Материалдар / Сыныптан тыс жұмыстар "Математика әлемі" 5 - 6 сыныптар

Сыныптан тыс жұмыстар "Математика әлемі" 5 - 6 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
5-6 сынып оқушыларының математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету; Логикалық ойлау қабілетерін дамыту; Жан-жақты білімділікке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2019
738
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Математика әлемі» сайысы
Мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының математика пәні бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету; Логикалық ойлау қабілетерін дамыту; Жан-жақты білімділікке баулу.
Сайыс барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым! «Математика әлемі» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер. Мұнда сіздер математикалық жұмбақ есептердің, ребустардың, викториналық сұрақтардың куәсі боласыздар.

Сайысымызға 2 топ қатысады. 1-топ «Алғырлар», 2- топ «Тапқырлар»
Енді осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасымен» таныстырып өтейін.

  1. Математика пәні мұғалімі: Аязбаева Асемгул

  2. Физика пәні мұғалімі: Ілияс Лариса

Сайыс кезеңдері:

І. «Топтық таныстыру»

ІІ. «Кім жылдам?» (топтарға сұрақтар беріледі)
Шабыт тасып, шалқысын

Көңілді кеш жасайық

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ, есеп бәрі бар

Білімдеріңді сынайық

ІІ. «Кім жылдам?» сайысы топтарға сұрақтар беріледі. Әр тапсырма 10 ұпайдық баллмен бағаланады.
1.Киноға бес бала келе жатты. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше адам келе жатыр? /5/
2.10 үйрек ұшып бара жатты, аңшы 1 үйректі атып алды. Неше үйрек қалды?/1/
3.Отбасында 2 бала бар. Марлен Ардақтың ағасы, ал Ардақ Марленге іні емес. Сонда Ардақ кім? /қарындасы/
4.Жарас Ақылбектің баласы, ал Ақылбек Кәрімнің баласы. Жарас Кәрімге кім болады? /немересі/
5.Бұзау бір аяғымен тұрғанда 50 кг тартады, егер 4 аяғымен тұрса, ол қанша кг тартар еді? /50кг/
6.Жолға екі бала шығып,2 теңге тауып алды.
Олардан соң және 4 бала шықты. Олар неше теңге тауып алады? /0/
7. Пойыздың 10 вагрны 15 км жол жүрді. Сонда олардың әрқайсысы неше км жол жүрді? /15 км/
8. 8 картоп 4 минутта піседі. Ал 10 картоп неше минутта піседі? /4 мин./
9. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? /5/
10.Бүгін жұма, бүрсігүні қандай күн? /жексенбі/
11.Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин бар. Үстел үстінде барлық көкөніс қанша? /7
12. 31 ақпан күні не болып еді?/ 31 ақпан болмайды/
13. Суға қай , қандай жағдайда кесіп алуға болады? / судың беті қатып қабыршықтанып қалса/
14. Үстелде 4алма жатыр. Бір алманы 2-ге бөлсе, үстелде неше алма бар деп саналады? /4

ІІІ. «Кім тапқыр?» кезеңі . Берілген парақ қағазда 4 қатар кез келген әріптер жазылған. Соның ішінен математикаға байланысты 6 сөзді тауып астын сыз.

ІҮ. «Математикалық лото» кезеңі Екі топтың тапсырмасы
?32 ?
17 46 ?

+ = 78
- =15
+13=30
Ү. «Жұмбақтар шешу» кезеңі

1 топ Сәуле шашып маңайға

2топ Үш бауырдың біреуі

Үш шырағы жанып тұр.

Үнемі алда жүреді.

Кезекпенен жағылып,

Соңынан қуған екеуі

Бағытқа жол салып тұр.

Белгісіз қашан жетері. /бағдаршам/ /3 дөңгелекті велосипед/
Төрт аяғы астауда,

Екі қарын, төрт құлақ

Бұдан артық нас бар ма?

Бұл не? /торай/ /жастық/

ҮІ. «Шифрды шеш» кезеңі
+ 1 3 5 7 9
20 е п м н т
50 р а к қ о
Мысалы , 29, 59, 57 29-т, 59-о, 57-қ тоқ

55,21,23,29,21,51 (кептер) 25,21,55,29,21,23 (мектеп)

ҮІІ. «Әр түрлі фигуралардан сурет сал» Ой сананы арттыру, Бүгінгі күн талабы. Біле білсең бұл дәуір Математика заманы.
ҮІІІ. «Сиқырлы таяқшалар» кезеңі Шаян жоғары жылжып барады, 3 таяқшаны қозғап, шаянды төмен қарай жылжыт.
ІХ. «Ерекше эстафета» Көрермен 1 сынып оқушыларына тапсырма Цифрларды өсу ретімен қою керек .
Х. «Сәттілік кезеңі» топбасшылар сайысы Дүниедегі құбылыстың мәнін Табиғаттың қозғалыстың бәрін де Мүмкін емес есептерсіз түсіну Есебіңіз-дүние кілті әлі де.
Топ басшыларының ұтқырлығы, жылдамдығы сынға түседі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ