400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. "Үздік есепші" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан - тыс жұмыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамыту

Әрбір ұстаз- ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды.

Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату мұғалімнің міндеті.

Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.

Математика пәні оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Әрбір оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен әсерін тигізеді.

Дарынды балалардың ерекшеліктерін танып, білу арқылы олардың қабілеттерін дамыта білуіміз керек.

Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Пәнге қызығушылығын үнемі арттырып, зеректілігін, ойлау қабілетін сабақ барысында дамытамыз.

Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай, әр баланың ой-өрісін дамыту, келешекте нағыз маман иесі болуға тәрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі.

Ең алдымен оқушылардың зеректілігін, ойлау қабілетін дамытатындай есептер шығара білуге үйрету керек.

Орта буында әзіл есептер мен сұрақтар ауызша есептеулерде зеректілікке, тапқырлыққа баулиды. Оқушыны ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға дайындайды. Әзіл есептер шығару арқылы қарапайымнан күрделіге қарай көңіл аудару керек. Бірте – бірте ақыл ойды жетілдіруге көмектесетін есептерді шешуге әкеледі. Осы арқылы баланың өзіндік көзқарасы қалыптасып, өзіне деген сенімі артады.



Тақырыбы: «Үздік есепші»


Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын тереңдету.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, рефераттар


Түрі: сайыс сабақ


Сайыс сабағының барысы:


Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, оқушылар!

Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Мектебімізде математика апталығы болып жатыр. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып «Үздік есепші» атты танымдық ойынымызды мынадай өлең шумақтарымен бастаймыз.

Уа, жарандар,жарандар

Мына бізге қараңдар,

Мінекей сыныпта тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

ойын –сайысты бастаймыз!

Уа, жарандар,

математика құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де


Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды,ол әр уақытта да батымды. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 5 «А,Ә,Б» сынып оқушыларын қошаметтейік.

5 «А» сыныбы – «Әл Фараби» тобы.

5 «Ә» сыныбы – «Әл – Хорезми» тобы

5 «Д» сыныбы – «Әл – Бируни» тобы

Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:

1.Абдраманова Ақмарал

2.Исмайлов Сухрап

3.


Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны

оқу керек, »- деген.

Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.

Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.


Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар, сайыс мынадай бөлімнен тұрады.


Жоспар:

  1. Топтардың таныстыруы.( топтардың сәлемдесуі)

  2. Үй тапсырмасы (рефераттарын қорғау және математика туралы ғалымдардың пікірі)

  3. Ойымды жалғастыр ( мақал – мәтелдің жалғасын табу, әр топқа 5 мақалдан беріледі)

  4. Бәйге ( әр топқа 10 ауызша есептер беріледі, жалпы ұпай саналады)

  5. Ұшқыр ойлау (әр командаға 5 логикалық есептен беріледі)

  6. Жанкүйерлер қошеметі. (топтың жанкүйерлерінің өнерлері)

  7. Топ басшыларының сайысы. (өз өнерлерін көрсетуі)

  8. Марапаттау


  1. Командалардың танысуы.

Әл-Хорезми.

Өнер қуған математик жастармыз

Есебіңді лезде шешіп тастармыз.

Командамыз өңшең тапқыр қырандар

Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.

Келешектің үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,

Сегіз қырлы,өнер асып туғандар

Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.



Әл-Фараби.

Егеменді қазақтың біз ұланы

Өз туы бар,елтаңба,әнұраны,

Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың

Самғайтын биіктерге тау қыраны.


Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда

Жеңіс тек біздер болар осы жолда

Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар

Отырған дәл алдыда,он мен солда.


« Әл - Бируни » тобы:

Шақырып жарыстарға сан-салалы,

Жас Бируни топ жарғалы жар салады!

Ту етіп достық пенен татулықты

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын!

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.


Әділ қазыларға амандасуы


Ал - Фараби


Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !

Әділдікке бас иеді күллі әлем !

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !

Әл - Хорезми

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділқазым,

Еңбегін «Жас Хорезмнің» әділ сына.

Әл – Бируни

Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріндер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға берініздер.


Бір – бірімен амандасуы


Әл-Фараби: Бастары компьютердей

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өрімдей – сәлем!


Әл-Хорезми: Құны бір құрдас

Жаны бір жандос

Тілегі бір, жүрегі бір

Бірге өскен жолдас

Сендерге де бір сәлем!

Әл Бируни


Осындай алғыр достар кез – келгенде,

Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?

Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де !


Әндері:


Әл Хорезми:

Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп

Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп

Біз дайынбыз жарысуға достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.



Әл Фараби

Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,

Достың сөзі әрқашан дәрі бізге

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз

Мына жұртың таңырқасын бәрі бізге

Әл – Бируни :

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойға мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

В) Ұраны


Әл-Фараби: Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар,оқылық.

Әл-Хорезми: Тартысайық сайыста күш жігермен

Айырлысайық қимас бір дос көңілмен.

Әл – Бируни: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн    жарыста алғырлықпен аламыз.



  1. Үй тапсырмасы. Рефераттарына түсінік айту.




  1. Математика ақылды тәртіпке салады, математика ақылдың гимнастикасы (М. Калинин)

  2. Менің алаңсыз көңіл –күйімді сақтайтын жалғыз ісім – ол математика . (Карл Маркс)

  3. Барлық ғылымдардың бекзадасы – математика (Карл Гаусс)

  4. Математиканы білмей, осы күнгі техниканың негіздерін зерттей алмайсың (Колмогоров)

  5. Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді, бірі – математикамен шұғылдану,

екіншісі – одан сабақ беру (Пуассон)

  1. Есептер құрастыру үшін мысалдарды күнделікті өмірден алуға да болады. (Н. Крупская)



  1. Мақал-мәтел айтайық,

Талай жерді көрейік.

Асулардан өтейік,

Білімге біз енейік,

Кедергіні жеңейік.



«Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр командаға 5 мақалдан беріледі, шапшаң жауап беру керек)

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
    2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
    3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
    4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
    5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
    6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
    7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
    8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
    9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. Бір үйде екі әйел болса ойран, (екі сиыр болса айран)

11. Елу ердің жасы, (алпыс ел ағасы)

12. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

13. Жеті атасын білмеген, (жетімдіктің белгісі)

14. Бір ит көріп үреді, (Бір ит еріп үреді)

15. Айдағаның бес ешкі, (ысқырығың жер жарады)

4. «Бәйге»

Үш командаға 10 есеп сұрақ қойылады. Әрқайсысының жауабы тыңдалады. Дұрыс жауап бере алмаса басқа команда жауап береді.


  1. Қанша қалтам?

Өзімде бар сан қалта

Арт жағымда қос қалта

Жейдеде екі төс қалта

Пиджакта екі іш қалта

Бір төс қалта және бар

Сонда есепте, кәне ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар? (12)

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер алашқа

Қалады сонда қанша алма. /24/

  1. Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді / 8 /


  1. Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды. / циркуль /.



  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /



  1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)


7 . Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

8. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)


9.Қазақта қолданатын ұзындық өлшеуіштерін ата.(шынтақ,елі,бір елі,сынық сүйем,құлаш,табан,қадам,көз көрім жер,таяқ тастам жер,түстік жер,күндік жер)


10. 2 нің кубы қанша?



  1. Атам, әжем, ағам мен

Әкем, інім, және мен,

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі,

Отыр едік шай ішіп,

Жеңгем келді майысып,

Арқасында кіші інім,

Саны қанша айта ғой,

Үйдегі бар кісінің? (9)


  1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң,қанша екенін тез есепте

Алдында екеу,екеу келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде.

(4)

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай?

(натурал сан)


  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш

5. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

6. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

8. Екіге бөлінбейтін сан қандай сан деп аталады?


9. 12 жылдың мүшел аттарын ата? (тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит, доңыз)


10 . Қазақта қолданылатын көлем өлшеуіштері? (жұдырықтай, ат басындай,тай тұяқ,үйдей,таудай)






  1. Табақтағы жемісті

Былай ғана бөлісті

Екі анасы,қос баласы

Әжесі мен немере

Бір-бірден тиді алмасы

Айтшы қанша жан басы?

(Әжесі,шешесі,немересі)


  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары? / 6 /


  1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер)


4. . Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

6. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

7. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)


9 . Қазақта қолданылатын аудан өлшеуіштері? (түймедей,теңгедей,ат төбеліндей,алақандай,туырлықтай,ауыл аумағындай)



  1. Қазақта қолданылатын салмақ өлшеуіштері? (зілдей,қаңбақтай)


5. Ұшқыр ойлау (Әр командаға 5 есептен беріледі)


Есепте:

  1. 44 : 4

4444 : 44

444444: 44



  1. Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)

1= 3 3 3 3

2= 3 3 3 3

3= 3 3 3 3

4= 3 3 3 3


  1. ? орнындағы санды тап:


2

5

9

?

20

27

35

+3 +4 +5 14 +6 +7 +8

  1. Гаусс әдісін пайдаланып есепте:

8 – ден 18 –ге дейінгі сандардың қосындысын.

(7+16) + (8+15)+(9+14)+(10+13)+(11+12)=23*5=115

  1. 0,5,6,4 цифрларын бір рет қана пайдаланып 2-ге де,

5 – ке де бөлінетін барлық үш таңбалы сандарды тап.

560, 540, 650, 640,450,460

  1. Есепте: 66:6

6666:6

666666:6


  1. Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)

1=5555

2=5555

3=5555

4=5555


  1. ? орнындағы санды тап:


15

53

37

75

59

?

+38 -16 +38 -16 +38 97

  1. Гаусс әдісін пайдаланып есепте:

7-ден 17-ге дейінгі сандардың қосындысын.

(8+17)+(9+16)+(10+15)+(11+14)+(12+13)=25*5=125


  1. 3,4,5 және 6 цифрларынан 3 – ке де, 5-ке де бөлінетін барлық үш таңбалы сандарды сандарды құрастыр. Жауабы: 345,435,645



  1. Есепте:

33:3

3333:3

3333:3


2.Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қой:

1+2+3+4-5+6-7+8-9=3


0= 4444

1=4444

2=4444

3=4444

4=4444

3. ? орнындағы санды тап:


12

22

23

33

34

44

?

+10 +1 +10 +1 +10 +1 45


4. Гаусс әдісін пайдаланып есепте:

15 – тен 25 – ке дейінгі сандардың қосындысын.

(15+24)+(16+23)+(17+22)+(18+21)+(19+20)= 39*5= 195


5. 0 ,2,5, 7 цифрларынан үш таңбалы 2-ге және 10-ға еселік сандарды құрастыр.

250, 270,520,570,720,750



6.Жанкүйерлер қошеметі.

5 «д» сынып атынан Жомарт Аяжан « Аққу» биі

5 «ә» сынып атынан би «Барби Амазонка»

5 «а» сынып атынан өлең «Сәлем саған туған ел»


7.К апитандар сайысы.

(математикалық фокус немесе математика ғажайыптары, сандар тарихы, сандар сыры)


  1. 5 пен аяқталатын 2 таңбалы сандардың квадратын табу.

Ол үшін 5 пен аяқталатын санның бірінші цифрын натурал сандар қатарындағы келесі цифрға көбейтемін. Нәтиженің қасына 25 санын тіркеп жазамын.Себебі 52 =25екендігін білеміз

152= ( 1*2)* 25 =225

252= ( 2*3)* 25 =625

352= ( 3*4)* 25 =1225

452= ( 4*5)* 25 =2025






  1. Ойлаған санды табу.

Ойлаған саннан 1- ді азайтып, нәтижесіне 2-ні көбейт.

Шыққан нәтижеге ойлаған санды қос. Қанша болды?


Оқушылар орындайды. 20-1=19 19*2 = 38 38+20= 58


Шешуі:

Нәтижеге 2 – ні қосамыз. Шыққан нәтижені 3 ке бөлемін.

Ойлаған сан шығады.

58+2= 60 60:3 =20


Ойлаған сан: 20



  1. Шеткі цифрларының айырмасы 1 – ден артық болатындай 3 таңбалы санды кері тәртіппен жазып, азайтуды орында.

Шыққан нәтижені және кері тәртіппен жазып қосуды орында.

Нәтижесі 1089 болады.




  1. Командалардың жинаған ұпаларын есептеп, марапаттау.


Бағалау парағы.

р/с

Ойын шарттары

Әл – Фараби тобы

Әл – Бируни тобы

Әл – Хорезми тобы

1

Сәлемдесу.




2

Үй тапсырмасы (рефераттарын қорғау және математик ғалымдардың пікірлері)




3

Ойымды жалғастыр ( мақал – мәтелдің жалғасын табу, әр топқа 5 мақалдан беріледі)




4

Бәйге ( әр топқа 10 ауызша есептер беріледі, жалпы ұпай саналады)




5

Ұшқыр ойлау (әр командаға 5 есептен беріледі)




6

Жанкүйерлер қошеметі. (топтың жанкүйерлерінің өнерлері)




7

Топ басшыларының сайысы. (математикалық фокус немесе математика ғажайыптары)




8





Жалпы балы









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі