Қазақ
тілі мен әдебиеті пәндері бойынша
жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
оқушының жан дүниесін байыту құралы
Сыныптан
тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың
жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз
етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының
оқушылармен әртүрлі іс-әрекеттерін
ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – оқу
бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және
оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін
әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар.
Оқушының
әдебиеттен сабақта алған білімін
тереңдетуде, эдебиет арқылы оқушыны
тәрбиелеуде, оқушының әдеби қабілетін,
дамытуда әдебиеттен жүргізілетін
кластан тыс жұмыстардың атқаратын
қызметі орасан зор. Бүл мәселеге кіріспес
бұрын жалпы кластан тыс жұмыс туралы
түсінік берген дүрыс, өйткені ол
эдебиеттен жүргізілетін кластан тыс
жүмыстарға да қатысты және оны түсінуге
де көмектеседі.
Қазақ тілін талапқа
сай оқып білуге, оның идеялық, эстетикалық
мэн-мағынасын терең ойлап, еркін
қабылдауға қажетті біліммен, біліктілікпен
қаруландыру оқырмандық мәдениетті
көтеру мэселесі тек сабақпен ғана
шектелмейді, ол үздіксіз жүргізіліп
отырылатын кластан тыс жүмыстарға да
тікелей қатысты, байланысты болып
табылады. Алайда қазақ тілі пәніне
байланысты атқарылатын сан түрлі
сыныптан тыс жүмыстардың үйымдастырудың
ұтымды жолдары, оның эдістемесі ғылыми
түрғыдан қарастырылып қазақ мектептерінің
жағдайында толық шешімін тапты дей
алмаймыз. Бүл жүмыстарда жүйесіздік
байқалуы көп жағдайларда әр мектептегі
мүғалімдердің өзіндік іс-әрекетіне
байланысты жүргізіліп, нақты белгілі
мақсат көзделмейтінін көреміз. Әдіскер
ғалым Н.И. Болдырев : " Сыныптан тыс
жүмыстардың көп жағдайда оқушыларға
ықпал етіп, іс-эрекеттерін үйымдастыруда
жалпылама, жаппай түрлері басым",-деген
сездері ойымызды бекіте түседі.
Сыныптан
тыс жұмыстарды жеке, топтық және көпшілікті біріктіруі
бойынша,
ал жеке және көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп
жіктеледі.
Жеке
жұмыс –
өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке
оқушының өздік іс-әрекеті, танымы,
мектептік бағдарламаларды ұжымдық және
мұғалімдердің тапсырмаларын орындау
үрдісі.
Сыныптан
тыс жеке жұмыстарға қойылатын жалпы
мақсат –
нақты тұлғаның толыққанды дамуы
үшін педагогикалық
шарттармен қамтамасыз
ету. Ол балада оң «Мен-концепциясын»
қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі
қырларын, жеке басының мүмкіндігін
дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Өз
басым сыныптан тыс жұмыстарды өткізіп
отырамын. Дарынды оқушылармен, қабілеттері
төмен оқушылармен сыныптан тыс қосымша
ретінде жұмыс атқарамын. Күзгі, қысқы,
көктемгі демалыс күндері түрлі
интеллектуалды сабақтар, викториналар,
апталықтар, үйірмелер, факультативтер,
тәрбие сағаттарын, бастауыш сынып
арасында ертегі сабақтары, поэзия
кештерін өткізіп тұрамын. Ойын
технологиясын қолданып, ойын түрде
сабақтар өткіземін. Оқушыларға осындай
сабақ түрлері өте ұнайды. Топқа бөлініп,
өзінің «Мен» концепциясы пайда болып,
өз ойларын жүйелі жеткізе алып, бір-біріне
көмектесіп, нашар оқитын оқушылар
қабілеті жоғары оқушылардан қалыспай
жұмыс атқарады.
Сыныптан
тыс оқыту нәтижесінде оқушылар әдебиет
пәнінен шығарма жазуда, емтихан тапсыруда
өздерінің терең білімділігін, саналылығын
көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын
пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық,
имандылық, адамгершілік сияқты биік
қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді,
халық өнерін қастерлеу, қорғауда да
сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері
көп.
Сыныптан
тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті,
икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде
ұйымдастырылады . Мектеп оқушысына
сыныпта әдеби білім беру ісі сыныптан
тыс оқу, сыныптан тыс жұмыстар
арқылы да жүргізіледі. Әдеби мұралардың
көлемі ұшан-теңіз. Оның, барлығын
әдебиеттік оқу сабақтарында түгел қамту
мүмкін емес. Бағдарламалық материал
негізінде оның көлемін кеңейту, сыныптан
тыс жүргізілген әртүрлі жұмыстар арқылы
іске асырудың жолдары.
Қорытындылай
келе, оқыту барысында оқушылардың
сыныпта алған білімін дамытып, оны ары
қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың
маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың
оқушылардың белсенділігін арттыруда,
өзіндік көзқарасының қалыптасуында,
білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды
тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан
тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған
жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық,
белсенділік дамиды. Бағалы моральдық
қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс
оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру, адам
тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.
Мәлік
Ғабдуллин негізгі мектебі
Баяндама
Пән
бойынша жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыстар оқушының жан дүниесін байыту
құралы
Дайындаған:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ахметжарова
Г.Б.
2019-2020
оқу жылы