Сыныптан тыс жұмысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмысы. Ғажайыптар алаңы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің №11 ЖОББМ КММ












Ғажайыптар алаңы


Сынып: 7 А, 7 Б, 7 В.

Ұйымдастырған: Математика пәні мұғалімі Нурмагамбетова А.С.

Информатика пәні мұғалімі Мукашева Г.К.

Физика пәні мұғалімі Садвакасова Г.М.

























2023 Семей



Тақырыбы: «ҒАЖАЙЫПТАР АЛАҢЫ» интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

Оқушылардың оқуға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке баулу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.

Ойын барысы:

І Ұйымдастыру

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда, - дегендей, біздің бүгінгі «Ғажайыптар

алаңы» атты ойынымызға қош келдіңіздер.

Ойын ережесімен таныстыру:

Плюс — ойыншы кез келген бір әріпті аша алады (егер бұл әріп бірнеше рет қайталанылса барлығы да ашылады).

Б – жиналған ұпайлары күйіп кетеді.

Сыйлық — ойыншы жүлдеден бас тартып, ойынды жалғастыра алады және де жүлдені алып ойыннан шыға алады.

  • Балалар, егер ойын шартымен таныс болсақ, алғашқы 1 кезеңіне жол берейік

  • Балаларды ортаға шақырамыз.

7 А сынып оқушысы: Айым

7 Б сынып оқушысы: Али

7 В сынып оқушысы: Айзада

Алғашқы үштік ойыншыдарымызға арналған сұрақ:

  • Ақын жанды болмасам, математик бола алмас едім деп айтқан математик? ? КОВАЛЕВКАЯ (10 әріп)

  • Сонымен балалар І кезеңнің жеңімпазы Алиді құттықтаймыз!

  • Енді, екінші кезеңіне көшсек:

7 А сынып оқушысы: Ақбота

7 Б сынып оқушысы: Аяжан

7 В сынып оқушысы: Алинур

Екінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

  • Тіл нысандарын яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын –ала анықтайтын сөйлемдер жиыны? СИПАТТАМА(10 әріп)

  • Балалар ІІ кезеңнің жеңімпазы Ақботаға қошемет көрсетейік!

7 А сынып оқушысы: Ерұлан

7 Б сынып оқушысы: Ділдә

7 В сынып оқушысы: Нұрай


Үшінші үштік ойыншыларымызға арналған сұрақ:

  • Жердің дәл шар еместігін сыртқа шықпай үйде отырып ақ, қалам ұшымен дәлелдеген ғалым? НЬЮТОН (6 әріп)

Оқушылар, үш кезеңнен сүрінбей өткен дарындыларымызға сәттілік тілеп, ақтық сайысты бастаймыз:

Сонымен ақтық сайыстың қатысушылары:

  • Али

  • Ақбота

  • Нұрай

«Ақтық сайыс» сұрағы:

  • Адамың дене мүшелері арқылы 33 ке дейінгі санды өрнектей алатын автралиялық жабайы тайпалар мекендейтін бұғаз? (ТОРРЕС) 6 әріп

Оқушылар, бүгінгі сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңіске жеткен Ақботаны қошеметтейік және де «Супер ойын» сұрағы: Алғаш алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған ғалым? (БРАНА ГЕННИНГ) 12 әріп

«Ғажайыптар әлемінің ДАРАБОЗЫ» --------------------------- құттықтаймыз!!!

Бүгінгі ойынға қатысып, өз білімдеріңізді сынаған қатысушыларға алғыс білдіреміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі