«Химияның кереметтері» кеші
Мақсаты: жалпы химиядан алған
білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін
арттыруға дағдыландыру. Шығармашылық ой-қиялдарын дамыту,
күнделікті өмірде болып жатқан химиялық реакциялармен таныстырып,
химияны тұрмыспен байланыстыру.
Көрнекілігі: Менделеев кестесі , қанатты
сөздер, шарлар, плакаттар, зертханалық
құрал-жабдықтар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар. Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап,
ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды
өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде-бір кеме суда
жүзе алмаған болар еді. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен
таныстырып шығайық.
1.
2.
3.
4.
Көруге химия кешін
жиылғандар
Менделеевке құдайындай
сыйынғандар
Қош келдіңіздер
бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты
бұйырғандар,- дей келе, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың
барысы:
-
Таныстыру
-
Ой жинақтау кезеңі (әр
топқа 10 сұрақтан)
-
Химиялық
көрініс
Менделеев
өлеңі «Элементтер – химия негізі»
-
Қызықты
тәжірибелер
Жүргізуші:
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер
Білім
деген ақылшың
Қиындықтан кеткізер
Жастықтың
оты қайдасың
Жүректі
түртіп қозғамай
Ғылымның
біліп пайдасын
Дүниенің
көркін болжамай деп «Таныстыру» кезеңін бастаймыз. Әр топ өздерін
таныстырып өтеді.
1
топ:
2
топ:
3
топ:
Әділ қазы
алқалары «Таныстыру» сайысының бағаларын беріп
жіберсеңіздер.
Белді
бекем жарыстарға буып түс,
Қара
қылдай қақ жарылар әділ іс
Шапқан
кезде білім атты көмбеде
Шабыттанып, қапы қалмай оза түс- демекші 2
кезең «Ой жинақтау
кезеңін» бастаймыз. Әр топқа 10
сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап берген сұраққа 1 балдан
қойылады.
1
топқа:
-
Қандай элемент алдымен
күнде, содан соң жерде ашылды? (гелий)
-
Қандай элементтер
материктердің атымен аталады? (европий, амерций)
-
Ресей елінде алғаш химия
зертханасын ашқан ғалым ? (М.В.Ломоносов)
-
Топырақты
құнарландыратын элемент (азот)
-
Қалыпты жағдайда сұйық
күйде кездесетін элемент (бром)
-
Сіріңкесіз қалай от
жағуға болады? (ақ фосфор арқылы)
-
Жұмыртқаның қабығын
қалай сындырмай ашуға болады? (сұйытылған қышқылға
салып)
-
Ағашты отсыз қалай
көмірлендіруге болады? (H2SО4
концентрациясында)
-
Планетамызда көп
таралған элементтер ? (сутек, гелий)
-
Қандай жыланда сынап көп
(Фараон жыланында )
2
топқа:
-
Алғашқы көмекке
пайдаланатын бейметалл (йод)
-
Зат массасының сақталу
заңын ашқан ғалым (М.В.Ломоносов)
-
Радиоактивті сәулелерді
өткізбейтін металл (қорғасын)
-
Футбол терминінде
кездесетін элемент (гольми)
-
Табиғи талшықты зат
(асбест)
-
Мыстың табиғи қосылысы
(малахит)
-
Адамзат баласы қандай
элементті алғаш өндірді? (мыс)
-
Грек тілінде «ай» деген
мағынаны білдіретін элемент (селен)
-
Қазақ халқының химия
саласындағы алғашқы академиктерінің бірі
(Бектұров)
-
Үш түрлі күйде
кездесетін зат (су)
3
топқа:
-
Қандай металл болашақтың
металы деп аталады?(алюминий)
-
Лимон қышқылын қайдан
алады? (қанттан)
-
Сутек қай затта жақсы
ериді? (балқытылған темір, никель, палладийде)
-
Қандай зат ең жоғары
температурада балқиды? (графит 38000С)
-
Ауа газдар қоспасы
екенін алғаш айтқан ғалым (Л.Да Винчи)
-
Фосфор элементі қашан
ашылды, кім ашты? (Г.Бранд, 1699ж)
-
Қазақстанның қай жерінде
мұнай өндіріледі? (Атырау, Ақтау)
-
Ең қатты минерал
(алмас)
-
Тұз қышқылының аммоний
тұзы (мүсәтір)
-
Түрлі заттарды ерітетін
қоспа (еріткіш)
«Ой жинақтау» кезеңінің
бағаларын беріп жіберіңіздер.
Біреуінің жүрегінің түгі
бар
Біреуінің арқалап жүрген
қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген
күйі бар
Біреуінің қатты істейтін
миы бар
Кезекте 3 кезең
«Химиялық көрініс» сайысы. Әр топтың химияға қатысты көріністерін
тамашалаймыз.
Осы сайыстан кейін
сергіту сәті ретінде Мөлдір Охап және 8 сынып оқушыларының Қадыр
Мырзаәлидің «Менделлев кестесі» өлеңімен жалғастырамыз. Ортада 8
сынып оқушыларының өнерін тамашалаймыз.
Жүргізуші:
Химия- ырыс
бұлағы
Шалқыған байлық мол
дәулет
Аялап күтіп тұр
алда
Болашағымыз – нұр
сәулет
Аялдама, алға
ұмтыл
Құдіретті біздің
ой
Сенда байлық, сенде
ырыс
Сенімен өмір сәнді
ғой.
Кезекте әр топ
тәжірибелерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Білім сайыс болғанна соң
шабысы
Қосылады әр сыныптың
мықтысы
Қобалжисың топтан қалай
озам деп
Көрінеді алған білім
табысы
Тағы келді сыналар шақ
айналып
Тереңіне білім теңіз
байланып
Кім шешеді сол сайыста
ұтып тұр
Әділ-қазі шешер кезегі
келіп тұр – дей келе келесі кезекті әділқазы алқасына берсек.
Бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз
болғанын айтып, топтарға және сайысқа белсенді қатысқан оқушыларды
мақтау қағазымен марапаттаймыз.
Құрметті ұстаздар және
оқушылар кешімізді көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау
болыңыздар.