі Әсетпен Райымбек Ерасыл, қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Өз елім өлеңім, де өнерім де,
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде.
Еліме арнап бар ғұмырымды,
Шаттанып жүрейін тек өз елімде.

Сахна төріне «Ақ көгершін» әнімен 3 «Ж» сынып оқушысы Балмаханова Гүлсаяны шақырамыз, қарсы алыңыздар.


1 - жүргізуші:


Елімде бейбіт, тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

2- жүргізуші:
Еліміздің тыныштығын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!-дей келе сахна төріне «Әнші балапан» байқауының соңғы үміткерін шақырамыз. «Қазақстаным алға» әнімен сахна төріне 2 «Д» сынып оқушысы Берікқызы Айдананы шақырамыз. /екеуі бірге/ Қарсы алыңыздар.                  

1 - жүргізуші:

Осымен 1-4 сыныптар арасында өткізілген «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
атты «Әнші балапан» ән байқауы өз мәресіне жетті.


2 - жүргізуші:

Ендеше «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.

/Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыларды дипломдармен марапаттайды/


Хабарландыру!


«ӘНШІ БАЛАПАН» БАйҚАУЫ


25 қараша күні сағат 10-00 де 1-4 сыныптар аралығында мектепішілік «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
атты «Әнші балапан» байқауы өткізіледі. «Әнші балапан» байқауына

1 - сынып пен 4 - сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.

«Әнші балапан» байқауына келіңіздер, көріңіздер, тамашалаңыздар!

Өтілетін орны: АКТ залы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!