Сабақтың
тақырыбы: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Мақсаты:
1.
Оқушылардың білімдерін жинақтап,
тереңдету.
2.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,
шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін
арттыру.
3.
Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің
пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа
баулу.
Көрнекілік:
жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер,
презентация.
Түрі:
интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
Ойынның
тақырыбы мен мақсатымен (слайд)
таныстыру.
Бәйгеге
түсіп жарыспай
Жүйріктің
бағы жанар ма?
Білім
мен өнер жарысып,
Тәрбие,
тәлім табар мән.
Бұл
бәйге ойдың бәйгесі
Кім
жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі
интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде
өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді
көрсетіп, ортаға салыңдар.
Әділ
қазы алқаларымен таныстыру
Ойынға
2 топ қатысады. Ойын
V айналымнан тұрады.
Ойын
ережесімен таныстыру.
Ойынды
бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен
таныстырады.
І-топ.
Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз:
Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең
әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ.
Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз:
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу
менен еңбекке сал барыңды.
Енді
ойынымыздың І айналымын бастаймыз.
І
айналым «Ұшқыр ой»
Әр
топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар
қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру
керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап
береді.
«Сұңқар»
тобына:
1.
Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы
бөлігі.
2.
Сабақтас
құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3.
Сын есімнің сұрақтары.
4.
«Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап
береді?
5.
Омоним
дегеніміз не?
6.
Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс
белгісі қойылады?
«Тұлпар»
тобына:
1.
Салалас
құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін
сөз табы қалай аталады?
3.
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
қалай аталады?
4.
Сөйлем
айтылу мақсатына қарай неше түрге
бөлінеді?
5.
Жалпы есімдер қалай жазылады?
6.
Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс
белгісі қойылады?
ІІ
айналым «Құпия сандық»
Бұл
айналымда жұмбақ жасырамын, сендер
жұмбақтың шешуін 3
тілде (қазақша, орысша,
өзбекше)
айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1
жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен
көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ:
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ
сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ:
Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді
жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ:
Бірін-бірі қоштаған,
Бір
үйден көрдім,
Қырық
екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әрі
қарай кезектесіп оқи береді.
4.
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың
өлшемі. (сызғыш – линейка)
5.
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,
қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6.
Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды
аулайды.(мысық – кошка)
7.
Жеп көріп ем өзім мен,
Жас
шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8.
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір
алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9.
Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда
білім көп. (кітап – книга)
ІІІ
айналым «Ойлан, тап»
Бұл
кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың
шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр
топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме)
беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың
атын және авторын табу. (Әр топқа
тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт
беріледі)
1.
Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін
пайда қылып шетке сатып.
Сандалған
бір киікке ұшырастым,
Бір
жылы бетпақ шөлде келе жатып.
(
«Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)
2.
Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш
адамға ат басындай алтыннан түк пайда
жоқ» деп жаздық.
(
«Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)
1.Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр,
мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы
ақ қырау, түсі суық,
Басқан
жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс».
А.Құнанбаев)
2.Алты
айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар
сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып,
тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді.
Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш».
Б.Майлин)
1.
Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан
сарай салғызды.
Айшылық
алыс жерлерден,
Көзіңді
ашып-жұмғанша
Жылдам
хабар алғызды.
(«Өнер,
білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
2.
Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып,
мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
-
Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті
жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
(«Қайырымдылық».
Мағзұм Сүндетов)
Білген
сайын келеді біле бергім,
Біле
беру емес пе тілегі елдің.
Белден
ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан
келмей ме жүре бергің.
Сондықтан
да келеді біле бергім
Білімдіні
сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV
айналымды бастаймыз
«Тұлғаны
таны»
Бұл
айналымда суреттерді
таңдап алып, сол ақын – жазушылар туралы
мәлімет береді.
Ойынымыздың
соңғы айналымы «Жас
ақын»
деп аталады.
Жасырын тұрған тақырыптарды таңдайды,
сол тақырыпқа байланысты өлең
құрастырады.
Әр
топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән.
«Қазақстаным»
Би:
Қорытынды:
Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне
жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі
сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін
сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз.
Осымен ойын аяқталды.