Бекітемін: Тәрбие ісінің
меңгерушісі: Махамбетова Ж.
Уақыты:
06.03.2018ж
Тақырыбы: «Біз бақытты
балдырған»
Мақсаты: Ақпараттық оқу тілін, ойлау
қабілетін дамыту. Оқушылардың барлық сабақтан алған білімдерін
тиянақтау.Коммуникативтік тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәндерге қызығушылығын арттыру,
ұжыммен жұмыс жасай білуге үйрету.
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп,
қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу, топтық жұмыс барысында
өз ойын білдіру және оны қорғау дағдыларын
дамыту.
Сыныптан іс-шара
типі: Танымдық
ойын
Шарада қолданылатын
педагогикалық технологиялар:
Ақпараттық-коммуникациялық,
ұжымдық және топтық, ойын
технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап,
практикалық, көрнекілік,
баяндау.
Пәнаралық
байланыс: математика,сауат
ашу,музыка,денешынықтыру,өзін-өзі тану,сурет
салу.
Оқыту
құралдары: Суреттер, дидактикалық
материалдар, топшамалар, презентация, жұмбақтар, сыйлық жасырынған
қорапшалар,АКТ.
Шара
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.
Шара мақсаттарымен
таныстыру.
ІІІ.
Негізгі сайыс
IҮ.Шараны
қорытындылау.
І.
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық
шеңбері.
Қайырымды жандар
айнала,
Шеңберге
келсін жайлана.
Жалықпастан қайта
біз,
Махаббат
сөзін айтамыз.
Сүйеміз
барлық әлемді,
Әлемдегі
бар елді.
Бақыттымыз
осы біз
Қасымызда
досымыз!
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Қазір сабаққа тез кірсіп кету
үшін көңіл-күйімізді біліп алайық.Шеңбер болып
тұрып доп лақтыру арқылы көңіл-күйлерін сұрау. Доп лақтыру арқылы
сұрақтар қою:
-
Қазір қандай жыл
мезгілі?
-
Көктемде табиғат қандай
болады?
-
Көктемде қандай гүлдер
өседі?
– Балалар, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай қуаныш! -Жарайсыңдар балалар көңіл-күйімізді
көтеріп алдық.Ендеше кеттік, сабағымызды бастаймыз. Балалар
түстерді таңдау арқылы топқа бөлініп алайық.Оқушылар топқа жайғасып
алсақ сендерге алдарыңа тосын сый дайындап қойдым. Сол тосын сыйды
ашып , ішінде не бар екеніне мән береміз. (Қораптан
балапанның,қошақанның, қонжықтың, көжектің суреті бейнеленген әр
топ мүшесіне тәж шығады)
- Қораптан шыққан тосын
сыйымызды алып киіп аламыз. Балалар тосын сый сендерге ұнадыма?
Ендеше өз ризашылықтарыңды қалай
білдіресіңдер?
Үш тілде:
Рахмет-Спасибо-Thankyоu.
- Әр ойынның өз шарты болады.
Осы сабақтың да өз шарты бар. Оқушы жауап бергенше бөлмейміз.Дұрыс
және толық жауап бергендер өз
топтарының «Білім» ағаштарына алмалы стикер
жабыстырады.Ендеше, осы арамыздан білімі
жағынан лайықты топты анықтауға кірісейік.Біздің сабағымыз
бірнеше бөлімнен
тұрады.
ІІ.
Шара мақсаттарымен
таныстыру.
Әр топ өз өнерлерін көрсету
арқылы тобын қорғап шығады.
I-топ
Балапандар.
Топтың
таныстыруы: «Балапандар» туралы өлең оқып
береді.
Оң қанатты бір
қағып,
Сол қанатты бір
қағып.
Мен қанатты
жазамын.
Жерден дәнді шоқып –
ап,
Ұшып – ұшып
аламын.
II-топ.
Көжектер.
Топтың
таныстыруы: «Көжектердің» қимылын салып
көрсетеді. Ақ қоян ойынын ойнайды.
Тақпағы: «Ақ
қоян».
Ақ қоян
тұршы,
Бетіңді
жушы,
Айнаға
қарашы,
Шашыңды
тарашы.
Осы балалар
ішінен
Ең сұлуын
тапшы.
III-топ.
Қошақандар.
Топтың
таныстыруы: Қошақан
туралы ән орындап шығады.
IV-топ.
Қонжықтар.
Топтың
таныстыруы: Қонжықтар туралы қызықты мәлімет
айтады.
СЕРГІТУ СӘТІ: «Көңілді
күн» билеу
ІІІ.
Негізгі сайыс
«Тапқыр болсаң,тауып көр»
кезеңі.
Топ
болып
«Мозайка» ойынын
құрастырады.
Шарты: Әр топ
өзіне берілген тапсырманы орындап
шығады.
I-топ: Берілген
суреттердерді сәйкестендіріп құрастырып
шығады.
II-топ: Берілген
суреттердерді сәйкестендіріп құрастырып
шығады.
III-топ: Берілген
суреттердерді сәйкестендіріп құрастырып
шығады.
IV-топ: Берілген
суреттердерді сәйкестендіріп құрастырып
шығады.
3. Шығармашылық
тақырып. Топ болып «Жеміс-жидектердің», «көкеністердің»түрін
ажыратып себеттерге бөліп
салу.
I-топ: Жемістерді теріп себетке салады.
II-топ: Көкеністерді теріп себетке
салады.
III-топ: Жидектерді теріп алып себетке
салады.
IV-топ: Көлемі
үлкен жемістер мен көкеністерді ажыратып себетке
салу.
IҮ.Шараны
қорытындылау.
Күлімдеп күн
бүгін
Қарады маған да (өзін
көрсетеді)
Күлімдеп күн
бүгін
Қарады саған да (досын
көрсетеді)
Шуақпен нұр төгіп (қолын
жоғары көтереді)
Көңілді кетті көтеріп
(шапалақтайды).
Нұсқау: балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп,
алақандарын түйістіріп, мына сөздерді
айтады:
«Біз бір-бірімізбен
қарым-қатынаста болғанымызға
қуаныштымыз!»
Ойын-толқын, айналған қатты
ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып!
- Осымен біз «Біз бақытты балдырған» танымдық ойынының соңғы
нүктесіне келіп тоқтадық, енді 4 топтың қорытындыларын
анықтаймыз. Оқушылар бүгінгі іс-шараға барлығыңда тамаша
қатыстыңдар. 4 топқа да жарайсыңдар әліде алар асуларың көп болсын
деп айтамын.
Өзін-өзі
бағалау.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды, зер салып тыңдап, атсалысқаныңызға
үлкен рахмет! Қош сау болыңыздар! Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Шараның нәтижесін білді. Оқушылар тақтада берілген көңіл-күйді
білдіретін бұлтқа стикерлерді таңдап
жапсырады.