400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Үздік Абайтанушы топ"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс интеллектуалды сайыс сабақтың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












«ҮЗДІК АБАЙТАНУШЫ ТОП»















Русланова Айжан Русланқызы

Информатика пәнінің мұғалімі






Сабақтың тақырыбы: «Үздік Абайтанушы топ»


Сабақтың мақсаты: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер беру, оқыған шығармаларын еске түсіру арқылы білімдерін тереңдету, өлеңнің мағынасын жан - жақты түсіндіру.


Қатысушылар: 5 «Ә», «ж», «и» сыныптарынан құралған топтар.


Өтетін күні: 19.02.2020 жылы.


Өтетін орыны: 305 информатика кабинеті


Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті шарлар мен топ аттары, таратпа материалдар.


Пән аралық байланыс: орыс тілі, ағылшын.


























Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:


Қазақ десе, Абай түсер есіңе...

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

деп бүгінгі «Үздік абайтанушы топ» атты интеллектуалды сайыс сабағымызға қош келдіңіздер дейміз!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымыздың ережелерімен таныстырып өтейік.
Бұл өтейін деп жатқан сайысымыз мына бөлімдер бойынша болады:

1-бөлім: «Таныстыру».
2- бөлім :«Абай әлемі».
3- бөлім :«Өңерлі өрге жүзер».

4- бөлім: « Жорға»


5-бөлім : :«Кім жылдам?».



Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын балалар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.


1-бөлім. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады. Әділ қазылар алқасы 3,4 немесе 5 деген баға береді.



2-бөлімді бастайық «Абай әлемі» .

Тақтада 12 сурет көрсетілген. Әрбіреуінде сұрақ жасырылған . Топ мүшелері кезекпен суретті таңдайды.Сұраққа жауап берген жағдайда, сәйкесінше ұпайды қаңжылайды. Жауап бере алмаған жағдайда, кезек қарсылас топтарға беріледі. Жүргізушінің «қарсыластар» деген сөзінен кейін қай топ бірінші батырманы басса, сол топ жауап береді.


  1. Абайдың руы, қандай ортадан шыққан? (Тобықты)

  2. Абайдың шын аты? (Ибраһим)

Әжесінің аты кім? (Зере)

Абайдың анасының аты кім? (Ұлжан)

  1. Абай жақсы көрген ұлттық ойын. Тоғызқұмалақ

  2. Ақын неше жыл өмір сүрген? 59

  3. Абайдың неше қара сөзі бар?45

  4. Абай қай жерде дүниеге келген? (Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының бөктерінде, Қасқабұлақ деген жерде)

Абай қай күні, қай жылы туылған? (1845 жылы 10 тамызда)

  1. Абайдың жолын қуған ұлдары? Әбдірахмен, Мағауия

  2. Абайдың қанша әні бар? 20 шақты

  3. Бейнесұрақ (Абайдың табиғатқа арнап жазған өлеңдерін ата? Жаз, Күз, Қыс, Жазғытұрым)

  4. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? 1909, Санкт-Петербургте

  5. Бейнесұрақ. Абайдың мұражайы қай жерде? Семейде

  6. Абай неше ағайынды болған, атаныз? 7 ағайынды. Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл.


Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

-дей келе , кезекті 3 бөлім «Өнерлі өрге жүзер» бөліміне береміз! Бұл бөлімде оқушылар үйден дайындап келген, өнерлерін көрсетеді.


Әділ қазылар алқасына сөз.




4-бөлім. « Жорға». Бұл бөлімде әр топ практикалық жұмыс орындайды. Scratch ойын программалау бағдарламасының көмегімен «Абай әлемі» тақырыбына анимация құрастыру қажет. 15 минут уақыт беріледі, орындап біткен топ жұмысын әділ қазылар алқасының алдында қорғайды.








Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.


5 бөлім. «Кім жылдам?» Әр топқа адасқан әріптер таратпа материалы беріледі . Оқушылар 2 минут ішінде неғұрлым көп сөз табу керек . Неше сөз тапса сәйкесінше сонша ұпайға ие болады. Әр таратпа қағазда топтың аты QR кодпен жасырылған. Әділ қазылар алқасы бірінші тексеріп, содан кейін қай жұмыс қай топқа тиесілі екенін сканерлеу арқылы біледі.



П

А

Қ

Ы

Н

А

С

М

Л

В

Ь

Ж

Ө

Т

З

Г

И

Ы

Я

Ф

Ю

З

М

Ч

А

У

Ц

С

Г

Ғ

Й

Ч

О

М

Б

І

Ж

А

Ж

Э

Н

Г

С

М

А

Қ

Ы

Л

У

Ч

М

Ь

Һ

Ө

Й

Ұ

И

Е

Ц

А

К

І

Т

А

П

С

Е

Ә

С

И

С

К

Ү

З

Р

О

Ө

Л

Е

Ң

Ұ

Ә

Ю

И

А

В

Р

Ж

А

З

С

А

З

Г

Е

Р

Е

Г

О

М

Т

Д

Т

А

Қ

П

А

Қ

Ф

А

О

О

Б

Ъ

П

Л

А

Ы

В

В

Т

Т

О

Қ

А

Р

А

С

Ө

З













Абай, Абай бəрінен биік екен ,

Мен оның өлеңдерін сүйіп өтем

Биік ғой өлмейтін ешқашанда!

Сөздерін жаныма түйіп өтем!

Абай, Абай өлмейтін мəңгі ақын,

Жанына өлеңді көрді жақын

Абай сынды əлемде бар ма ақын ?

Біз оның ұмытпаспыз мəңгі даңқын! –деп қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына береміз.


Марапаттау.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі