400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс. Зерде интеллектуалды ойын 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне, тәрбие сағатын қалай өтуге болатынын жас мамандарға көмек, тәрбиелік мәніне көңіл бөлгізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалдық сайысы.

Мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Топ бойынша жарысу, әр түрлі пәнаралық тапсырма-ларды орындау. 
2.Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту. 
3.Тәрбиелік. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білім құмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақы-лыққа жетелеу. 
Түрі: жарыс 
Әдіс –тәсілдері: халықтық педагогика құралдары, ұлттық ойындар, мақал-мәтел, жұмбақтар, талдау, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б. 
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, слайд тақта, эмблема мен ұрандар, ойындар, әуен, асықтар, сигналдық карталар. 

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
- Армысыздар құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушылар! 
«Зерде» интеллектуалды сайысымызды бастайық! 

-Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.  

-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

Жарысқа 4 топ қатысады.

1.«Болашақ» тобы.

2. «Жігер» тобы.

3. «Жас қыран» тобы. 

4. «Топжарған» тобы.

Сайыстың мақсаты: сыныптың ең білімді де білікті, тапқыр әрі ақылды жүйрік әрі епті тобын анықтау. 

-Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.


Кіріспе сөз.
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.


Ендеше сайыс ережелерімен таныстыра өтейін.

- Бүгінгі интеллектуалды ойын 5 бөлімнен тұрады:

Ӏ кезең. “Қас – қағым сәтте”
ӀӀ кезең. “Тұлғаны тани біл”
ӀӀӀ кезең. “Мақал - сөздің мәйегі ”
ӀV кезең. “Көкпар”
V кезең. “Ойлы болсаң, озып көр! ”


Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

І кезең. “Қас – қағым сәтте” деп аталады.
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 3 ұпаймен есептеледі.
Сонымен, топтарға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

1 – топ: «Болашақ»

1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдененің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлем)
3. Шаршы дегеніміз не ? (барлық қабырғасы тең фигура)
4. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)
5. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған адамның басынан өткен әңгімені аңыз дейді)

2 – топ: «Жігер»

1. Жүз жасаған ақын кім ? ( Ж. Жабаев)

2. Қосымша дегеніміз не ? (түбірге жалғанған бөлігі)
3.
Қосудың қандай қасиеттерін білеміз? (Ауыстырымдылық, терімділік)
4.
Үш биді ата (Төле, Әйтеке, Қазыбек)
5.
Өлі табиғатқа не жатады ?( тау, тас, бұлт)


3- топ: «Жас қыран»

1. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Ертегілер нешеге бөлінеді? (Жан-жануарлар, қиял-ғажайып, шыншыл ертегісі)

3. Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін)
4. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)
5. Кез - келген фигураның периметрін қалай табады? (барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы)

4- топ: «Топжарған»

1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері ? ( Тоқтар Әубәкіров)

2.Топырақтың құрамында нелер бар ? (Су, ауа, саз, құм, шірінді бар)

3.Заттың атын білдіретін сөз табы ? ( Зат есім)

4.Тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыштардың градусын ата? (Тік бұрыш 90°, сүйір бұрыш 1°-89°, доғал бұрыш 91°-179°)

5.Аптаның төртінші күні қалай аталады ? (Бейсенбі)


- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

-Өз ойыңды ашық айтып,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
-
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп,

ӀӀ кезең “Тұлғаны тани біл” сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендеріңді айтасыңдар. Әр топқа 2 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.

1 – топ: «Болашақ»

М.Мақатаев

Ы. Алтынсарин


2 – топ: «Жігер»

А. Құнанбаев

Ф. Оңғарсынова


3- топ: «Жас қыран»

Б. Соқпақбаев
С.Көбеев


4- топ: «Топжарған»

А.Байтұрсынұлы

Т.Молдағалиев



- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

ІІІ кезең. “Мақал- сөздің мәйегі»

Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал сендер сол мақалдың жалғасын табуларың қажет. Әр топқа 5 мақал - мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1 – топ: «Болашақ»


1.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.
2.Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.
3. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

4.Ақыл – тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.
5. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.


2 – топ: «Жігер»


1. Білім қымбат, білу қиын.
2.Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
3.Адам болатын бала

Алысқа қарайды.

4.Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

5.Ақыл көпке жеткізеді,

Өнер көкке жеткізеді.


3- топ: «Жас қыран»


1.Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.
2.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3.Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.
4.Бірлік болмай,

Тірлік болмас.
5.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


4- топ: «Топжарған»

1.Оқу – білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.
2.Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.
3.Ырыс алды - ынтымақ.
4.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.
5.Оқу түбі- тоқу.

- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

IV кезең. «Көкпар»
Қажу барма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Берілген «қанағаттанарлық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

1 – топ: «Болашақ»

2 – топ: «Жігер»

3- топ: «Жас қыран»

4- топ: «Топжарған»


- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.

V кезең – «Ойлы болсаң, озып көр!»
Бұл сайыс топ басшыларына арналған. Әр топ басшысына логикалық 2 тапсырма беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай.

1 – топ: «Болашақ»

1.Өзенде 7 қайық жүзіп жүрді. Жағада 3 қайық тұр. Өзенде барлығы қанша қайық жүзіп жүр ? ( 7 қайық)

2. Бөлменің төрт бұрышында бір – бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2 – топ: «Жігер»

1. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше

бұрыш қалады? (5 бұрыш)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
2783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі