жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс жұмыс "Тәуелсіз елім - Қазақстан" , 4 сынып
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Тақырыбы: «Тәуелсіз елім – Қазақстан»
Мақсаты: Отанымыз –Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы шежіресі жайлы ой қозғау.
Міндеттері:
Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерін ояту.
Өзара сайысты жылдам ойлау,тез шешім қабылдап,өз пікірін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Ел ертеңі жастардың ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, тәрбиелеу.
Кіріспе: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар .
Алдымызда еліміздің ұлы мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл шын мәніндегі ұлы мереке. Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес. Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Биылғы жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы мен тәуелсіздіктің 24 жылдығына тұспа-тұс келуде. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бақытты бағалай білу. Осыған орай баршаңызды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бүгінгі зияткерлік ойынға қатысушыларды іріктеп алу үшін жалпы көрермендерге сұрақтар.
1.Қазақстанның бас қаласы? (Астана)
2. Президент күні қашан (1 желтоқсан)
3.Биыл қаламызға неше жыл. (70ж)
4.Абылай ханның шын есімі (Әбілмансұр)
5.Қазақ хандығына неше жыл (550ж)
6.Қазақстанның жаңа бас қаласының тұсаукесері қай жылы болды? (1998ж )
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» күніне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысушыларды таныстыру.(аты- жөндерін атап шақыру)
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
- Әділқазылар алқасымен таныстыру:
Сайысқа қатысушыларға сұрақ
-Өмірлік ұранымыз қандай болмақ ?
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз
Жеңіске жетеміз –деп
Жалынды ұран тастаймыз.
- Бүгінгі ойын төрт айналымнан тұрады:
1-айналым Жалпы сұрақ
2- айналым Бәйге
3- айналым Көкпар
4-айналым Жорға
Жүр:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп сайысымызды бастаймыз.
1-айналым Жалпы сұрақтар
Шарты:
Бұл айналымда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс сұрақтар қойылады.
12 сұраққа жауап беру керек .Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар..Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қойылған сұрақтың дұрыс жауабын сайыскерлер алдарындағы парақшаға белгілейді.
Сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің жауап парағы сарапшыға беріледі.
1.Қазақстан Республикасында Тілдер күні қашан тойланады?
а) 25 қараша ә)28 қазан б) 22 қыркүйек*
2. Тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш президент сайлауы қашан өтті?
А) 1991ж 1желтоқсан * ә) 1992 ж 1желтоқсан б) 1993ж 1желтоқсан
3.Астана қаласының мейрамы қай күн ?
А) 6 тамыз ә) 6 шілде * б) 10 маусым
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?
А) Қанатты тұлпар* ә) Қар барысы б) Шаңырақ пен уық
5. Қазақстан неше елмен шекаралас?
А) 4 ә) 5 * б) 6
6. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
А) Нұра Ә) Іле б) Есіл*
7. Бәйтеректің биіктігі қанша?
А) 105м * ә)107м б)110м
8.А) Ж.Нажімиденов ә) Ш.Қалдаяқов * б) Н.Назарбаев
9. Астана қаласындағы мемлекетіміздің тұңғыш елбасының мұражайы қашан ашылды?
А) 2004 жыл, тамыз ә) 2005 жыл, наурыз * б) 2006 жыл, сәуір
10. Нұрсұлтан Назарбаев неше жасында Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды?
А) 51 * В) 52 С) 41
11. Еңбек жолы неден басталды
А) қара жұмысшы * ә) Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы б) комсомол жұмыстарында жауапты қызметкер
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген?
А) Қанатты тұлпар* ә) Қалықтаған қыран б) Алтын адам
2-айналым «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Ойыншыларға әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар.
Бәйге, бәйге бәйгелерді көріңіз
Шарты:
Алғашқы ұпай саны сақталады. Әр ойыншыға 6 сұрақтан болады. Ойынды ең көп ұпай жинаған ойыншыдан бастаймыз.Егер ол жауап бере алмаса,қарсыластар сөзінен кейін, келесі ойыншы таяқшаны көтерсе жауап бере алады.
Әр жауап 1 ұпаймен есептеледі. Ұпайы аз 3 ойыншы ойыннан шығады.
1.Еліміздің өз тәуелсіздігі қашан ресми түрде жарияланды? (1991ж 16 жел)
2. Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады?(Бейбітшілік пен келісім сарайы)
3. Қазақстан Республикасы Елтаңбасында нелер бейнеленген? (Шаңырақ,қанатты пырақ, жұлдыз,Қазақстан жазуы т.б)
4. Қазақ тіліне қай жылы мемлекеттік мәртебе берілді? (1993ж
5.Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған қай мемлекеттің туы.(Түркия)
6.Қазіргі кездегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды?(1995ж 30тамыз)
1.Тәуелсіздіктің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш. (Тәуелсіздік монументі)
2..Қазақстан Республикасының Туының авторы.(Шәкен Ниязбеков)
3.Қазақстан астанасы Ақмолаға қашан көшірілді? (1997ж 10 желтоқсан 4.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат.(Бәйтерек)
5.Елбасының 2005жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? (Еуразия жүрегінде) *
6.Алтын адам қайдан табылды? (Есік қаласынан)
1.«Балалық шағымның аспаны»фильмінде елбасының жас жігіт бейнесін сомдаған актер, әнші,сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)
2. Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атау.(Ғасыр адамы)
3.Қазақстан халықтары Бас Ассамблясының басшысы кім?(Н.Назарбаев)
4.Елбасы басқаратын саяси партия.(Нұр Отан)
5. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады?(Байқоңыр)
6. Мемлекеттік әнұранның авторлары кімдер?(Жұмакен Нәжімеденов.Нұрсұлтан Назарбаев)
1.Астана қаласының бұрынғы аты? (Ақмола)
2.Елбасы 1960 жылы қай қалада өзінің еңбек жолын металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады?(Теміртау)
3.Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазмды тұлға.(Президент)
4.Мемлекеттік рәміздерді ата.(Ту.Елтаңба.Әнұран)
5.Астана қаласындағы Гиннестер рекортар кітабына енген океанариум (Думан)
6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының белгілері қандай?(ою-қошқармүйіз,қыран-бүкіт,күн шапағы,түсі көгілдір)
1.Қазақстан Республикасының ұлттық теңгесі қашан айналымға енді?
( 1993ж 15 қараша )
2. Әнұранның сөзі қай жылы өзгертілді?(2006ж)
3.Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан .(Еуразия)
4.Қазақстан Республикасының рәміздер күні қашан?(4 маусым)
5.Қаламыздағы ақ күміспен күптелген көгілдір күмбезді «Тұңғыш Президент тарихи- мәдени орталығы» қашан ашылды? (2011ж.30қазан)
6.Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?(Ресей,Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан)
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі үшін күрескен , жастар кімдер?(Қайрат Рысқұлбеков,Сабира Асанова,Ләззат ,Ербол Спатаев)
2. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары.(Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов)
3.Нұрсұлтан Әбішұлының ғылыми атағы қандай? (экономика ғылымдарының докторы)
4. Қазақстанның тұңғыш астанасы болған қала. (Орынбор)
5.Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі. ( гольф)
6.«Әнұран» сөзі қандай мағына береді? (Салтанатты ән)
3-айналым « Жеті тілді білсеңіз бар әлемді билейсіз» деп келесі айналым
«Көкпар»
Әр ойыншыға 3 жұмбақтан беріледі.Шешуін қазақ-орыс тілдерінде айтса бір- бір ұпайдан беріледі, ағылшын тілінде жауапқа 3 ұпай ,толық ұпай 5 ұпай болады.Егер шешуін таба алмаса, келесі ойыншы қарсыластар деп айтқаннан кейін жауап беріп ұпай алады.
Жұмбақтар
1.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (білім-
2. Білімнен мол сый-асы,
Балдырғандардың ұясы. (мектеп-школа
3. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер – земля)
4.Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді (қарындаш-
5. Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім
Асыл сөз жазып (дәптер-тетрадь-
6. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып,
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тәмән халық. (кітап – книга)
7.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі (сызғыш-
8.Кең алаң –тақырдан,
Шиырлап қайтадан,
Ақ қант қатырған. (бор-мел
9. Бір санға өсіреді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшіреді. (сынып-класс
Шарты:
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.3-ші кезеңдегі ұпай саны сақталады.
2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақта күрделене түседі.
4-айналым «Дода» «Менің елім- Қазақстан»
Сұрақтар:
1 .Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім?
(Тоқтар Әубәкіров) 10ұпай
2.Астана қаласындағы мемлекетіміздің тұңғыш елбасының мұражайы қашан ашылды? (2005ж) 20ұпай
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?
(9 бөлім. 98 бап-- сурет) 30ұпай
4. Қазақ жастарына әлемдегі беделді оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін жобаның атауы қандай? (Болашақ) 40ұпай
5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тудағы қыран нені білдіреді? 50ұпай тудың суретін қою
1-ші дала қыраны дүниедегі ең ірі құстың бірі-бүркіт
2-ші бүркіт өте күшті, жүректі ж/е төзімді
3-ші балапанын әрдайым қорғап жүреді, өте ақылды
4-ші басқа құстардың бәрінен биік ұшады ,көзі қиядағыны шалатын қыран құс.
1. «Әуендер қобдишасы»
2.Әнұранды тыңдау.Қандай ән және әнін жазған кім? 10ұ---?
5. Күй тыңдау.Күйдің аты қалай аталады? (Балбырауын) (20ұ)
4. Әнді тыңдау «Елім менің» Осы әннің сөзін кім жазды? (Н.Назарбаев) 30ұ
4. Әнді тыңдау. Сұрақ: Елбасының ақындық шабытынан туып, әнге айналған, МҰЗАРТ тобының орындауындағы сазгер А.Қоразбаевтың әніне жазылған өлеңнің атауы. (Үш қоңыр) 40ұпай
5. Әнді тыңдау «Желтоқсан желі» өлеңінің авторы (Әбиірбек Тінәлиев) 50ұ
« Қазақ батырлары»
1.Қазақтың қос жұлдызы атанған батырлар (Әлия мен Мәншүк) 10
2.Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған.
Қазақ деген халқының,
Батыр шыққан даңқынан. Қай батырға арналған. (Бөгенбай .Бұхар жырау ) 20ұ
3.Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры әрі жазушы кім? (Бауыржан Момышұлы) 30 ұпай сурет
4.Жақыннан жарым жау шықса,
Белбеудегі пырағым.
Мың жылқыны суарған,
Төскейден асқан бұлағым. Қай батырға арналған, кім шығарды? (Қабанбай , Бұхар жырау ) 40ұпай
5.Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер
Қалың қазақ елінің
Кегін қанмен жуған ер. Сұрақ: кімге арналған (Амангелді батыр) 50ұпай
«Қазақ хандығына 550 жыл»
1.Ағыбай батыр тұсындағы билік құрған хан (Кеңесары) 10ұ
2.Махамбет пен Исатай қай ханның тұсында өмір сүрген? (Жәңгір хан) 20ұ
3.«Сабалақ» атанған хан? (Абылай) 30ұ--.
4.Ең алғаш қазақ хандығы қай жылы құрылды?(1465-66ж) 40ұ
5.Қазақ хандығының негізін салған кімдер?(Керей мен Жәнібек) 50ұ
Хор: « Қазақстан» Бүгінгі мерекеге тарту ретінде «Айгөлек» биін тамашалаңыздар!
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тыңдайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар өз пікірлеріңізді айта кетсеңіздер.
«Тәуелсіз елім – Қазақстан» күніне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының
жеңімпазы _____ сынып оқушысы ___________________________________________________
ЖҮР: Мақтанамын кең- байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп.
Тілеймін о,туған жер, пейілім шын-деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл ізденгіш, білімді ұрпақ тілеймін. Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы». Тәуелсіз елім –тірегім атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген