400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Ұшқыр ой мен шешен тіл" 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың алған білім-білік дағдыларың байқау, ынтасып арттырып, білім сайысына қатысуға даярлау. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұшқыр ой мен шешен тіл»

Интеллектуалды сайыс

Мақсаты:

1.Оқушылардың алған білім-білік дағдыларың байқау, ынтасып арттырып, білім сайысына қатысуға даярлау;

2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шапшаңдыққа баулу;

3.Топпен ауызбіршілікпен жұмыс істеуге төселдіру.

Түрі: интеллектуалды сайыс

Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды сапқа тұрғызу.

Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Сайысымызды бастаймыз.


-Армысыздар ұстаздар, оқушылар бастауыш класстар арасында өткізіліп жатқан апталықта 3 сыныптар арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалды сайыста оқушылар өз білімдерің ортаға салады.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей сайысымыздың шарттарымен таныстыра кетейін:

1.Топтарды таныстыру;

2.Ұшқыр ой;

3.Бәйге;

4.Есепке кім жүйрік;

5.Айшықты сөздер;

6.Ана тілім-айбыным;

7.Ұйқасын тап.

Сайысқа баға беретін әділ қазы алқаларың сайлау.


1-кезең. Топтарды таныстыру.

1-ші топ.Топтың аты: Тұлпар

Асау тұлпар, желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барынды.

2-ші топ. Топтың аты: Болашақ

Болашақтың ұл-қызымыз,

Көркейтеміз елімізді біз.


2-ші кезең. Ұшқыр ой.(әр топқа қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар қойылады)

Тұлпар тобына:

1.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Сөйлем дегеніміз не?

3.Мәтіннің түрлері айт.

4.Бастауыш дегеніміз не?

5.Бастауыш пен баяндауыш арасына қай жағдайда қойылады?

6.Ғарыш сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Болашақ тобына:

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

2.Сөйлемнің неше түрі бар?

3.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

4.Баяндауыш дегеніміз не?

5.Сөз таптары нешеге бөлінеді?

6.Батыр сөзіне дыбыстық талдау жаса.


3-ші кезең. Бәйге(бір әріп алынады. Жауап сол әріпке байланысты болады.)

«а» әріпінен басталады. «қ» әріпінен басталады.

1.ҚР астанасы. 1.Үлкен кісі

2.Қадірлі жан. 2.Ұлт

3.Әкесінің әкесі. 3.Математикалық амал

4.Математикалық амал. 4.Оқулық

5.Ер қанаты- 5.Сүттен жасалған тағам

6.Оқулық 6.Жылқының сүті

7.Жеміс-жидек атауы 7.Музыкалық аспап

8.Адамның аты. 8.Көкөніс түрі


4-ші кезең.Есепке кім жүйрік.

Тұлпар тобына:

1.Бір аптада неше күн бар?

2.Бір ғасырда неше жыл бар?

3.7 ондыққа 8 бірлік қос

4.Периметрді қалай табанымыз.

5.Тұйеқұс екі аяғымен тұрғанда 15 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг?

6.Мамематикалық есептер.

Болашақ Тобына:

1.Бір тәулікте неше сағат бар?

2.Ұзындық бірліктерін ата.

3.Қарама-қарсы өзара тең геометриялық фигура.

4.Ауданды қалай табамыз.

5.Арман мен Мұрат 2 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады?

6.Математикалық есептер


5-ші кезең. Айшықты сөздер

Тұлпар тобына:

1.Төбесі көкке жетті.

2.Ине шаншар жер жоқ.

3.Қой аузынан шөп алмас.

4.Төбе шашы тік тұрды.

Болашақ тобы:

1.Ит өлген жер.

2.Көзді ашып жұмғанша.

3.Қабағына қар жауды.

4.Бетінен оты шықты.


6-шы кезең. Ана тілім-айбыным

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)

Тұлпар тобына

1.Бірлік пен талапты,

Еңбекке салындар.

Өнерлі елдерден

Өнеге алыңдар.

(«Бостандық таңы атты». Ш.Құдайбердіұлы)


2.Бүйірінде «жедел жәрдем» деген жазуы бар жеңіл машина қақпадан шығып келеді. Әне, жоғары қарай бұрылып, зырлап ала жөнелді.

( «Сен ұйықтап жатқанда». Б.Соқпақбаев)


3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)


Болашақ тобына

1. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


2.Егінші наннан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады.

(«Егінші мен қасқыр» ертегі)

3. Қаныш сырқаттың көңілін сұрады.

-Оны менен сұрап қайтесің, анау құсымнан біл,- деп әнші тұғырда мүлгіп отырған көк қаршығаны нұсқады.

(«Рәсім». Медеу Сәрсеке)



Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,


7-ші кезең. Ұйқасың тап

Тұлпар тобына:

Суға қармақ салып,

Ұстап алдық ............. (Балық)


Тыңда тұяқ дүбірін,

Тұр-ау тыста кісі кеп.

Кенет менің құлыным

Қоя берді ................ (Кісінеп)


... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын. (Жақсы,анасын,жұбатады)


Болашақ тобына:

Қоңырауы жеттеп,

Шақырады ............. (Мектеп)

Кеше ойнап секіріп,

Жанат алды-............. (екілік)


... қошақан ,
... қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
... аумайды. (әп-әдемі,соңынан бір,анасынан)


Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.


Марапаттау.

Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі