400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс психологиялық сабақ "Жан жылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқитын оқушылармен өтілетін іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Азнахунова Гульзана Ибраимжановна

Педагог-психолог

«Жан жылуы» атты жабылу кешінің іс-шара жоспары



Іс-шараның атауы

мазмұны

Жауапты

1

Ашылуы

Іс-шараның мақсаты мен мазмұнымен таныстыру

Г.Азнахунова

2

Іс –шараның барысы жайлы айту

Онкүндікте атқарылған іс-шаралар жайында видео ролик көрсету, қысқаша айту

Г.Азнахунова

3

Кештің қонақтарын таныстыру,

Қатысушылар жайлы мағлұмат беру

Г.Азнахунова

4

Тыныштық сәті

Қатысушылармен тыныштық сәтін өткізу

Г.Азнахунова

5

Тапсырма : «Анаға арналған гүл шоғы»

Кештің қонақтары аналарына арнап гүл шоқтарын жасайды

Қатысушы оқушылар

6

Ән шашу

Гүл жасап отырып ән тыңдау

Есен Әділет

7

Сиқырлы сандықша тапсырмасы

Жасырынған текшелердегі жануарлар жайлы мағлұмат беру

Қатысушы оқушылар

8

Жүректен жүрекке әдістемесі

Кешке қатысушылар жүректер жасап , бір-біріне жақсы тілектер айтады

Қатысушылар, өзін-өзі тану мұғалімдері

9

Шаттық шеңберін жасау

«Жан жылуы »әнін айту

Қатысушылар



Тақырыбы: Жан жылуы
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.- Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Қайырымдылық қарым - қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
- Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Жауқазын гүлдері, әдемі жүрекше, видеосюжет, проектор, слайд, бейджиктер, баяу музыка.

Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме, менің қымбатты достарым. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
- Біздің бүгінгі сабағымыз «Жүрек жылуы» деп аталады. Олай болса, шаттық шеңберіне тұрайық.

Жан-жағына нұр шашып 
Арайлап жарқын таң атса, 
Жер бетінде жайқалып, 
Көгеріп өссе көк майса, 
Жүрегім жыли бастайды. 
Бүгін біздің кешімізге қонақтар келіп отыр. Қош келдіңіздер аяулы бүлдіршіндер!

Слайд арқылы таныстырп өту.


- Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды айналамызға шашып бөлісейік.
Тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып отырып, терең тыныс алыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Енді көз алдарыңа айтқандарымды елестетіңдер.
- Ашық аспан, қалықтаған құс, жайқалған қызыл - сары гүлдер, жайнаған бақ, жарқырап бар жылуын шашқан күн, биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балалардың қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, немерелерінің ақылдылығына риза болған әжелер. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа, қуанышқа толған жандарды көре отырып, осындай сезіммен көзімізді ашамыз.

-Балалар санаулы күндерден кейін көктем де келеді. Осы көктем мезгілінде айтулы мерекенің бірі аналарымызға арналады. Барлығымыз анамызды қуантқанды жақсы көреміз. Аналар жайлы бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңдер

-Анаң сені қалай еркелетеді?

-Анаңа не сыйлағың келеді?

-Анаңның қандай жақсы мінезі бар?

-Анаңның аты-жөні кім?

-Анаңа қандай тілек айтар едің?

Олай болса жүрегі анасына деген махаббатқа толы достарға біз сыйлық сыйлаймыз. Осы альбомның алғашқы суретін аналарыңа арнап гүл шоқтарын жасайық.

Ән: «Ана»

Ойын «Сен білесің бе?»

-Балалар енді біз сендермен қызықты ойын ойнайық. «Сен білесің бе?» деп аталады. Бұл ойынның шарты берілген текшелерді таңдау арқылы сол ұяшықтағы зат жайлы не білесің соны айтып беру.

Жүректен жүрекке әдістемесі

Берілген парақшалардан жүрекетер жасау
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

-Құрметті бүгінгі кештің қонақтары біз сіздерге алғыс айтамыз. Әрқашан ортамызда жайнап жүре беріңіздер. Бүгінгі кешке ат салысқандарыңызға көп рақмет.

Ән «Жан жылуы»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі