400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс.Шаңырақ жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шаңырақ жарастығы» сайысы.

Асқарова Бейбітгүл Мәмиқызы–Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы №1

орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау,ата-аналармен,отбасы мүшелерімен байланысын нығайту,Елбасы жолдауын насихаттау.

Көрнекілігі: Математика,отбасы туралы,бірлік,еңбек туралы қанатты сөздер,сайыс шарттары,оған сәйкес тапсырмалар, қармақ, музыка ойнатқыш.есептер жазылған карточкалар.

Барысы:

Жүргізуші:

Уа халайық,халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі тәрбие сағаты төріне

Математика тілінде

Жанұялар жарысып,

Жұмбақ шешіп,аңдысып,

Есеппен ән салады.

Әкесі ,ағасымен,анасы да,

Алда озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ

Сұрайық шығуларын жұрт алдына-дей отырып,сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Ортада: «Тәуелсіздік»,»Береке»,»Экономика», «Руханият», «Бірлік». «Жаһандану»,»Бейбітшілік» топтары.

Әділқазылар алқасын сайлау.

1-кезең. «Таныстыру».

Әр топ өз-өздерін таныстырады.

2-кезең.

Ойдың,кәне, көк теңізін кешіңдер,

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.

Айтылғанда логикалық есептер,

Зейін салып,зердеменен шешіңдер,-деп «Кім тапқыр» сайысын бастаймыз.

Әр топ мүшелері ілінген жемістерден өздеріне ұнағанын таңдайды.Ал оның артына логикалық есептер жазылған. Топ мүшелерімен ақылдасып, есептерді шешеді.

Жүргізуші.

Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,

Ойларыңды ептілікке ораңдар.

Бір сұраққа тереңірек мән беріп,

Ең шешендер ой толғайды,жарандар!

Бұл топтағы ата-ана берілген сұрақ төңірегінде ой толғайды.

«Ой толғау» сұрақтары:

1.»Математиканы білмесең,дұрыс өмір сүрмейсің» деген пікірге не айтасыз?

2.Математика ғылымының өткен кезеңі,бүгінгі жайы,келешегі жайлы не ойлайсыз?

3.»Математика-ғылымдар патшасы» дегенді қалай түсінесіз?

4. Математиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет? Қазіргі мектеп оқушыларының математикаға қабілетін сіздің замандағы оқушылардың қабілетімен салыстырыңыз.Неге олай?

5.Математикадағы қасиетті сандар туралы ойыңыз қандай?

6.Математика ғылымы қызықты ма?Өз өміріңіздегі қызықты оқиғаны айтып берсеңіз.

«Көрермендермен ойын».

«Кім көп біледі?» сайысы.Мақал-мәтелдер айтудан сайыс.

Балық аулау арқылы сандар таңдап, сол санға байланысты мақал-мәтелдер айтады.Кім көп мақал –мәтелдер біледі,сол есепке алынады.

«Ойлан ,тап» сайысы. Сайыскерлерге математикаға байланысты жұмбақтар жасырылады.

«Шырпымен ойын. Шырпымен фигуралар құрастыруға есептер шығарады.Жеке топтарға карточкалармен беріледі.


Жүргізуші.

Ғылым жолы бірде жеңіл,бірде қатты,

Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты,

Таңырқатып,аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям,әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді,

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар анықталады.

Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Әділқазы,көрермен ,сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жақсы күндер әлі,-деп,сайысымызды аяқтаймыз.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі