400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс."Тәуелсіздік- бақ бүгінгі маңдайдағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс мерекелік шара өткізілді. Сабақ өте қызығы мол , тартымды сабақ өткізілді. Мұғалімдер қатысып, жақсы деген баға берді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- бақ бүгінгі маңдайдағы.»

Барысы:

«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бақ бүгінгі маңдайдағы » атты мерекелік әдеби- кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Адаев Ғабит Аманғалиұлына беріледі.

2-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!


Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

№ 6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің көркем өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

ӘН: хор. Жайнай бер Қазақстаным . Орындайтын 1кл оқушылары.

Оқушылар сәлемдемесі (9 оқушы)

1 оқушы:

Егеменді елім менің еңселі,

Құрмет тұтам бұл өмірде тек сені.

Жиырма жеті жасқа толып қалған бүгінде

Алла сенен алыстатсын тіл – көзді.


2 оқушы:

Құтты болсын ,жиырма жеті жылдық тойымыз,

Асқақтасын арман, тілек ойымыз.

Әрқашан да бірге өзіңмен алысқа,

Жүре берсек бола берсін жолымыз.


3 оқушы

Мақтанамыз Елбасымен ардақты,

Тани білген ақылымен жан – жақты.

Аман болсын ел ағасы елімнің,

Күндіз- түні ойлай білген халықты.


Тату болсын , сөгілмесін іргеміз.

Мәңгі бақи біз өзіңмен біргеміз.

Шұбарланбай ендігәрі біздерде

Жасай берсін, дами берсін тіліміз.


4 оқушы:

Тәуелсіз ел биік болсын тұғырың ,

Деп тілейді мынау сенің ұл- қызың.

Жаса мәңгі , жайнай берсін жарқырап,

Жана берсін, көк аспанда жұлдызың!


5 оқушы:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!


6 оқушы

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,

Желтоқсанның жастары салды бар күшін,

Қанын төгіп, жанын қыйды аямай,

Жанын қиды елі менен жері үшін.


7 оқушы:

Байлығы мол байтақ жерім кең,

Дүниедегі елу елмен керегең тең,

Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі

Барлығы қосылып

Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!


ӘН: Тәуелсіздік әні. Орындайтын. 3 класс оқушылары.

1-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


ӘН: Хор . Тәуелсіз ел ұланы. Орындайтын. 2 класс оқушылары.

2-жүргізуші:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

ӘН:

1- жүргізуші:

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,

Туды күнім әділетті арлы шың.

Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып

Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!


Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.


ӘН:

2-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.


Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

ӘН:

1-жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.


Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

ӘН: Желтоқсан желі

2-жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

Қарсы алыңыздар ортада 5 кластың «Жас жұлдыздар» бишілер тобы:

1-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

ӘН:


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.


Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

ӘН:

(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі


Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

2 жүргізуші бірге айтады:

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- бақ бүгінгі маңдайдағы.» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі