жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыныптан тыс сабақ. 1-сынып Ойнайық та, ойлайық
Н.Ахмадеева атындағы
№112 орта мектеп
Сыныптан тыс сабақ
Ойнайық та, ойлайық!
1 «Б» сыныбы
Сынып жетекші: Ляззат Базарбайқызы
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: Ойлайық та, ойнайық!
Мақсаты:
1. Білімділік: Сынып
оқушыларының пәндер бойынша білімдерін
саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең
білімді оқушыны анықтау.
2.
Дамытушылық:Оқушылардың ой
- өрістерін кеңейту, жұптық, топтық
тапсырмаларды орындау арқылы өз
мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
3.
Тәрбиелік: Оқушыларды
тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу,
болашаққа өз үлесін қоса алатын
ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті
тақта, кеспе суреттер.
Әдісі: Сұрақ
жауап, ой қозғау, сәйкестендіру.
Ұйымдастыру
кезеңі: Кіріспе сөз:
Жас
жүректе жанған шақ,
Талаптың аты
арындап.
Әр қиямға салған шақ,
Жастықтың
оты жалындап
- деп данышпан Абай келер
ұрпаққа терең ой тастаған.
Құрметті ұстаздар « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей «Ойнайық та, ойлайық!» тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Қайырлы күн,достар!
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Негізгі бөлім Сайысқа қатысатын оқушылар өз топтарын таныстырады. «Алғырлар» тобы
Күннің нұры сөнбесін, Ашық аспан,бейбіт күн. Жаңа ғасырда сөйлесін, Болашағы қазақтың. «Білгірлер» тобы Келешегі қазақтың Басталады біздерден. Жақсы білім көрімдік Болсын сізге халайық ! «Тапқырлар» тобы Ойға толып санамыз Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің Тату болсын арамыз
Бүгін 1 «Б» сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең тапқыр оқушысын анықтамақпыз.
Әр топтағы оқушылардың дұрыс жауаптарына бір ұпай беріліп отырады. Сайыс соңында ұпай сандарын есептейміз.
Сонымен, балалар дайын болсақ, мен сендерге бүгінгі ойынның кезеңдерін айтып өтейін.
І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»
ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»
ІІІ айналым «Есепте»
ІV айналым «Төлдеріне қос»
Ойын шарттарымен таныс болдық , ендеше «Тездет, бірақ қателеспе!» І айналымға кезек берейік.
І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»
Шарты: «Тездет, бірақ қателеспе!» айналымындағы сұрақтар біз өткен тақырыптар бойынша беріледі. Сендер ойланып, тек дұрыс жауабын ғана айтасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Қане, ойын шарты түсінікті болса, бастайық. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін.
Сұрақтар:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2. Табиғат нешеге бөлінеді? 3. Кітапхана деген сөзде неше буын бар? 4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5.Бір аптада неше күн бар?
/Бір аптада жеті күн/
5. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?
6. 5 пен 4-тің қосындысы нешеге тең?
7. Ағылшын тілінде көк түс қалай айтылады?
8. Орыс тілінде ақ түс қалай айтылады?
9. 10-ға дейін ағылшынша сана. https://youtu.be/UGsI7-uf-Y0
10. Мына мақалды аяқта. /Ас атасы-нан./ Жарайсыңдар, балалар, ендеше бұл айналымның ұпай сандарын қорыта кетейік.
ІІ айналым «Ойлан, тап, құрастыр»
Бұл кезеңде сендер қима суреттерді құрастыра отырып топта әңгімелейсіңдер.
«Алғырлар» тобы. /Үй жануарлары суреттерін құрастырады/ «Білгірлер» тобы. /Үй жануарларының суреттерін құрастырады/
«Тапқырлар»
тобы. /Жабайы
аңдардың суреттерін құрастырады/
ІІІ айналым «Есепте»
Берілген тапсырмалар топта орындалып, екі оқушы қосындылар мен айырмалардың қалай орындалғанын айтып береді.
ІV айналым «Төлдеріне қос»
Оқушылар
тапсырманы екеуара сәйкестендіру арқылы
орындайды. Орындалған жұмыстар әр
топтағы оқушылардан сұралады.
Сабақты қорытындылау. Үш топтың жинаған ұпайлары мен сайысқа дұрыс жауап берген және белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген