400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары мұғалімнің оқушылар белсенділігін арттыруына әсер етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде арналған материал десе де болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. ңБұлақ көрсең, көзін ашң деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.

Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген бала жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.

Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен сыныптан тыс жұмыстар арқылы балаларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн;

  • Әрбір шығармашылық тапсырманы балаға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

  • Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

  • Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

  • шығармашылықпен жеке дара емес, топтың бүкіл балалары ойлануы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Топта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату;

  • шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;

  • Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейдің деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

  • шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу;

  • шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

  • көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;

  • шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.

Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.

Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет дегеніміз не?

Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы дәрежесі – талант.

Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының нақты іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық қабілеттері – азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр оқушыда әр түрлі болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.

Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы зерттеулер ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант нышаны жатыр.

Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің өзгеруіне де байланысты.

Шығармашылық деген не?

Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жетікізу деп түсіну керек. Филисофиялық сөздікте: шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выгоский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оның даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары ңшығармашылықң сөзімен ңжаңалықпенң қатар ңбастамалылық, белсенділікң ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Шығармашылық (твор÷ество) - қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін, адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Әр түрлі іс-әрекетте (ғылымда, техникада, өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана түрлерінде, өндірісте, тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары – шығамашылық күш –жігерінің нәтижесі.

Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез-келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекеті және оларды өмірге ендірудеге дене еңбегі іс-әрекетін біріктіреді. Әртүрлі іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барасы да сан-қилы болады.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап теіп отыр.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл санысында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой –санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша отырып, оның ңәрекет ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырсы, ол шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.

Шығармашылық әрекеті балалардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекетконцерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік жіне ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін атайды.

Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қасиеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.

Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі текәлеуметтік факторларға емес, табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармышылықтың белгілірінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешебілу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.

Балалардың бос уақытында эстетикалық талғамын арттырып, шығармашылыққа баулитын жұмыстардың бірі –боямақтар бояу.

М ысалы, жан-жануарлардың суреттері, заттардың суреттері, балалардың қызықты оқиға кезіндегі суреттері, тағы да басқа көптеген суреттер балаларды қатты қызықтырады. Боямақтар қызықтырып қана қоймайды, ол балаларды шығармашылық әлеміне сүңгітіп жібереді. Бояу арқылы балалар біріншіден түр-түстерді ажырата білуге уйренеді. Екіншіден қиялдай білуге үйренеді.















Бастауыш сынып мұғалімі: Асабаева Гүлназ



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі