Күні: 28.10.2015 жСынып: 5 «ә»Пәні: МатематикаСабақтың тақырыбы: Мың бір мақал,жүз бір жұмбақСабақтың мақсаты:1)Оқушылардың білімдерін ,білік дағдыларын кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру.2)Оқушылардың зейінін ,логикалық ойлау қабілетін дамыту.3)Оқушыларды ізденімпаздылыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі:Cайыс сабақСабақтың көрнекілігі:Нақыл сөздер,буклет т.б Барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Іріктеу кезеңі(логикалық сұрақтар) 3.Кім көп біледі (мақал-мәтел сайысы)4.Кім жүйрік (жаңылтпаш айту)5.Ойлан тап (жұмбақ айту)6.Қорытынды.Мұғалім:Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер, дей келе бүгінгі « Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ» атты сайысымызды бастаймыз.Бүгінгі сайыстың әділ шешімін айтатын әділ қазымызды сайлап алайық.1.Қазақ әдебиет пән мұғалімі: Ж Шыныбекова,1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеп,сайысымыздың шарттарымен таныстырам , яғни әрбір кезеңде ең аз бал жиған оқушыны ойыннан шығарамыз2.Іріктеу кезеңінің сұрақтары:1.Ең кіші жай санды ата? (2)2.5 таяқтың неше ұшы бар? (10)3.1 сағатта неше минут бар?(60)4.9 санымен аяқталатын сан берілген,ол 200ден артық 210-нан кем.Берілген санды тап?(209)5.Қандай санды 6 есе кемітсек 6 шығады?(36)6.Столдың 4 бұрышы бар,егер 1 бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады.?(5)7.1 км де неше метр бар?(1000м)8.2 жұмыртқа 3 минутта піседі,ал 1 жұмыртқа ше ? (3)9.81-71?(10)10.Әкесі 45 жаста,баласы 16 жаста.Әкесі баласынан неше жас үлкен(29)11.1дм неше см бар?(10)12.5 санымен аяқталатын сан берілген, ол 300 ден артық,310 нан кем.Берілген санды тап?(305)13.6 пар ат 30 км-ге шапса,әр ат неше км –ге шапқан?(30)
Мұғалім : Ал,балалар ,балалар. Мақал –мәтел айтайық Асулардан асайық, Білім шыңына біз жетейік. Кедергіні жеңейік.Бұл кезеңінде « Кім көп біледі» сандармен берілген мақал-мәтел айтып жарысады.Оқушылар: - 2 жақсы қас болмас,2 жаман дос болмас. - 7 атасын білмеген жетесіз- Білекті бірді жығады ,білімді мыңды жығады.- Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.- 5 бармақ жұмылса жұдырық болады. - 30 тістен шыққан сөз 30 рулы елге тарайды.- 100 теңгең болғанша, 100 досың болған артық.Мұғалім :Білімнің ұшқырлығын танып сен,Асып-тасып,асықпа, қалыспа сен.Уақыт деген зымырап ,зулап жатырТапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен - дей отырып ендігі кезекте «Кім жүйрік» анықтау үшін жаңылтпаш айтамыз.1.Рационал сан,иррационал санИррационал сан, рационал санБіріккен сан,болған санНақты сан деп аталған сан2.Шеңбер,шеңбер доп емесДоп сияқты,доп емесДоп деп, доп деп шеңбердіОйлама шеңбер ол емес3.Айқыш бұрыш, айқыш бұрышТең-тең бұрыш,тұтас бұрышТұстас бұрыш, тұстас бұрышСәйкес бұрыш,құрған бұрышЖазыңқы бұрыш,құрған бұрышМұғалім: Ал кәнекей балалар,Құлақ салшы сөзіме.Сұрақ берсем берейін,Жұмбақтардан өзіңе – деп, келесі кезеңде. «Ойлан тап» жұмбақ шешу1.Бес бұтақты ағашта,Бұтақ сайын бес алма.Біреуін бер алашқа,Қалады сонда қанша алма?(24)2.Біз санбыз ......Сызықпыз бөлінген.Математиканы ұқпас адамға,Құбыжық боп көрінген.Дұрыс,бұрыс,аралас,Ондық болып бөлінген (бөлшек сан)3.Доп емес,дөңгелек емесҰқсас бірақ достарым.Тыңда ол ең негізгі,Дәл жауапты қостадым(шеңбер)4.Бірдей санды бірнеше рет.Көбейтуден тұрады.Егер оны ықшамдасаң,Қандай атау болады?(дәреже)5.Алды артымыз тексіз де,Жете алмайсың біздерге.Сәуле менен кесінді,Шыққан тегін білсін де(түзу)6.Қос құлақты жүз тісті,Жүзінен бірақ із түсті (ара)7.Жүз мүйізі бар,үстінде киізі бар (киіз үй)8.Басқа кисең бөрік,сәнді сұлу көрік (конус)Қорытынды:Мұғалім:Ең бастысы,орын емес жарыстаТерең білім,жеңу шарты сайыста.Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,Өмірде де жетерің хақ ,табысқа-дей отырып бүгінгі « Мың бір мақал ,жүз бір жұмбақ» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
« № 123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: Калибекова Г2015-2016 оқу жылы