400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс мерекелік іс-шара "Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1. Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Дәстүрге айналған күз мерекесі де келіп жетті.

Күз адам баласына молшылық,береке әкелетін мезгіл.Сондықтан болар адамдар күзге берекелі күз,алтын күз деп баға берген.Біріншіден айналаның бәрі сап-сары алтындай бояуға малынған,екіншіден алтын байлықтың белгісі.Екеуін астастырып «Алтын күз» деп атаған.

Міне, бүгін бастауыш сыныбы 3 «А», 3 «Б» оқушыларының ұйымдастыруымен «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

2.Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Бүгінгі күз кешіне,

Би билейік бәріміз – деп, «Күзгі вальске» шақырамыз.

3.Табиғат- тіршілік,сұлулықтың таусылмас көзі.Табиғат ерекшелігінің өзі сол төрт мезгілге бөлінуі.Төрт мезгілдің бірі – күз.Күз келсе – біз сары,қызыл жапырақтарды тамашалаймыз,қыс түссе аппақ қармен ойнаймыз.Біздің балалар күз туралы не айтар екен тыңдап көрелік. Мейіржан,Жананды қарсы алыңыздр.

4.Жұмахан Аяланың көркем гимнастикадан өнерін тамашалаңыздар !Келесі тамашалайтындарыңыз. Спорттық күш жұмсай орындалатын ,дене шынықтыру жаттығуларынан үзінді.

5. «Орманшының баласы» атты көрінісін тамашалаңыздар.

6.Ақын ағаларымыз әр жыл мезгіліне арнап әдемі өлеңдер жазған.Күз мезгілінің де ерекшелігін ашатын өлең жолдарын тыңдап көрелік.Ақерке,Назерке,Еркеболатты қарсы алыңыздар.

7.Ән салыңдар келіңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ,ойнайық –«Жаяу» - биін қарсы алыңыздар!

8.Қуандырып біздерді.

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз, -дей келе, өлең жолдарын тыңдайық.Айкүміс,Рашидты қарсы алыңыздар..

9.Ән саламыз,би билеп.

Тақпақтыда жаттаймыз,

Үйренеміз бір-бірлеп.

Текке қарап жатпаймыз, - «Тамшылар» әнін тамашалайық!

10.Берекесін сыйлауға.

Өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға.

Шақырады біздерді, - көрініс «Жемістер».

11. «Осенние краски » әнін қабыл алыңыздар.

12.Күз-бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір.Күз-адамзаттың сағыныш айы.Мектепке асыққан оқушының сағынышы,қара жерге асыққан жапырақтың сағынышы,бойжеткен мен бозбаланың махаббат сағынышы.Сондай «күз» мезгілін жеткізетін оқушылардың өлеңдерін тыңдап көрелік.

13.Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта,

Қап-қап қауын алдық біз,-деп «Қырманға кел қалқатай» биін қабыл алыңыздар.

14.Видеоға назар аударайық.

15.Күз туралы әдемі өлең жолдарына кезек берейік. Айсұлу,Мәди,Айдананы қарсы алайық.

16.Жестік ән.

........ орындауында « » әнін тыңдаңыздар.

17.Би (үлкен сынып)

18.Адам көркі шүберек

Ағаш көркі жапырақ,-демекші күз белгісін бейнелейтін «сән үлгісіне» кезек берейік.Қарсы алыңыздар!

19.Ән «Құстар қайтып барады» .

« Мың алғыс саған алтын күз» - деп күзге айтарымыз, берер сыйың жылдан-жылға көп болсын,елде тыныштық болсын деп тілей келе сөз кезегін мектебіміздің директоры Ж.З.Жақыпбайқызына беріледі.

























































1.Жүргізуші сөзі

2.Вальс

3.Тақпақ: Мейіржан,Жанан.

4.Көркем гимнастика

5. Көрініс :«Орманшының баласы».

6.Тақпақ: Ақерке,Назерке,Еркеболат.

7.Би: «Жаяу».

8.Тақпақ: Рашид,Айкүміс.

9.Ән: «Тамшылар».

10.Көрініс: «Жемістер».

11.Жест әні: «Осень».

12.Тақпақ :Ерасыл,Әсем,Алинұр.

13.Би :«Қырманға кел қалқатай».

14.Видео 3 А,3 Б.

15. Тақпақ: Айсұлу,Мәди,Айдана.

16.Жестік ән.

17.Би үлкен сынып.

18.Сән үлгісі.

19.Құстар қайтып барады.





Тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Мақсаты:1.Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыра отырып,жыл мезгілдері туралы білімдерін одан ары кеңейту.

2.Есту қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту,сөйлеу тілін дамыту.

3.Балаларды табиғатты қорғауға,оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Қонақтармен амандасу:

Амансың ба ,ашық күн,

Амансың ба,көк аспан,

Амансың ба,туған жер,

Амансың ба ,ел жұртым,

Тыныштықты тілеген,

Амансың ба,достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Амансыздарма қонақтар!

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Фонетикалық жаттығу.

Қазір фонетикалық жаттығу жасаймыз.Бүгін бізде кезекші дыбыс «Ж» дыбысы.

Жа-жо-жу

Ажа-ажо-ажу

Жаңғақ,жалау,жұмыртқа,ожау,Қожа,көжек.

Жаңғақ сондай қатты,

Және сондай тәтті.

Ал жұмыртқа қуыс,

Іші толған уыз.

2.Ұйымдастыру кезеңінің сұрақтары:

- Қанша жыл мегілі бар?

- Саған қай мезгіл ұнайды?

- Бір жылда неше ай бар?

- Қазір қай ай?

- Қаңтар қыстың нешінші айы?

- Күзден кейін қай мезгіл болады?

Жақсы,бүгін біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдеріне саяхат» деп аталады.

  • Тәрбие сағатымыздың тақырыбы не деп аталады?

  • Жыл мезгілдеріне саяхат деп аталады.

  • Саяхатқа баруға дайынбызба?

  • Иа,саяхатқа дайынбыз!

Олай болса, саяхатқа бармас бұрын мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын,ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып айтасыңдар.Тыңдаймыз.

3.Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

  • Қыс мезгілі.

  • Балалар қыс мезгіліне саяхатқа келдік.Қыс мезгілінің бізге тапсырмалары бар екен.Тест сұрақтарына жауап беру.

Тест сұрақтары:

1.Қыста қандай мейрам болады?

А) жаңа жыл

Ә) наурыз мерекесі

Б) аналар мерекесі

2.Қыста ауа-райы қандай болады?

А) күн суық болады

Ә) күн ыстық болады

Б) жаңбыр жиі жауады

3.Қыста ұйықтайтын аң:

А) түлкі

Ә) қасқыр

Б) аю

4.Қысқы демалыс қанша күн болды?

А) 20 күн болды

Ә) 10 күн болды

Б) 15 күн болды

5.Қыста қыстайтын құс:

А) қарға

Ә) қарлығаш

Б) аққу

6.Қыс айларын тап:

А) маусым,шілде,тамыз

Ә) наурыз,сәуір,мамыр

Б) желтоқсан,қаңтар,ақпан

7.Қыстан кейін қай мезгіл болады?

А) жаз

Ә) көктем

Б) күз

8.Қысқы демалыс қашан аяқталды?

А) 28 желтоқсанда

Ә) 30 желтоқсанда

Б) 20 желтоқсанда



Қыс мезілі туралы тақпақ.

Жапалақтап ала қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.



4.Келесі жұмбақ-өлеңді тыңдаймыз.

Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен.

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

Көктем мезгіліне саяхатқа барамыз.

  • Мынау қай мезгіл?

  • Көктем мезгілі.

(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады,сурет арқылы әңгімелету.)

Көктем мезгілінің тапсырмасы,сөзжұмбақ шешеміз.

1.Жұмыртқа баспайтын құс: (көкек)

2.Көктемде пайда болатын жәндік: (көбелек)

3.

4.

5.Көктемгі алғашқы гүл қалай аталады? (бәйшешек)

6.Көктем айы: (мамыр)

Көктем мезгіліне байланысты қандай тақпақ білесіңдер?

Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай.

Көктемде жаңбыр жауады,

Бақшаға гүлдер толады.

5. «Тірі және өлі табиғат » ойыны. «Тірі және өлі табиғат» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар,ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңды топылдатасыңдар.

- қарлығаш (қол шапалақтау)

- тау (аяқпен топылдату)

- ағаш (қол шапалақтау)

- күн (аяқпен топылдату)

- қоян (қол шапалақтау)

- су (аяқпен топылдату)

- гүл (қол шапалақтау)

- жер (аяқпен топылдату)

6.Енді келесі жұмбақ- өлеңді тыңдаймыз.

Қойының толы жеміске,

Көк майсалы егіске.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)



Жаз мезгіліне саяхатқа кеттік.

(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады,сурет арқылы әңгімелету.)

Қазір ойын ойнаймыз.Ойынның аты «Балық аулау» деп аталады.Балық аулау арқылы сұрақтарға жауап береміз.

1.Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?

2.Жаз айларын ата:

3.Жазда ауа-райы қандай болады?

4.Жазғы демалыс неше ай болады?

5.Жазғы демалысқа қашан шығамыз?

6.Жазда балалар не істейді?

7.Жазғы демалыста қайда барасың?

Жаз мезгіліне байланысты кім тақпақ айтады?

Жазда жетті асығып,

Балаларды қуантып.

Жаз келді деп еліміз,

Қуанды байтақ жеріміз.

7.Соңғы жұмбақ – өлеңді тыңдаймыз.

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын.

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Қазір балалар фазл құрастырамыз.Күз мезгілінің суреті шығады.Күз мезгілі туралы оқушылар әңгімелеп өтеді.

Күз мезгіліне байланысты тақпақ.

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет,тамаша,

Қандай әсем күз.

8.Қорытынды.

- біз не істедік?

- қайда саяхаттадық?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі