жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сыныптан тыс жұмыс:"Әке,шеше және мен" отбасылық спорттық сайыс
«Куропаткино орта мектебі»КММ
«ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайыс

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Сонгина Д.А
Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайыс
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: 1.Доп,кегли,шеңбер,скакалка,секундомер,ысқырық,арқан
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
«Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда».
Бүгінгі «Әкем, анам және мен» спорттық отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы – отбасыларды спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі! Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектепте 1 «А», 2«А», 3 «А» сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

1.Бекбұлатовтар отбасы
2.Сонгиндар отбасы
3.Мұратбек отбасы
4.Гиздетдиновтар отбасы
5.Ақпановтар отбасы
6.Жалынбек отбасы
7.Сарсенбаевтар отбасы
8.Абуталиповтар отбасы
9.Капаров отбасы
10.Молдакаримовтар отбасы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Сарсенбаева М.А.
2.Аманов Т.Қ.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:
1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру
2-тур: «Эстафета»
3-тур: «Тасымақ»
4-тур: «Көпсайыс»
5-тур: «Арба»
6-тур: «Арқан тартыс»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І. «Менің отбасым». Таныстыру.

ІІ. «Эстафета»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты теуіп алып жүру.
ІІІ. «Тасымақ»
Шарты: Әр отбасы мүшелері еңкейе жүре желкесіндегі допты жерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.
-
Сәт сапар!
-
Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!
ІV. «Көпсайыс»
Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана баласын айқастырылып ұсталған қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.

«Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау

Қаппен секіру

Допты лақтыру

-
«Арқан тартыс»
Шарты: Екі отбасы мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

-
Рахмет!
-
Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Спорт сайысына қатысқан үшін,марапаттаймыз:

Молдакаримовтар отбасы Сарсенбаевтар отбасы
Жалынбек отбасы Мұратбек отбасы
3орынға ие болғандар:

Сонгин отбасы Капаровтар отбасы
2 орынға ие болған:
Ақпановтар отбасы. Гиздетдиновтар отбасы
1 орынға ие болған:
Абуталиповтар отбасы. Бекбұлатовтар отбасы

Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген