400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс.«Логика әлеміне саяхат» ойыны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Логика әлеміне саяхат» ойыны.

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, шарлар т,б

Түрі: Топтық сайыс
Типі: Ойын түрінде

Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”

Н.Ә.Назарбаев

2. «Логика өнері - адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

3. «Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

І: Барысы:

Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Қымбатты білім сүйгіш жас достар!
Бүгінгі «Логика әлеміне саяхат» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасың -дар.Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

ІІ: Психологиялық дайындық:

Біз ақылды баламыз,

Есеп, жұмбақ ойынның

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің,

Саяхатқа шығамыз.

Жүргізуші: Балалар, ендеше, Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Әр тапсырма сайын Астананың көшелерін аралаймыз.

Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

(Әділқазылар мен таныстыру)

Жоспары:

1.Таныстыру.
2.
«Қай топ жүйрік?» Логикалық сұрақтар;
3
. «Айырмасын тап» айырмашылығын табу. (+)
4.
«Ойна да, ойла» Жұмбақ есептер. 5. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);
6.
«Есте жылдам сақтайық» ойыны. (суреттерді мұқият қарап сұраққа жауап беру.) 7. Топ басшылар сайысы . (сұраққа жауап береді) 8. Қорытынды. Марапаттау.
1. Таныстыру.

І. « Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Жеңіс туың желбіреп алауласын. Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
ІІ
« Тапқырлар » тобы:
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына Тілейміз ізгі тілек барлығына!
ІІІ
«Ойшылдар» тобы: Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2. «Қай топ жүйрік?» Логикалық сұрақтар;

Жүргізуші: Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. (әр дұрыс жауабына – 1 ұпай).

1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2) 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? (бірдей)
3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір- бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

5) Бір айда 5 жексенбі бола ма?

6) Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр, біреуін атты нешеуі қалды? (Ұшпайды)

7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

10) Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8) Жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң, Өмірде саған жол болар

3. «Айырмасын тап» айырмашылығын табу. (+) 3 топқа беріледі суреттер

Picture 2 Picture 1

ЖPicture 3 үргізуші: Қане біздер ойлайық,

Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық. 4. «Ойна да, ойла» Жұмбақ есептер. 1.Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Бие бар құлын емізген,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (1
6)
2. Мұз айдында жеті бала. 
Асыр сап жүр сырғанап. 
Сырғанамай екі бала. 
Жағалауда тұр қарап. 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң –жарадың! (9)
3
.Көлден ұшты жеті қаз, 
Қайтып қонды екі қаз, 
Қонбады оның нешеуі? 
Кәне, кім тез шешеді?  (5)
4
.Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі. 
Нешеуі енді жайылып, 
Айт, жүргенін айырып. ! (6)
5.Табақта бес алма, 
Қолымда үш алма, 
Інімде екі алма, 
Қосқанда барлығын. 
Болады неше алма? 
Бір алма атама, 
Бір алма әжеме, 
Бір алма апама, 
Бір алма әкеме, 
Нешеуін алады? 
Нешеуі қалады? (10 – 4 = 6)
6.Аулада бес үйрек, 
Қорада үш үйрек. 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды, 
Қалғаны неше үйрек? 8
7
. Қанша қоян аулада 
Сонша тауық аулада. 
Аяқтары он екі, 
Санап көрші, кәнекей? (2 қоян, 2 тауық)
8
.Екі аяқпен екі қол, 
Бір ауыз бен бір тілің.... 
Нешеу болды кәне, бол, 
Санап шығар кім бұрын? (6)
9
.Тал басында, 
Тізіліп, 
Он жапырақ тұр еді. 
Жел соқты да, 
Үзіліп, 
Ұшып кетті біреуі. 
Ізінше оның 
Жұлынып, 
Түсті тағы бесеуі. 
Тұр әлі де ілініп, 
Жапырақтың нешеуі? (4)
5. Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);

Жүргізуші: топтар кезекпен жауап береді, әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.

1. Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді)
10. Сумен ойнама – батарсың, (отпен ойнама – күйерсің)

6. «Есте жылдам сақтайық» ойыны. (суреттерді мұқият қарап сұраққа жауап беру, суреттерді әр топқа үлестіріп беру.)

Picture 1 Picture 2 Picture 3













7.Топ басшылар сайысы. Топ басшыларына сұрақтар:

1 топ басшыға

1. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық) 2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
3 . Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)  4. 4 ұл да неше саусақ ? ( 40 ) 5. 1 желтоқсан қандай күн? (Президент күні)

2 топ басшыға

1. Ұя салмайды, жұмыртқасын көршілеріне тастап, балапандарын есіне де түсірмейді. (көкек)

2. Үш орындықтың аяғы нешеу? (12)

3. Әкеге – ұл, ал атаға не? ( Немере) 4. Егер ол болмаса ештеңе айтпас едім. (Тіл.)

5.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ыбырай)

3 топ басшыға

1. Жердің серігі? (Ай)

2.Төрт қоянның аяғы нешеу? (16)

3. Өлең жазатын адам? (ақын)

4. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік.)

5.Балықтар қалай тыныс алады? (желбезекпен)

8. Қорытынды. Марапаттау.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Мұғалім: Осымен сайыс сабағымыз аяқталды.

Оқушылар: Сабақ ұнағандарын айтады, смайликтермен.

Қорытынды.

Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі