400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Тіршілік иесі - ұлы табиғат" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие туралы түсініктерін кеңейту. Адамгершілікке, жауапкершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Сынып сағатының өтілуіне байланысты құқық мамандары туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған орта, табиғатты сүюге, оны қорғауға, аялайға баулу. Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тіршілік иесі – ұлы табиғат!

Сабақтың мақсаты: Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие туралы түсініктерін кеңейту. Адамгершілікке, жауапкершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Сынып сағатының өтілуіне байланысты құқық мамандары туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған орта, табиғатты сүюге, оны қорғауға, аялайға баулу. Құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының картасы

  2. Табиғат, флора мен фауна (фотостенд)

  3. «Туған жердей жер болмас» буклет

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сот сабағының барысы

Сотқа қатысушылар:

1.Сот, екі кеңесші

2.Хатшы

3. Жәбірленуші (жер, Табиғат)

4. Айыптаушы (прокурор)

5. Куәгер мамандар (геолог, су маманы, топырақ зерттеуші, өсімдіктанушы, жануартанушы, атмосфера зерттеуші, эколог)

6. Қорғаушы (адвокат)

7. Айыпталушы (адам)

Хатшы: Сот келеді орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот. Отырыңыздар! Адамнан жәбір көріп жапа шеккен, Адамның әрекетінен табиғатына зақым келіп көптеген табиғат компоненттері құрып кету алдында қалған жәбірленуші жердің шағымы бойынша іс қозғалды. Істі экология соты жүргізеді. Куәгерлерді сотқа куә бергендеріңіз үшін айыпталғандарыңызды естеріңізге саламын. Сөз кезегі жәбірленуші Жер-анаға беріледі.

Жер: Мен Жермін, Табиғатпын адамды келесі қылмыстары үшін айыптаймын. Адам жыл сайын жер қойнауынан 100 млн.тонна пайдалы қазбалар алады. Егін даласына 500 млн.тонна минералды тыңайтқыш шашады. 30 млн.тонна улы химкат пайдаланады. Атмосфераға 20 млрд. Тонна көмірқышықыл газы, 700 млн.тонна әр түрлі қосылыстар тастайды. Осыдан көптеген экологиялық проблемалар пайда болады.

  1. Озон қабығының жұқаруы, озон тесіктернің пайда болуы

  2. Атмосфералық жылыжайлық өзгеріс

  3. Қышқыл жауын-шашындар

  4. Жер топырағының құнарлығының азаюы, құрғауы, тұздануы

  5. Орман-тоғайдың кемуі

  6. Өзендер мен көлдердің тартылуы

  7. Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы

  8. Жердің барлық қабаттарының ластаны

  9. Адам атом қаруымен менің табиғатымның өмір сүруіне үлкен қауіп төндіріп тұр

Мен адамды жазалауды өтінемін. Адамға Жер планетасында тұруға болмайды. Оның Жерден қуылуын сұраймын. Осы сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерді тыңдауларыңызды өтінемін.

Сот: Куәгер геолог залға шақырылады.

Геолог: Күн әлемінде 9 планетаның бірі – Жер. Жер адамзаттың бір мекені. Жер қойнауынан өзіне қажетті қазбаны жерден ала бастады. Алғашында адам өз қажетіне 8 металл пайдаланған – алтын, күміс, темір т.б. Қазір жер қойнауынан 200 түрлі түсті шикі зат алынады. Ашылған заттарда пайдалы қазбаларды көздері өмір мен тірі табиғатпен салыстырғанда олар қайтып қалпына келмейді. Ерте ме, кеш пе олар таусылады. Осыған байланысты қазба орындарын үнемдеп пайдалану керек. Ғалымдардың есебі бойынша жер қойнауынан 225 млрд.тонна пайдалы қазблар алынған. Ал кейбір ғалымдардың есебі бойынша қазіргі өндіру бойынша кен қоры:

  1. Қорғасын – 2015 жылға дейін

  2. Керамзит – 2045 жылға дейін

  3. Темір – 2055 жылға дейін

  4. Никель – 2040 жылға дейін

  5. Мұнай және табиғи газ – 2030 жылға дейін

Ал тас көмір болса 2100 жылға дейін жетеді екен. Қазақстан барлық пайдалы қазбалар қорына бай. Адамзат әлі кең байлығын тиімді, қоршаған ортаға зиянсыз сарқылмайтын жел, күн энергиясын пайдалануй жолға қоймай келеді.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса залға келесі куәгер су маманы шақырылады.

Су маманы: Су баға жетпес табиғи байлық. Жер планетасын 3\4 бөлігін су алып жатса, тұщы су үлесі 2,5 % ғана. Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Адамның да өсімдік жануарлардың да денесінің көп бөлігі судан тұрады. Тірі организмдегі зат алмасу процессі тек су арқылы жүреді. Су жақсы еріткіш, жылу сақтағыш, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, күнделікті тұрмыс сусыз жүрмейді. Қазақстан тұщы су жеткіліксіз аймаққа жатады. Амудария мен Сырдария суларын бұрудың салдарынан Арал тартылды. Каспий теңізі мұнай өнеркәсібінен зардап шегуде, жағалауында аққу құстары қырылып жатыр. Балқаш көліндеде су деңгейі төмендеп. Суы өнеркәсіп қалдықтарымен ластану салдарынан балығы жеуге жарамайды.

Сот: Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Бірінші кеңесші: Қазір балықтардың қаншама түрлері азайғандығы тураоы деректер бар ма?

Куәгер: Ондай деректер «Экология мен экономика» журналында жарияланып тұрады.

Сот: Куәгер топырақ зерттеуші залға шақырылады.

Топырақ зерттеуші: Жер планетасы жұқа топырақ қабатымен жабылған. Топырақ күрделі табиғи зат. Жүздеген жылдар тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінсң күрделі әсерлесуінен пайда болған. Халық санының егістік жерлерінің көбеюі биосферадағы экологиялық теңдікті жоятынын ескерген жөн. Жер, қала, жол, завод, фабрика, әуе-жай демалыс орындарымен қажет.Адамзат өз өмірінде 1,9 млрд. га Жерді шөлге, сазға, жыраларға айналдырып, құрдымға жіберген.

Сот: Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Айыптаушы: Ауыл шаруашыылғы топыраққа қандай зиян келтіреді?

Куәгер: Ауыл шаруашылығының топыраққа тигізетін зияны көп. Түрлі тыңайтқыштар, пестицидтер топырақты уландырып одан өсімдіктер уланады.

Сот: Куәгер өсімдіктанушы залға шақырылады.

Өсімдіктанушы: Адамзат та, жануарлар әлемі де өсімдік дүниесімен тығыз байланысты. Біздің планетамызда микроскоппен көрінеді, есептегенде 500 мыңдай түрі белгілі. Өсімдіктің адамға тигізетін пайдасы зор. Топырақтан құнарлы қабатын түзейді, атмосфераны оттегімен байытады. Ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, күн сәулесімен күрделі түзіліс- фотосинтез арқылы адамға қажетті органикалық заттар ауаға оттегін шығарады. Өсімдіктің біразын тамққа пайдаланса, бір тобы әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады, дәрі-дәрмек, бояулар алынады.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса залға келесі куәгер жануартанушы шақырылады.

Куәгер жануартанушы: Жер бетінде адамзатпен көршілес тіршілік ететін сондай ғажайып өкілдері – жануарлар әлемі. Табиғатта жануарлардың 2 млнға жуық түрлері бар. Жануарлардың табиғаттағы рөлі маңызды. Адам әрекетінен табиғаттағы тепе-теңдік бұзылып қолайсыз апаттар, жағдайлар тууда. Австралияға алып келінген қара қой тек қана тезек өңдейтін жануар болғандықтан жайылымдарды қалың көң баысп шөп өспей қалған.

Сот: Сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса залға келесі куәгер ауа райын зерттеуші шақырылады.

Куәгер ауа райын зерттеуші: Жер планетасын атмосфера күн сәулесін өткізіп жер бетінің қызуын қымтап ұстап оны салқындатудан сақтайды. Жер бетінде өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер тіршілік атулы ауамен байланысты. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы озон қабатының тіршілік үшін ерекше мәні бар. Бұл сәуле адамның денесін күйдіріп, пайдалы бактерияларды да қырады

Сот: Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Екінші кеңесші: Бүгінгі күндері жиі болып тұратын табиғаттғы атом катоклизмаларының себебі неден деп ойлайсыз?

Куәгер: Олардың себебі адамның табиғатқа жасаған үстемдігінен екендігі дәлелденіп отыр.

Сот: Айыпкер адам осы айтылған кінәларды мойындайсыз ба?

Адам: Құрметті сот мүшелері, қымбатты Жер мен өз кінәмды мойындаймын. Мен ешқашан жерге қастандық жаман әрекет істеген емеспін. Менің істеген әрекетәм Жер ананы гүлдермен сәндеу еді. Мен өзімнің қуатымды, білімімді табиғат қорғау жұмыстарына жұмсаймын.

Сот: Айыпталушы куәгерге сұрақтарыңыз бар ма? Сөз адамның куәгері экологқа беріледі.

Эколог: Адам табиғаттың перзенті. Демек, адам баласы өзінің саламаттығын ойласа, барды құйып алып оны дұрыс қолдана білуге, қисынына келтіруге айрықша мән ебру керек. Табиғатты қорғау мәпелеу адамның борышы, осыған байланысты адамзаттың тұрмысын жүргізіп жатыр.

Сот: Куәгерге сұрақтарыңыз бар ма?

Айыптаушы: Қазақстандағы қорықтар өз мәнімен жұмыс жатыр деп ойлайсыз ба?

Эколог: Ия, қорықтарды тек қорғап қана қоймай, табиғат өсімдіктерін зерттеу сандарын көбейту жұмыстары қолға алынған.

Сот: Сөз адамның қорғаушысына беріледі.

Қорғаушы: Құрметті сот мүшелері жер зерттеулер бойынша 6 млрд.жыл өмір сүріп келеді. Ал адамзат өмірі небәрі 1,8 млн. жыл өмір сүруде. Бұл сандарды тіпті де салыстыруға клмейді. Себебі салыстыратын болсақ адам кәмілеттік жасқа да толмаған әлі өмірін ойынмен, үйренумен, өсумен өткізіп келеді.

Сот: Қорғаушыға сұрақтарыңыз бар ма?

Айыптаушы: Жерді гүлдендіру үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр?

Қорғаушы: Жыл сайын экологиялық сенбілік, айлықтар ұйымдастырылады. Онда ауыл, қалалрды көгалдандыру, саябақтар санын көбейту сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Сот: Айыпталушыға соңғы сөз беріледі.

Айыпталушының соңғы сөзі: мен барлық кінәларымды мойындаймын, жасаған қателіктерімді өзім түзеймін. Мен Жер - Ан–ның төл перзентімін.

Жердің, табиғаттың адамсыз өмір сүретінін, ал адамның жерсіз, табиғатсызөмір сүре алмайтынын енді түсіндім. Мені кешіріп жерде қалдыруыңызды өтінемін. Өз қателерімді түзеймін.

Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар. Сот үкім шығару үшін үзіліс жариялайды.(М.Мақатаевтың «Қайырлы таң» өлеңі оқылады)

Хатшы: Сот келеді орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот: Табиғаттың байлығы жер. Адамдар, өсімдіктер мен жануарлар өз қорегін осы қар жерден алады. Жердің қасиетін сақтау, жер жомарттығынжойып алмау адамдардың қолында. Сондықтан табиғат пен Жер-ананы сүйе білу, оны аялау адамдардың азаматтық борышы.Жәбірленуші, жәбірлеуші және куәгерлерді тыңдап, қорыта отыра Қазақстан қылмыстық істер кодексінің «Қоршаған орта және оны зиянды әрекеттерден қорғау» туралы 85 бабы бойынша мынадай шаралар береді:

  1. Табиғаттағы тепе-теңдік сақталу, іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың орындалуы қадағалансын.

  2. Жерге қиянат жасалмасын.

  3. Мектептерде экология және валеология сабақтары міндетті түрде жүргізілсін. Осы шаралардың орындалуын мектептегі «Жасыл Ел » үйірмесіне жүктелсін. Сот мәжілісін жабық деп жариялаймыз.



«Атамекен» әні орындалады.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі