15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс.«ТІЛ- ТӘУӘЛСІЗДІК ТІРЕГІ» атты «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Тақырыбы «ТІЛ- ТӘУӘЛСІЗДІК
ТІРЕГІ» атты «Білім
биржасы» зияткерлік
ойыны
Мақсаты
Білімділік:Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау
қабілеттерін қалыптастыру.Қазақ тілі мен әдебиетінен алған
білімдерін еске түсіріп, тиянақтау; Өз білімімен, ақыл-ойымен,
эрудициясымен ерекшеленген трейдерлерді қалыптастыру
Дамытушылық:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,
қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін
дамыту.Сөздік қорларын байыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тест тапсырмалары, жауап парақтары.
Техникалық құрал: компьютер, интербелсенді тақта
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас
өрендер!
«Білім биржасы» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Бұл ойында 7 «а» , «ә» сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.
Ендеше ойын шартымен таныстырсақ:
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 5 кезеңнен
тұрады.
1-кезең. Білім байлығы сауадаға түсер аукционымызды бастамас бұрын қоржынымызды қаржымен толықтырып аламыз. Ол үшін әр топқа алты сұрақтан оқылады, сұраққа жауап беріледі. Әр дұрыс жауап 10 теңге
2-кезең. Білім аукционы.
Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс
жауап беру арқылы өз ақша қорын
көбейтеді.
3-кезең. «Эрудиттер сайысы». Әр
топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша
жинайды.
4-кезең. Таңдау – табыс. Әрбір
таңдаған сан бойынша берілген тақырыпқа эссе
жазады.
5-кезең. Сыйлықтар аукционы.
Жинаған ақша қорын сыйлықтарға
айырбастайды.
«Бірлік » тобы.
Ұраны:
«Дрстық»
тобы
Ұраны: .
Әр топтың жинаған капиталын есептеп отыратын экспертпен танысып
алайық (Экспертті таныстыру).
1-кезең.«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы сауадаға түсер аукционымызды бастамас бұрын қоржынымызды қаржымен толықтырып алайық. Ол үшін әр топқа сегіз сұрақтан оқылады. Әр дұрыс жауап 10 теңге.
Сұрақтары:
1. ҚР қашан
тәуелсіздік алды? (1991 ж.
16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
(Тоқтар Әубәкіров).
3.Қазақ
тілі
алғаш мемлекеттік тіл
мәртебесін
қай жылы алды?
(1989).
4.
Абайдың
туған жылы?
(1845).
5.Әнұран авторларын кім?
(сөзі:
Ж.Нәжімеденов,
Н.Назарбаев, әні:
Ш.Қалдаяқов)
6.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
7.Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)
8.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)
9.Елтаңбаның авторларын ата. (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
10. «Қазақ хрестоматиясын»
жазған кім?
(Ы.Алтынсарин).
11. Күй атасы кім?
(Құрманғазы).
12. «Орфография»
қай елдің сөзі? (герк).
13. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
(түркі тілдес).
14.ҚР
Конституциясы қай
жылы қабылданды? (30
тамыз1995ж.)
15.Тудың авторын ата. (Ш.Ниязбеков )
16.Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
1. Аукцион шартымен таныс
болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша
бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қоржынында ...теңгеден
бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз
қолдарыңызда.
Аукционға дүниетану пәнінің тараулары қойылады. Кезең бойынша
сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден
жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер
дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап
айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту:
егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда
– банкрот, өкінішке орай, ол топ қарыз болады.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік –
сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет
Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, сайысымызды
бастайық.
2- кезең «Білім аукционы»
Тақтада 1-ден 6-ға дейінгі сандар
орналасқан. Әр топ ретімен кез-келген санды таңдайды. Ол санның
артында сұрақ жасырылған. Сұраққа дұрыс жауап берсе, қорларына
қойған бағалары түседі. Егер дұрыс жауап бере алмаса топ қорларынан
сол баға шегеріледі.
1.2009 жылы 20
қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты
бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы- еліміздің
тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев. Бұл -ғасырдан ғасырға , атадан
балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтік биіктігі 91
метр.
Сұрақ: Монумент қалай аталады?
Жауап: Бұл монумент «Қазақ елі» деп аталады.
2.Қазақстанның жер көлемі Батыс Европадағы ең ірі деп
есептелетін Франциядай 5 мемлекеттің немесе Ұлыбританиядай 11
мемлекеттің, Жапониядай 17 мемлекеттің жерімен
пара-пар.
Сұрақ: Қазақ жері қанша шаршы километр аумақты алып жатыр?
Жауап: 2,7миллион шаршы км ( 2724,4 мың шар¬шы
км).
3. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан
денелері айналып жүреді. Олар өздерінне жарық шығармайтын салқын
денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап
көрінеді. Олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің
шағылысуынан.
Сұрақ: Бұл денелер қалай аталады?
Жауап: Бұл денелер планеталар деп аталады. Грек сөзінен аударғанда
жұлдыз деген мағына береді.
4. Бұл қала 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы болған.
Бұл қаладан Мадина Садуақасова, Алмас Кішкенбаев, Батырхан Шөкенов
сынды тагы да басқа атақты адамдар шықты.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Жауап: Бұл-Қызылорда.
5.Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы
ғарышқа ұшты?
Жауап:Тоқтар Оңғарбайұлы
Әубәкіров (27
шілде 1946
жыл, Қарқаралы
ауданы, Қарағанды
облысы, Қазақстан)
6.Тәуелсіздік күні қай күн?
Жауап: 16
желтоқсан
3-кезең. «Эрудиттер сайысы». Әр
топ тест тапсырмаларына жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша
жинайды.
1.Елді кім
басқарады?
А) Парламент; Ә) Президент; Б) Премьер-министр.
2. Қазақстан Республикасы қай құрлықта орналасқан?
А) Еуразия; Ә) Африка; Б) Австралия.
3.Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?
А) Көршілер; Ә) Достар; Б) Туысқандар.
4.Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың симфолы.
А) Хан шатыры; Ә) Қазақ елі Б) Бәйтерек.
5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай
қаласында?
А) Астанада; Ә) Алматыда; Б) Көкшетауда.
4-кезең. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған сан бойынша берілген тақырыпқа эссе жазады.
1.Тәуелсіздік – тұғырым
2.Тіл- қазына
3.Менің елім – Қазақстан
4.Ана тілім - айбыным
5-кезең. Сыйлықтар аукционы.
Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға
айырбастай аласыздар. Әр сыйлыққа жұмбақ жасырылған, жұмбақтың
жауабын дұрыс шешіп,ол сөздің орысша,ағылшынша баламасын дұрыс
айтсаңыз – сыйлық сіздікі. Бағасы – ...
теңге.
Қорытынды:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын –
бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан
жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей
зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне
берейік.
Бүгінгі зияткерлік сайсқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Топтарды
марапаттау)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы уақытта Қазақстан Республикасының
«Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу»
стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты
шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді
маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген
Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын
аяқтаймыз.
Білім алудан кеш
қалмаңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген